facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7cd/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/25gh2dvz1unedide4o5ooy716uwsq4mz.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-stanny-studentter-bt-ny-alay-s-tt-tapsyru-a-bolatyny-turaly-paydaly-layfhaktar-zh-ne-synystar
logo
Қазақстанның студенттері ҰБТ-ны қалай сәтті тапсыруға болатыны туралы: пайдалы лайфхактар және ұсыныстар

16.01.2024

Қазақстанның студенттері ҰБТ-ны қалай сәтті тапсыруға болатыны туралы: пайдалы лайфхактар және ұсыныстар

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының студенттері биылғы түлектерге ҰБТ-ны сәтті тапсыруға көмектесетін әдіс-тәсілдермен бөлісті.


Алина Атанова, 20 жаста, Астана қаласы, ЕҰУ студенті @a.atanova

alina_a


Өзім туралы

Мен Семей қаласының тумасымын. Астанада тұрып жатқаныма биыл төртінші жыл. ЕҰУ-нің PR мамандығы бойынша төртінші курс студентімін.

Толығымен грантта, стипендия алып оқимын. Біздің университетке грантқа түсу үшін барлық оқушылар арасында ең көп балл жинау маңызды.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

Мен таңдаған мамандық бойынша: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы пәндерін тапсыру қажет болды. Университетте шығармашылық емтиханның екі түрін тапсырдым: эссе және ауызша емтихан. Ауызша емтиханда барынша ашылып сөйлеп, қаншалықты жан-жақты екеніңізді көрсетіңіз. Егер осы мамандықта тәжірибе болса, бұл туралы да айтудан қысылмаңыз. Эсседе өз өміріңізден немесе түрлі әдебиеттерден мысалдар келтірсеңіз болады.

Емтихандарға алдын ала дайындалыңыз. Шығармашылық емтиханда кезінде емтихан алушыларды қызықтырып, барынша түсінікті болуға тырысыңыз.


Айсар Жеңіс, 18 жаста, Астана қаласынан, ҚазАТУ студенті @aisar.z

aisar_zh

Өзім туралы

Күреспен кәсіби түрде айналысамын, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің «Көліктік логистика» мамандығы бойынша екінші курс оқимын.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

ҰБТ-ға дайындықты 10–сыныптан бастаған жөн. Бір жылда 11 жылдық мектеп бағдарламасын үйрену қиын. Тәжірибе бойынша жеке оқығаннан гөрі дайындық курстарына барған дұрыс деп айта аламын. Сондай-ақ, мамандық пен университет туралы мүмкіндігінше тезірек шешім қабылдау керек.

Тағы бір маңызды фактор — сіздің моральдық жағдайыңыз: мейлінше стресске түспеу және көп оқу.


Нұрдана Мырзабекқызы, 19 жаста, Астана қаласы, НУ студенті, @nurdanamk

nurdana_m


Өзім туралы

Мен Назарбаев университетінің «Экономика»мамандығы бойынша екінші курс студентімін. Бұған дейін бір жыл Сүлейман Демирел атындағы университетте «Мультимедиялық журналистика» мамандығы бойынша оқыдым.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

11-сыныпта IELTS, SAT және ҰБТ-ға дайындықты бірден қабылдай алмайтынымды түсінгенде назарымды тек Назарбаев Университетіне түсуге бағыттадым. Бірақ, пандемияның салдарынан SAT емтиханы болмай қалды, сол себепті ҰБТ тапсырып, қазақстандық ЖОО-ға түсуге тура келді. Дайындыққа уақыт өте аз болды. Сәуірдің ортасында SAT емтиханы болмайтынын білдім, ал маусым айының басында ҰБТ тапсыруым керек еді.

