Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Мектеп. Астанадағы РФММ директоры мектепте үйренген икемдері мен білім teacher center моделінен қайда ауысатыны туралы
2737

10.07.2018

Мектеп. Астанадағы РФММ директоры мектепте үйренген икемдері мен білім teacher center моделінен қайда ауысатыны туралы

Шынғыс Нұрланов, 31 жаста, туған жері — Өскемен, РФММ КЕАҚ филиалының директоры


Бұрын


Бірінші сыныпқа алты жасымда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауылында бардым. Сөмкем менен үлкен болды, ал мектеп үйден жеті километр қашықтықта орналасқан еді. Әжемнің қолында тәрбиелендім, анам кезекті ретте келгенде маған тым кішкентайсың деп, алып кетті. Кейін мені жеті жасымда Өскемендегі қазақ орта мектебіне берді.

20180608-WED_4702.jpg

Бастауыш мектеп кез келген адам үшін үлкен маңыздылыққа ие. Себебі дәл осы кезеңде негізгі икемдер қалыптасады: жазу, оқу білімділігі. Осының барлығын мектепке дейін әжем үйреткен еді, сол себепті сыныптастарымнан алда болдым.

7 сыныпта қазақ-түрік лицейіне оқуға түсіп, ол жерде 11 сыныпқа дейін оқыдым. Бұл мектеп-интернат, басқа балалармен бірге тұрдық, ол жерде әлі күнге дейін отбасымызбен араласып тұратын көптеген достарым пайда болды.

КТЛ-де ғылыми бағыттағы пәндер, яғни математика, физика, химия, биология ағылшын тілінде оқытылады. Лицейге оқуға түскен кезде тілді білу деңгейім орташа болды, кейін өзіме осы пәндерді еркін түсінетіндей деңгейге жетуді мақсат етіп қойдым. Осылайша ағылшын тіліне кірісіп кеттім, олимпиадаларға қатысып тұрдым. Сондықтан да бұл менің сүйікті пәнім, тағы химия, биология, информатиканы да ұнатамын.

Ол былай жауап берді: «Мүмкін бірнеше жылдан кейін сен оларды ұмытасың, бірақ сенде үйрену икемдерің қалатыны маңызды. Логарифмдерді қаншалықты оңай түсінсең, соншалықты қалған нәрселерді де түсінесің»


Тоғызыншы сыныпта мұғалімнен: «Бізге логарифмдерді білу не үшін қажет деп сұрадым?». Ол былай жауап берді: «Мүмкін бірнеше жылдан кейін сен оларды ұмытасың, бірақ сенде үйрену икемдерің қалатыны маңызды. Логарифмдерді қаншалықты оңай түсінсең, соншалықты қалған нәрселерді де түсінесің». Бұл икем lifelong learning — өмір бойы үйрену деп аталады. Қажет ақпаратты жедел табу, сараптау — бұл да мектепте үйренген икемдерім.

Кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Вашингтон университетіне, Сиэтл қаласына оқуға түстім. Қазір Назарбаев университетінде «Білім саласындағы көшбасшылық» мамандығы бойынша магистратурада оқып жатырмын.

Қазір


Оқу бітіргеннен кейін білім саласында жұмыс істеп келемін. «Болашақта», НУ-де, ҚР БҒМ-нің ақпараттық-сараптамалық орталығында, кәсіби техникалық жобаларының координаторы болған халықаралық ұйымда және қазір де мектепте жұмыс істеп келемін.

20180608-WED_4718.jpg

Біздің білім халықаралық трендтермен бірге дамып келе жатыр. ЭСДҰ-ның жетекші елдері қай бағытта дамыса да, біз де сондамыз. Білім саласында көптеген реформалар жүзеге асып жатыр, себебі қазіргі балалар бұрынғы балалардан қатты ерекшеленеді. Егер, олар техниканың жоғары деңгейде даму уақытында өмір сүріп жатыр деп айтсақ, онда оларға ментор келбетіндегі мұғалім қажет. Ол олардың нұсқаушысы болу керек.

Балаларға тұрақсыздық — қалыпты, бастысы өзіңді жоғалтпау керектігін үйрету қажет


Білім мазмұны балаларда қарым-қатынас дағдыларын дамытады, топта жұмыс істеуге итермелейді, қажет ақпаратты тез табуды үйретеді.

Біз өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз, бейімделе білу керек. Балаларға тұрақсыздық — қалыпты, бастысы өзіңді жоғалтпау керектігін үйрету керек.

Болашақта

20180608-WED_4725.jpg

Технологиялар оқу үрдістеріне тереңірек енеді. Қазірдің өзінде көптеген дамыған мемлекеттерде сабақтар онлайн жазылады. Егер бала ауырып қалса, ол үйде оқи алады. РФММ-де де kundelik сайтында балаларға арналған онлайн курстар бар.

Мектептерде teacher centered моделінен, яғни мұғалім басты назарда болғаннан student centered моделіне өтеді.

Және балаларды оқытудағы баса назарды теориялық білімдерге емес, икемдерге аударады


Көптеген білімдер мектептен кейін қажет емес жүк болып қалатындықтан, experiential learning маңызды. Тағы оны learning by doing деп атайды. Және балаларды оқытудағы баса назарды теориялық білімдерге емес, икемдерге аударады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу