facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
barselonada-y-aza-tar-ispaniyaly-tardy-otbasyly-d-st-rler-futbol-a-degen-mahabbat-zh-ne-au-ps-zd-k-zhayynda
logo
Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

22.06.2019

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында


Барселона жайында


Испания жайындағы алғашқы әсерім керемет болды. Маған ауа-райы, адамдары ұнады. Автобуста, метрода, дүкенде бейтаныс адамдар сенімен сөйлесе бастауы үйреншіксіз болды. Олар амандасып қана қоймай, ауа-райы, саясат, өмір жайында әңгімелесе алады.

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

Осында студенттер ресми түрде күніне төрт, аптасына жиырма сағат жұмыс істей алады. Жұмысты табу қиын болды, жұмысқа таныстар арқылы ғана орналаса алдым. Жарты жыл уақыттай ресми сайттар арқылы іздедім, бірақ нәтижесі болмады. Жұмысқа орналасқан кезде, жұмыс беруші біздің СТН сияқты белгілі нөмірі бар құжатты талап етеді. Ал бұл әлеуметтік нөмірді жасау үшін, жұмыс келісімшарты қажет. Осы орайда қиындық туындайды.

Мен жергілікті ырғаққа үйрендім, испаниялықтар баяу болып келеді және өмірден рахат алуды біледі, олар ешқайда асықпайды. Олардың сүйікті сөздері «ертең» және «ештеңе етпейді». Банкте қызметкермен әңгімелесуге болады, ол өзінің жеке өмірі жайында, жігітімен қай жерге барғаны немесе жоспары жайында айтып бере алады.

Барселона — бұл көпұлтты қала, шығармашылық адамдарға арналған жер. Осында әрқашан алуан түрлі іс-шаралар өтеді. Әлем бойынша саяхаттайтын көптеген адамдар осында оралып, бұл – өмір сүру үшін мінсіз қала екенін айтады.

Қаладағы сүйікті жерім – Бункер. Бұл бүкіл қала көрінетін шолу алаңы. Бұл тыныш жер, біз достарымызбен осында келіп, гитарада ойнап, ән саламыз. Осында электричкаға отырып, бір сағаттың ішінде көрші қалашыққа жетуге болады. Және қарбаластан алыс жерге кетіп, теңіз көрінісінен рахаттануға болады.

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

Қала ішінде автобіспен немесе метромен жүремін, бұл ыңғайлы. Жол жүру билетін үш айға алып, қоғамдық көлікпен шексіз жүре беруге болады. Түнде арнайы түнгі автобустар жүреді.

Бұл қауіпсіз қала, бірақ қалташылар көп. Алғашқы аптада менің сөмкемді ұрлап кетті. Мен Starbucks менеджерінежүгіндім, камера арқылы қарауды өтіндім. Ал ол маған сабырлы дауыспен «Иа, сіздің сөмкеңізді екі ер адам ұрлап әкетті» деді де, «Абайлаңыздар! Сөмкелердің кәсіби ұрылары» деген жазуы бар тақтаға көрсетті. Полицияда ұрыларды табатын айғақтар болды, бірақ олар ештеңе істемеді.

Менде тағы бір жағдай болды. Барселонада көше гүлдермен жүріп, өтіп бара жатқан адамдардан 10 цент сұрайтын әйелдер бар. Құрбым екеуміз қыдырған кезде, солардың біреуі маған келіп, ақша сұрады. Мен оған 10 цент, ал ол маған гүл берді, кетіп бара жатқанда, ол маған қолындағы 10 центті көрсетті. Әрі қарай кеткен кезде, мен күдіктене бастадым және әмиянымды тексердім, сонда ақшам жетіспеді. Мен сол әйелмен соттастым, нәтижесінде ақшамды қайтарып берді.


Тағам жайында


Ұлттық тағамы – паэйя. Бұл теңіз өнімдері қосылған күріш, қазақтар үшін теңіз өнімдері қосылған палау. Негізінен бұл тағамды саяхатшыларға ұсынады, бірақ оны жексенбі сайын әзірлейтін отбасылар да бар. Ал ұлттық сусыны – сангрия, оны шарап пен жемістердің негізінде дайындайды.

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

Мен таңғы, түскі және кешкі ас ішуге үйреніп қалдым. Ал осында түскі ас кезінде негізінен салаттар мен жеңіл тамақтарды жейді. Түскі ас уақытында жақсы тамақтануға болатын орынды табу қиын.

Осында шошқа еті көп, сол себепті мен тамақтың құрамын мұқият қараймын. Араб немесе жапондық мейрамханаларда тамақтануды жөн көремін.

Менің сүйікті тағамым— пататас бравас. Бұл «Пататас бравас» деп аталатын арнайы тұздықпен ұсынылатын қуырылған картоп.


Адамдары жайында


Осында алғаш келген кезде, Еуропадағы адамдар әлеуметтік дәрежеге қарамайды деп ойладым. Негізінде олай емес екен. Олар барлық адамдарға жылы шыраймен қарап, араласады, бірақ тең дәрежедегі адамдарды ғана жақындатады.

Каталониялықтар испаниялықтардан біраз ерекшеленеді. Каталониялықтармен дос болу қиынырақ , олар тұйықтау келеді. Дегенмен дос болсаңыз, бұл ұзаққа созылатын нағыз достық болады.

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

Испаниялықтар үшін футбол, әсіресе Эль-Классико ерекше орын алады. Олар бұл ойынды Каталонияның Испанияға қарсы ойыны деп қабылдайды. «Барселона» Чемпиондар Лигасынан шығып кеткен кезде, адамдар күйініп жүрді. Бірақ өткен жылы команда үш Кубокқа ие болған кезде, бүкіл қала алаңға шығып, футболшыларды қарсы алды. Ең қызығы – Әлем Кубогы болған кезде, мен Испанияға, ал інім Германияға жанкүйер болды. Қазірде мен Испанияда оқып жатырмын, ал інім Германияда оқиын деп жатыр.

Осында жігіттер кеш ақыл тоқтатып, есейеді. Егер 25-жасар қазақтар мен испаниялықтарды салыстырсақ, біздің жігіттер әлдеқайда есейген, парасатты болып келеді.

Испаниялықтар отбасылық дәстүрлерді құрметтеп, сақтайды. Жексенбі сайын отбасына уақыт бөледі. Бұл күні көп орындар жұмыс істемейді. Бұл адамдардың отбасымен уақыт өткізуі үшін жасалады. Испаниялықтар арасында әкелердің қамқор, мейірімді екеніне қарап, елжірейсің. Олар баланы ересек адамдай қабылдап, тең дәрежеде сөйлеседі. Бала өзін жаман ұстап, көпшіліктің алдында айқай-шу көтергенін ешқашан көрген емеспін.

Испаниялықтар ашық, ақкөңіл адамдар. Менталитеттің ерекшелігі сезіледі. Мысалы, мен мейрамханада жұмыс істеймін, ас үйге кіремін, сол жердегі аспаздар мен даяшылар ән айтып, би билеп жүреді. Қазақстандағы адамдардың осылай көңілді болғанын елестете алмаймын. Төрт жыл өтсе де, өзім олар сияқты ашыла алмаймын.

Барселонадағы қазақтар. Испаниялықтардың отбасылық дәстүрлері, футболға деген махаббат және қауіпсіздік жайында

Испаниядағы өмірі жайында бөліскен – Әйгерім Бектібаева.

Суреттер Әйгерім Бектібаеваның жеке мұрағатынан алынған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел