facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/e02/e022806c100dac8daf0e2d6d30bb1251.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-stannan-yr-yzstannan-zh-ne-t-zh-kstannan-m-skeuge-k-sh-p-mansap-ru-zhayynda
logo
Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан Мәскеуге көшіп, мансап құру жайында

23.07.2020

Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан Мәскеуге көшіп, мансап құру жайында

Диас Әлімбай, 27 жаста, қаласы — Мәскеу, қаржы секторы бойынша кеңес беру, кеңесші, @diasalimbay


Диас Алимбай.jpeg


Көшуі жайында


Мен Назарбаев Университетін бітірдім және магистратура бағдарламасы бойынша Мәскеудегі Жоғары экономика мектебіне оқуға түстім. Осында тұрып жатқаныма төрт жыл болды.

Көшкен кезде қиындықтар туындаған жоқ. Бала кезімде осы қалада ата-анаммен тұрғанмын, сол себепті мен үшін бұл таныс жер. Бірақ Мәскеу – халқының саны өте көп мегаполис. Өмір ырғағы әрдайым қозғалыста болуды талап етеді. Осыған үйренуге тура келді.

Нұр-Сұлтан — барлық шаруаларды бір күнде бітіруге болатын ыңғайлы қала. Мәскеуде бір мәселені шешу үшін өте көп уақыт кетеді. Дегенмен менің жолым болды, курстастарыммен тез тіл табысып, жаңа таныстарға ие болдым. Олардың барлығы қалаға тезірек бейімделуге көмектесті.

Мәскеудегі қазақтар жайында


Мәскеуде көп қазақтарды кездестірмемін, бірақ ресми қоғамдастықтарда мүше емеспін. Мысалы, осында Назарбаев Университетінің түлектері көп, біз аратұра кездесіп тұрамыз. Сондай-ақ, Мәскеуде күтпеген жерден жолыққан жақын достарым табылды.

Қызметі жайында


Менің алғашқы жұмысым үлкен төрттік компанияларының бірі – KPMG-де болды. Осы жерде екі жыл жұмыс істедім. Қаржы секторының компанияларына IT тұрғысынан кеңес берумен айналыстым. Сондай-ақ, қаржылық аудит шеңберінде ақпараттық жүйелерді тексерумен және IT-аудитімен айналыстым.

Іріктеу әдеттегі формат бойынша өтті – тесттер, кейстерді шешу, менеджермен сұхбат және серіктеспен сұхбат. Мен алдын-ала дайындалдым, кейстердің шешімдерін қарастырып, өзім жайында әңгімені ойластырып жүрдім. Халықаралық компанияның артықшылығы – жұмысқа орналасу процесінің ашық болуы және бүкіл әлем бойынша бір формат бойынша өткізілуі.

казахи в Москве.jpeg

KPMG компаниясынан кейін маған үлкен төрттіктің басқа компаниясы – Ernst & Young-тан ұсыныс түсті. Олардың шарттары мен командасы ұнады. Сол себепті осы компанияға ауысып кеттім.

Бүгінде тәуекел-менеджментпен және деректерді басқару жөніндегі шағын бағытпен айналысамын. Сонымен қатар қаржы секторындағы компаниялардың тәуекелдерін басқару бойынша жобаларды іске асырып жатырмыз.

Жақсы мансап құру үшін, өз мақсаттарыңды, мықты және осал жақтарыңды біліп, құндылықтарыңды естен шығармау қажет


Компанияға қабылдану үшін бірқатар сұхбаттардан өту керек болды. Маған IT саласындағы білімім көмектесті.

Жақсы мансап құру үшін, өз мақсаттарыңды, мықты және осал жақтарыңды біліп, құндылықтарыңды естен шығармау қажет. Осының барлығын өз пайдаңа іске асырып, жұмыс істеу керек.

Жоспарлар жайында


Айналысып жатқан салада даму жоспары бар. Жинаған тәжірибемді болашақта Отанымда іске асырғым келеді.



Диана Рахимова, 29 жаста, қаласы — Мәскеу, корпоративтік қаржы, M&A, аға кеңесші, @iamdianarakhimova


карьера в Москве_1.jpeg

Көшуі жайында


Мен Тәжікстанның Душанбе қаласында дүниеге келдім. Қазақстандағы КИМЭП жоғары оқу орнында білім алдым. Кейін KPMG компаниясына жұмысқа орналастым. Аудит саласы ұнағандықтан, корпоративтік қаржы әлеміне ауыстым. Бұл салада үш жыл жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде отбасым Тәжікстаннан Ресейге көшіп кетті, сол себепті басшылықтан мені KPMG мәскеулік кеңсесіне аударуды өтіндім.

Мәскеуде 2018 жылғы наурыз айынан бері тұрып жатырмын. Мен отбасыммен бірге болуды, сондай-ақ ірі жобаларға қатысуды қаладым. Жаңа қалада қабілеттерімді іске асырып көру қызықты болды.

Көшкен кезде қиындықтар туындаған жоқ. Бірақ менде екі азаматтық, соның ішінде ресейлік азаматтық бола отырып, Ресейде ұзақ уақыт тұрмағандықтан, салық мөлшерлемесі жоғары болды. Сол себепті жалақының мөлшері күткенімнен аз болды. Сонымен қатар Мәскеуде алыс қашықтықтарға үйренуге тура келді.

