facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-tar-m-skeude-darhan-sh-ldebaev-bi-group-kompaniyasynda-y-zh-mys-zh-ne-ala-stereotipter-turaly
logo
Қазақтар Мәскеуде. Дархан Шілдебаев BI Group компаниясындағы жұмыс және қала стереотиптері туралы

05.07.2018

Қазақтар Мәскеуде. Дархан Шілдебаев BI Group компаниясындағы жұмыс және қала стереотиптері туралы

Дархан Шілдебаев, 30 жаста, туған жері — Жезқазған, халықаралық жобаларды дамыту бойынша директор

photo5271913734564063551.jpg


Астана — Мәскеу



Мәскеуге жұбайым екеуміз 2016 жылдың қазан айында көшіп келдік. BI Group компаниясында жұмыс істеймін, жетекшілік мені тұрғын үй аналитигі қызметіне тағайындады. Менің Мәскеудегі міндеттерім — нарықты зерттеу, инвестициялық мүмкіндіктерді іздеу.



Мәскеудегі жұмыс туралы



Дмитрий деген әріптесім екеуміз Мәскеудегі инвестициялық жобаларды іздеумен айналысамыз. Біз өз қызметтерімізді ұсынбаймыз, өйткені біз алдын-ала инвестициялау сатысында тұрмыз. Бұл, керісінше, бізге инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынатынын білдіреді және біздің міндетіміз — жобаны сапалы бағалау, бас тарту немесе сол бойынша жұмысты жалғастыру. Біз жер учаскелерінің экономикасын, оның қаншалықты тиімді екендігін, қаржы моделін есептеп, Астанадағы инвесторлар алдында қорғаймыз. Бұл жұмысымыздың бір жағы.

photo5271646999915112713.jpg

Ал екіншісі — Мәскеудегі BI Group компаниясын ұсынамын, іскерлік кездесулер өткіземін, сондай-ақ мәскеулік құрылыс салушылармен тәжірибе алмасамыз, өйткені олар өте мықты, олардан көп нәрсені үйренуге болады.

Мен кәсіби өсіп, жұмыс істеп жатқан компаниямды халықаралық деңгейге көтергім келеді.

Мен кәсіби өсіп, жұмыс істеп жатқан компаниямды халықаралық деңгейге көтергім келеді



Көшу кезіндегі қиындықтар туралы



Көшу кездегі қиындықтар әдеттегідей болды. Бұл тұрғын үй ізденісі, жергілікті жағдайларға, валютаға, бағаларға бейімделу.

photo5271913734564063552.jpg

Мәскеуде стереотиптер көп. Солардың бірі — зұлым адамдар және олар азиялықтарға жаман көзқараспен қарайды. Мәскеу — бұл егер сіз қалаға жақсы көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге жақсы көзқарас танытатын қала. Ал, егер жаман қарасаңыз, ол да дәл сондай жауап қайтарады.

Мәскеу — бұл егер сіз қалаға жақсы көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге жақсы көзқарас танытатын қала


Мәскеудің Астанамен салыстырғанда өз мінез-құлқы бар. Бұл жай ғана ірі қала емес, бұл үлкен әлем. Ал Астана әлі де сондай мінез қалыптаспаған кішкентай қала. Қалалар арасындағы ең үлкен айырмашылық — Мәскеу технология, инфрақұрылым және халықтың жүріс-тұрысы жағынан жетілген. Мен үшін бұл әлемдегі ең жақсы қалалардың бірі. Өзімді бұл жерде қолайлы сезінемін, бұл мүмкіндіктердің белсенді қаласы. Ал мегаполисте орын алған бәсекелестік өмірге деген құлшынысты сақтап тұрады.



Мәскеу не үйреткені туралы



Мәскеу адамдарды түсінуді үйретті. Мұндай үлкен қалада өмір сүрген кезде адамдарды пайымдауға болмайтынын түсінесің, себебі әркімнің тағдыры бір бөлек.

Қала маған достарды, іскерлік таныстарды, бизнесті сыйлады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал