Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Мектеп. Гаухар Киикова не себепті балалары ақш-та оқитыны және жай мектепке бәсекелестік не үшін қажет екені туралы
2873

12.07.2018

Мектеп. Гаухар Киикова не себепті балалары ақш-та оқитыны және жай мектепке бәсекелестік не үшін қажет екені туралы

Гаухар Киикова, 31 жаста,туған жері — Семей, балалар дамуының маманы, балалар, жасөспірімдержәнеата-аналаркоучы


Бұрын


Бала кезімде мектепке тезірек баруды армандайтын едім. Семейдегі ең үздіктердің бірі №6 гимназияға оқуға түстім. Мен эксперименталды сыныпта оқыдым және екінші сыныпқа көшудің орнына бірден үшінші сыныпқа көштік. Ал жетінші сыныптан кейін профильдер бойынша оқи бастадық, сабақ жүктемесі қиын болды, әр екінші дүйсенбі сайын 12 сабақтан өтетін. Бірақ оқу маған оңай болатын. Мен орыс тілі және әдебиеті пәндерінен олимпиадаларға қатысып тұрдым.

20180611-WED_7036.jpg

11 сыныпты аяқтағаннан кейін Flex бағдарламасы бойынша американдық мектепке оқуға кеттім. Сол кезде менің әлемім 180 градусқа өзгерді, себебі бұған дейін шетелдерде болып көрген емеспін, тек Алматы мен Павлодарда болдым. Бір жыл ішінде американдық мектеп Қазақстандағы туған мектебім туралы барлық естеліктерімді сыртқа шығарды.

Ол кезде АҚШ пен Қазақстан арасындағы білім айырмашылығы өте үлкен болды. Біріншіден, мен үшін балалар сабақтарды өздері таңдау еркіндігі таңғаларлық жайт болды. Әрине, математика, тарих, ағылшын тілі секілді міндетті пәндер бар. Бірақ тіпті олар ішінде де өзіңе қажет деңгейді таңдап алуға болатын еді. Әрқайсысы өз қарқынымен жүреді. Ал физика, химия, биология — бұлар science, яғни тек біреуін ғана таңдауға болады. Сол себептен, АҚШ-та біздегідей барлығы әмбебап емес, негізінен тар мамандандырылған мамандар.

Бір жыл ішінде американдық мектеп Қазақстандағы туған мектебім туралы барлық естеліктерімді сыртқа шығарды


Біздің жүйеде, тек қана Қазақстанда ғана емес, барлық бұрынғы КСРО елдерінде білім — күш деп айтады. Білім сіз оны қолданбағанға дейін күшке айнала алмайды. Ал іс жүзінде оларды қолдану мүмкіндігі ешқашан болған емес. АҚШ-тағы менің мектебімде парталардың артында зертхана орналасты, ол жерде кітапта сипатталған барлық үрдістерді көрдік. Кітаптан емес, өз көзімізбен көрген нәрселер ұнамау мүмкін емес.


Қазір


20180611-WED_7054.jpg

Балаларым да, қазақстандық мектептер де бір-біріне шыдамайтынын түсінемін. Әрине шішім бар — жеке мектептер, бірақ бастауыш білім мұндай ақша тұрмау керек деп есептеймін, бұл балаларым білімді АҚШ-тан алудың бір себебі. Балаларым үшін төккен еңбек терім босқа кеткенін қаламаймын. Сондықтан осы жылы жазда АҚШ-қа докторантура оқуына 5 жылға кетемін және де үлкен ұлым бірінші сыныпқа барады.

АҚШ-тың білімі ұнайды, себебі онда бес түрлі оқу жүйесі бар, олардың барлығы құқықтық: үйдегі оқу, қашықтық оқу және Монтессори жүйесі бойынша. Тағы маған американдық мектептерде спортпен айналысу үшін үлкен аумақтардың бар болуы ұнайды, мектептегі белгілі бір команданың мүшесі болу үшін бағаларды жақсы деңгейде ұстап тұру керек. Егер оқушы үлгерімі төмендеп жатса, оны командадан шығарады. Бұл мотивация, спортты қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты жақсы оқуың керек. Сонымен қатар, спорттық гранттар да беріледі, егер американдық футболда өзіңді жақсы көрсетсең, сені командаға алады және тегін оқу мүмкіндігіне ие боласың.

АҚШ-тың білімі ұнайды, себебі онда бес түрлі оқу жүйесі бар, олардың барлығы құқықтық: үйдегі оқу, қашықтық оқу және Монтессори жүйесі бойынша


Біздің мектептердің ең бір жаман жері — бұл балалардың әрқашан отыруы. Олар үнемі қозғалыста болатын жаста, ал бұны оларға тіпті қоңырау кезінде де жасауға тыйым салады.


Болашақта


20180611-WED_7054.jpg

Менің ойымша, мектеп өмірді үйрету керек: таңдауды қалай жасау керек, қалайша шығармашыл болу керек, өз әрекеттерің үшін жауапкершілікке тартылу секілді.

Басқа жол керек, мұғалім оқушылардан жоғары болмауы қажет, ол ментор, нұсқаушы ретінде болу керек. Менің ойымша, мұғалімдерді шектемесе, олардың өздеріне де жұмыс істеу қызық болар еді. Оларға кейбір сұрақтарды мектеп ішінде шешу үшін мүмкіндік беру керек. Тағы мұғалімдерге тым үлкен қысым жасалады. Мысалы, үш тілділікке көшу. Бұл керемет идея, бірақ қалайша мұғалім физикадан сабақ беру үшін үш айда тілді меңгере алады?

Ата-аналар да балалардың мектеп өміріне белсенді араласу керек деп есептеймін.

Кәдімгі мектептерде бәсекелестік пайда болған кезде бірдеңе өзгере бастайды


Қазір Қазақстанда бала тек қабілетсіз болса ғана үй ішінде білім ала алады. Бұл дұрыс емес, себебі адамдарда таңдау болу керек. Неліктен бұған мемлекеттік деңгейде рұқсат етпеске? Кәдімгі мектептерде бәсекелестік пайда болған кезде бірдеңе өзгере бастайды.



Меню

Істер

Қала 24

Шолу