Бейімделу кезеңі жұмыста өтті. KPMG компаниясында жұмыс істегендіктен, мәскеулік кеңседегі әріптестерімді білетінмін. Сол себепті осында келген кезде, олар ұжымдарына қуана қабылдады.

Мүмкіндік болып жатса, нақты бір жұмыс орнын тапқаннан кейін көшкен жөн


Мүмкіндік болып жатса, нақты бір жұмыс орнын тапқаннан кейін көшкен жөн. Бұндай жағдайда көптеген мәселелер бірден шешіледі. Мен қайда жұмыс істейтінімді және қай жерде тұратынымды білдім. Барлығын алдын-ала дайындап, нақты жоспарлар құрып, бастапқы капиталды жинап, моральдық тұрғыдан дайын болу керек.

Мәскеудегі тәжіктер жайында


Мәскеуде Тәжікстаннан келген таныстарым бар. Бірақ мен отандастар қауымдастықтарына мүше емеспін, себебі бұған уақытым жоқ – таңнан бастап кешке дейін жұмыс істеймін.

таджики в Москве.jpeg

Ұлттық қауымдастықтардағы адамдар бір-біріне жақсы көмектеседі, кездесіп, қызықты іс шаралар ұйымдастырады. Тәжікстанның халқы мейірімді, көңілді және ақкөңіл болып келеді.

Қызметі жайында


Бүгінде мен KPMG компаниясында, M&A — мәмілелерді сүйемелдеу бағыты бойынша жұмыс істеймін. Бұл бағыт, жұмыс ырғағы, қызықты жобалар ұнайды. Мәскеуде ауқымды жобалармен жұмыс істеймін, сол себепті біліктілігім артты деп ойлаймын.

Диана Рахимова.jpeg

ТМД елдерінде KPMG компаниясындағы жұмыс – абыройлы қызмет. Мен компаниямды жақсы көремін, осында даму үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынылады – ашық иеарархия орын алады. Жұмысыңды жақсы атқарсаң, келесі жылы міндетті түрде жаңа сатыға көтерілесің. Қандай да бір сатыдан секіріп өткің келсе, бұл мәселені менеджермен ақылдасып, қажетті нәтижелерге қол жеткізе аласың.

Жоспарлар жайында


Бүгінде мен аға кеңесшімін, келесі деңгей – менеджер. Жақынарада менеджер атанып, жобаларға жетекшілік ету жоспары бар. Компанияның шетелдегі филиалдарында, мысалы, Лондонда жұмыс істеуді қалаймын.



Нурдоолот Самарбеков, 24 жаста, қаласы — Мәскеу, өндірістік-техникалық бөлімінің инженері


Нурдоолот Самарбеков.jpg

Көшуі жайында


Мен Бішкекте тудым, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден Мәскеуге көшіп келдім. 2017 жылдан бері осында тұрып жатырмын. Жақсы өмірлік тәжірибе жинап, беделді жұмыс орнын тауып алу мақсатымен келдім.

Көшіп келген кезде, бейтаныс жерге бейімделуге қатысты қиындықтар туындады. Жұмыс тәжірибем болмағандықтан, бастапқы кезде әртүрлі салаларда жұмыс істеуге тура келді. Таныстар мен достардың арқасында және тұрақты жұмыс болғандықтан, бейімделу кезеңі тез және сезілмей өтті.

Мен туып өскен елдің климаттық жай-күйі мүлдем басқа, сол себепті жергілікті ауа-райына үйренуге тура келді. Сонымен қатар туыстарымнан алыс болғандықтан, шешімдерді өздігінен және тез қабылдауды үйрендім. Мегаполисте өзіңді жоғалтып алмау үшін босаңбау керек.

Көшіп келер алдында тиісті жұмыс пен баспана іздеген кезде қажетті капиталдың болғанын ойластырған жөн.

Мәскеудегі қырғыздар жайында


Мәскеуде отандастарым өте көп. Мен қоғамдастықтарда мүше емеспін, себебі уақытымның басым бөлігі жұмысқа кетеді. Бірақ қырғызстандықтардың арасында достарым көп, біз жиі кездесіп, араласып тұрамыз, бір-бірімізге көмектесеміз.

Қызметі жайында


Алғашқы үш айда тұрақты жұмыс орны болған жоқ. Бұл уақыт аралығында дүкендегі жинақтаушыдан бастап микронесиелік компаниядағы маманға дейін бірнеше қызметті ауыстырдым.

кыргызы в Москве.jpg

Бүгінде халықаралық құрылыс компаниясында техникалық бөлімінің инженері болып жұмыс істеймін. Осы қызметті ағам ұсынды. Ағам бұл салада барлық нәрселерге үйретті, себебі менде ешқандай тәжірибе болған жоқ және бастапқыда оның көмекшісі ретінде жұмыс істедім. Осы компанияда көп білім алдым, сондай-ақ түрік тілін үйрендім.

Бүгінде халықаралық құрылыс компаниясында техникалық бөлімінің инженері болып жұмыс істеймін


Қолдаусыз және тәжірибесіз ірі компанияға жұмысқа орналасу өте қиын. Бірақ біліміңіз болса, ақырындап өсуге және жоғары деңгейге шығу мүмкіндігі бар.

Жоспарлар жайында

Жоспарларым көп. Солардың бірі – жеке бизнес ашу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.