«Журналист»мамандығына түсемін деп шешім қабылдап шығармашылық емтиханға дайындықты бастадым, өйткені жазу мен әдебиет маған басқа пәндерге қарағанда оңайырақ болды. Бір ай ішінде ҰБТ тапсыру форматымен танысып, тас дәуірінен қазіргі заманға дейінгі бүкіл тарихты оқып, шығармашылық емтиханға дайындалдым.

Қазақстан тарихы мен үшін аса қиын болып көрінбеді, әсіресе жылдар мен есімдерді жаттатудың орынына оқиғалардың реттілігін, құрылымын оқығанда. Пәнді тереңірек түсіну үшін өз қолыммен диаграммалар мен карталарды салдым. Дайындық барысында ешқандай сайттан тест тапсырып көрмедім, бірақ емтиханға қандай жаңа сұрақтар түсуі мүмкін екенін бақылап отардым. Мәтіндер жазумен және орыс тілімен ешқандай мәселе болмаған, сондықтан мен бұл туралы еш алаңдамадым.

Мен бірінші шығармашылық ҰБТ-ны 35 сұрақтан 32 балл алып, ал екіншісін 34-ке тапсырдым. Қорытындыда 125 баллдың 124-ін алып шықтым.


Динара Надирбекова, 18 жаста, Алматы қаласы, KIMEP студенті @dinara_nadirbek

dinara_n


Өзім туралы

KIMEP-те маркетинг факультетінің бірінші курс студентімін. Өз өмірім туралы блог жүргіземін. 10-сыныпқа дейін ФМН, НЗМ-де оқыдым, бірақ Алматыға көшуіме байланысты соңғы сыныпты Tamos Education-да бітірдім. Мектептің соңғы жылында болашақ мамандық пен университетті таңдау туралы ойлар мазалады. Мақсатқа жетудің бірінші кезеңі ҰБТ емтиханына дайындық еді.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныптың басында ғана бастадым. Бұл мектептегі қарапайым тесттер сияқты емтихан. Одан қорқудың қажеті жоқ, дайындық үшін бір жыл жеткілікті.

Мектеп бітіру бағдарламасында ҰБТ-ға дайындық бар, бірақ жақсы нәтиже алу үшін жеке дайындалу қажет. Instagram-да көптеген парақшалар мен YouTube профильдер бар, олар математикалық сауаттылық есептерін қалай шешуге болатынын немесе тарих пәні бойынша тақырыптарды талдауды кезең-кезеңімен түсіндіреді.

Дайындықтың ең жақсы тәсілі — тәжірибе. Интернетте былтырғы тесттерді тапсыру мүмкіндігі бар, сонымен қатар ресми оқулықтар — ҰБТ жинақтары сатылады. Емтихан форматын жақсы меңгеру үшін тесттерді тапсыруға болады. Ең бастысы — уайымдамаңыз және өзіңізге тым көп қысым жасамаңыз. Тек мектеп жылдарында алған біліміңіз бен дағдыларыңызға сеніңіз.


Альтаир Оралханұлы, 19 жаста, Астана қаласы, МНУ студенті, @orlkhnv

altair_o


Өзім туралы

Мен Мақсұт Нарикбаев Университетіндегі маркетинг және сату департаментінің жоба менеджерімін. Осы университетте «Менеджмент»мамандығы бойынша үшінші курс оқимын.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

Көптеген талапкерлердің басты қателігі-мемлекеттік гранттар көп бөлінген мамандықты таңдаулары. Негізі, ең бастысы — дұрыс пән мен дұрыс мамандық таңдау. Егер мұндай таңдау қиын болса, кәсіби мамандарға жүгінуді ұсынамын.

Емтихан тапсырып отырған уақытта талапкерлер стресске түсіп, барлық оқыған ақпараттарын ұмытып жатады. Бірақ, қуанышымызға қарай қазір ҰБТ-ны бес рет тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Түлектер, оқу мен оқу орынына түсуге қатты беріліп кетпеңіздер. Уақытылы ұйқы мен ара-тұра демалу туралы ұмытпаңыздар. Бұл өте маңызды! ҰБТ — бұл өмір мен сізді тұлға ретінде құрудың бір кезеңі ғана.

