Егер балаңыздың демалысын түрлендіріп өткізгіңіз келсе, онда БІЗ сіздерге Астанадағы сіз біле бермейтін балаларға арналған 6 ойын-сауық түрін таптық.
Evrikum ғажайыптар паркі

Дереккөз: evrikum.com
Паркте екі аймақ бар: ғылыми-таными және ойын-сауық. Аумағы 300 шаршы метр болатын IQ-аймағы бар. Паркте 30 ғылыми-танымдық жәдігерлер, химиялық шоу мен шеберлік сыныптарын өткізуге арналған 2 зертхана, гравитация құбыры мен гравитациялық аймақтар: айналдырылған бөлме мен «9 градус» бөлмесі, қорқыныш лабиринті, шексіздік кубы мен лазерлік лабиринт бар.
Бағасы: 3900 тг — стандартты жиынтық, 5400 тг — қорқыныш бөлмесін қосқанда, 7400 тг — барлық қолжетімді залдарды қоса алғанда
Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 10:00 — 22:00
Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 62, Mega Silk Way СОСО
Байланыс телефоны: 8 771 351 60 61
Kango батут паркі
Дереккөз: vk.com/kangojump_almaty
Қазақстандағы ірі батут ойын-сауық паркі барлық жастағыларға арналған белсенді ойын-сауықты қамтиды. Бұл жерден сіз түрлі аттракциондарды таба аласыз — ересектер мен балаларға арналған батуттар, скалодром, ниндзя курстары, секіру бойынша фитнес-сыныптар, сондай-ақ кештерді және басқа да көптеген шараларды өткізуге болады.
Бағасы: 3500 тг — бір сағат, 2000 тг — жарты сағат
Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 10:00 — 22:00
Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 62, Mega Silk Way СОСО
Байланыс телефоны: 8 776 131 89 87
The Teens ойын-сауық орталығы
Дереккөз: theteens.kz
Бұл балалар мерекесін жаңа форматта өткізуге арналған сәнді орын. Мұнда караоке, би кеші, PlayStation ойындары мен қыздарға арналған сән салоны бар.
Бағасы: адам басына 10 000 тг басталады (бағасына шараның 3 сағаты, анимациялық бағдарлама, мерекелік үстел мен жоғарыда көрсетілген орталықтың барлық қызметтері)
Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 10:00 — 22:00
Мекен-жайы: Тәуелсіздік, 34, Astana Mall СОСО
Байланыс телефоны: 8 702 444 61 30, 469 226
Genius Science шоуы
Ғылыми шоу бұл — балалардың тек көңіл көтеріп қана қоймай, жаңа нәрселерді үйренетін мерекесі. Genius Science жылжымалы зертханасында физика мен химияның негізгі заңдары ойын түрінде түсіндіріледі. Әр шоу-бағдарлама балалардың өзі қатысатын көптеген әсерлі эксперименттерден тұрады.
Бағасы: 16 000 — 30 000 тг
Мекен-жайы: Сарайшық к., 34
Байланыс телефоны: 8 701 555 67 73
Boom Boom Room дәмханасы
Дереккөз: facebook.com/2boomroom
Дәмхана кәсіби аниматорлар мен фотографтар тобының көмегімен кез келген салтанатты шараны ұйымдастырып, өткізіп береді. Дәмханада 30—35 балаға есептелген балалардың ойын бөлмесі орналасқан. Мұнда мультфильмдері бар проектор, караоке, сурет салуға арналған үстелдер, ермексаз бар. Әр кеш сайын 19:00-ден 22:00-ге дейін тегін кезекші аниматор жұмыс істейді.
Бағасы: балалар үшін орташа чек — 3000 тг бастап, ересектер үшін — 5000 тг бастап
Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 10:00 — 23:00
Мекен-жайы: Күйші Дина к., 30/2
Байланыс телефоны: 8 708 058 11 11
Kids Park
Парктің ауданы — 1000 шаршы метрден асады. Сіз үлкен лабиринт, үрілген батут, бамперлік электромобильдері бар автодром, арқанды қалашық, балалар дәмханасына кіре аласыз. Астанада алғаш рет шектеусіз сақтандыруы бар теңдесіз жабық арқанды парк те бұл жерде ашылды.
Бағасы: батут — 400 тг, бамперлік автомобильдер — 500 тг / 5 минут, лабиринт — 600 тг / 1 сағат, арқанды қалашық — 1200 тг / 30 минут
Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 10:00 — 22:00
Мекен-жайы: Абай к., 48, «Жаннұр» СО
Байланыс телефоны: 8 707 444 73 76