facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-zh-g-t-n-filippin-otbasynda-t-ruy-zh-ne-kanada-el-ndeg-o-uy-zhayynda
logo
Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

13.07.2019

Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында


Алғашқы әсер


2009 жылдың соңында мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы «ақпараттық технологиялар және жүйелер» мамандығы бойынша Канаданың Ванкувер қаласына оқуға кеттім.

Сапардың алдында қорқыныш және алаңдаушылық сезімі болған жоқ, себебі сол жерде менің досым оқып жатқан еді.

Ұшағымыз қалаға жақындаған кезде, маған оның көлемі әсер етті. Қала үлкен болып шықты.

Бастапқыда барлығы ағылшын тілінде болғаны үйреншіксіз болды және Қазақстаннан кейін бұл ел мен үшін мүлдем басқа жер болып көрінді.

Келгеннен кейін, келесі күні мен мектепке бардым. Айналамда зәулім үйлер мен үлкен ғимараттар болады деп күттім, бірақ жол бойы тек кішкентай оңаша үйлерді көрдім. Зәулім үйлер мен үлкен ғимараттар қаланың орталығында орналасқан екен.


Оқуы жайында


Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

Мен Британ Колумбиясы Университетіне түстім – бұл Канаданың ең танымал университеттерінің бірі. Канадалық университеттерінде жақсы ынтамен оқиды. Емтихандарда шпаргалкаларды қолдана алмайсыз. Осында барлығы қатал.

Университетіміздің оқытушылары әлемдік деңгейдегі басқа оқу орындардан келген, үлкен тәжірибелері бар адамдар еді. Бірінші курста ағылшын тілін түсіну біраз қиын болды, бірақ кейін үйреніп кетесің. Университетте тақырыпты түсінбесең, профессордың көмегіне жүгіну үшін аптасына бірнеше сағат бөлінеді. Оқытушылар әрқашан қолдау көрсетеді, тіпті оқушының жеке мәселелері болса, тыңдауға дайын болады.


Адамдары жайында


Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

Алғашқы жарты жыл мен ағылшын тілін үйреніп, филиппин отбасында тұрдым. Студенттердің бұндай отбасыларда тұратыны Канадада кеңге таралған. Мен астыңғы қабатта тұрдым және жеке жуынатын бөлмем болды. Сонымен қатар бұл үйде менімен бірге Қазақстаннан келген тағы бір жігіт тұрды. Басқа мәдениеттегі отбасыда тұру тәжірибесі маған ұнады. Университетке түскеннен кейін, біз достарымызбен пәтер жалдап, бөлек тұра бастадық.

Канаданың адамдары ашық және жылы шырайлы болып келеді. Біреуді байқаусыздан қағып кетсең, ол бірінші болып кешірім сұрайды. Қазақстанға оралған кезде, әуежайдан бастап айырмашылықты сезінесің.


Тамақ жайында


Ванкуверде қытайлықтар көп, сол себепті олардың тағамдары осында кеңге таралған. Мұхитқа жақын орналасқанына және балықтың қолжетімділігіне байланысты осында дәмді суши және балықтан жасалған басқа тағамдарды да жеп көруге болады. Сонымен қатар осында иран, шығыс тағамдарын кездестіруге болады. Жалпы, Ванкуверде барлың әлем халықтарының тағамдарын табуға болады.


Қала жайында


Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

Қала бойынша негізінен автобуспен жүрдік – бұл ыңғайлы және қымбат емес. Олар түнгі 11 немесе 12 сағатқа дейін жүреді, түнгі сапарлары да болады. Автобусты аялдамада күтіп отырмай, интернет арқылы қашан келетінін қарауға болады және ол көрсетілген уақытта нақты келеді. Сонымен қатар аялдамада тұрып, хабарласуға немесе хабарлама жіберуге болады және сізге автобустың қашан келетінін айтады.

Қаладағы сүйікті жерлерімнің бірі – English Bay Beach жағажайы болды. Осында көп адам жиналады, суда шомылады, күнге күйіп жатады және жай ғана демалады.

Қаладан 120 километр жерде Уистлер-Блэккомб тау шаңғы шипажайы орналасқан, сол жерде шаңғы, сноуборд тебуге болады.

Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

Сонымен қатар маған Стенли-саябағы ұнайды, ол үлкен және жасылға толы. Көлемі бойынша Нью-Йорктегі Орталық саябақтан да үлкен.

Осында келетін адамдарға өзімен бірге көбірек ақша алуға кеңес беремін, себебі Ванкувер әжептәуір қымбат қала. Сонымен қатар жазда келгеніңіз жөн, себебі осы уақытта табиғаты әдемі болады. Қысы да суық емес, ал қар жылына бір немесе екі рет жауады.

Қазақ жігітінің филиппин отбасында тұруы және Канада еліндегі оқуы жайында

Ванкувердегі оқуы мен өмірі жайында бөліскен – Тоқтар Елемесов.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Астанада шопинг: киім және аяқ киім таңдауымен 10 сауда орталығы
Астанада шопинг: киім және аяқ киім таңдауымен 10 сауда орталығы
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
FLEX бағдарламасы. Іріктеуден қалай сәтті өтіп, АҚШ-қа бір жылға қалай баруға болады
FLEX бағдарламасы. Іріктеуден қалай сәтті өтіп, АҚШ-қа бір жылға қалай баруға болады