Құрметті ата-аналар, балаларды грантқа түсуге міндетті деп санамаңыздар!


Жания Алибекова, 20 жаста, Алматы қаласы, AlmaU студенті @zhaniyea

zhaniya_a


Өзім туралы


Мен AlmaU-дағы «Маркетинг» мамандығының төртінші курс студентімін, SMM маманы, копирайтер және маркетологпын.
Саналы және бақытты өмір сүру туралы TikTok-та блог жүргіземін.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

Күнделікті дайындықтың арқасында ҰБТ-да қажетті балл жинадым. Аз-аздап, бірақ күн сайын дайындалу маңызды. Мен үшін бұл кесте оңтайлы болды: аптасына үш күн екі сағаттық дайындық, төрт күн бір сағаттан.

Біріншіден, дайындықты жоспарлау керек. Әр пәнді әр күнге бөліп, бос уақыт бар жерге бөлек назар аударған дұрыс. Менің жағдайымда тарих пен география пәндері маңызды болды.

Бір апталық кестем:

— дүйсенбі: география, екі сағат

— сейсенбі: математика, екі сағат

— сәрсенбі: оқу сауаттылығы, сағат

— бейсенбі: тарих, екі сағат

— жұма: математикалық сауаттылық, бір сағат

— сенбі: тарих, бір сағат

— жексенбі: география, бір сағат.

Дайындық кестесі:

— былтырғы тесттерді тапсыру

— YouTube—тегі бейне оқулықтар арқылы маған түсініксіз тақырыптарды түсіну

— iTest онлайн — тренажері.

Бүгінде, бұдан да көбірек мүмкіндіктер мен дайындық құралдары пайда болды, сол себепті берілген барлық мүмкіндікті қолданған жөн.


Бекарыс Шамер, 21жаста, Алматы қаласы, СДУ студенті, @bekowest

bekarys_sh


Өзім туралы

SDU-да төртінші курс оқимын. Оқудан бөлек жеке блогты дамытумен айналысамын — TikTok платформасында 40 000–нан астам жазылушым бар. Мұнда өз өмірім туралы видео блогтар түсіремін.

ҰБТ тапсыру бойынша ұсыныстар

2020 жылдың түлегімін. Сол жылдары пандемияға байланысты емтихан тапсыру қиын болды. Барлығы онлайн форматқа өзгерді және жақсы нәтижелер үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алу керек болды. Қорытындысында мен Дүниежүзілік тарих пен құқық негіздерін тапсырдым, 115 балл жинадым, қызыл диплом алдым.

ҰБТ — бұл өмірдің соңы емес. Әрине, грантқа түсу жақсы, бірақ егер сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз, бұл үшін өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ.

Менің жеке тәжірибемнен ұсыныстар:

— болашақта бұл сізге пайдалы болу үшін уақытты дұрыс пайдалана білуіңіз керек. Ғаламтордан қараңыз немесе уақытты тиімді пайдалану туралы кітаптардан оқыңыз

— күн сайын барлық пәндерге бірдей уақыт бөліңіз. Барлық түлектердің көптеген қателіктері — қалған пәндерді ұмытып, тек бір пәнге дайындалу

— өзіңізге сеніңіз. Егер сіз өзіңізге сенбесеңіз, онда басқалардың мотивациялық сөйлеуі мен ұсыныстары сізге көмектеспейді

— армандаңыз. Қандай университетке барғыңыз келетінін қадағалаңыз және сол университет студенттерімен байланысыңыз

— өміріңіздегі барлық нәрсені ҰБТ-мен байланыстырмаңыз. Одан да маңызды нәрселер бар: отбасы, достар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
University of Glasgow — әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ұсынған 20 тегін курс
University of Glasgow — әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ұсынған 20 тегін курс
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап