Данэлия Тулешова, 13 жаста, туған жері — Астана, әнші @tuleshova_daneliya
Данэлия — «Голос. Дети» (Украина) жарысының төртінші кезеңінің жеңімпазы, «Детская Новоя волна 2015» жарысының финалисті. «Балалар Евровидениесі 2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғап, алтыншы орынды иеленді. Оның Stone Cold әнін орындауы YouTube арнасында 40 миллионнан астам қаралым жинады.
Ержан Максим, 12 жаста, туған жері — Орал, әнші @maksim_erjan
Ержан — «Голос. Дети» байқауының қатысушысы мен финалисті. «Балалар Евровидениесі 2019» байқауында екінші орын алды.
Софи Манасян, 11 жаста, туған жері — Алматы, әртіс @sofimanassyan
Софи — қазақстандық қыз, 2012 жылы АҚШ-ғы Queen of the Queens International байқауында I дәрежелі лауреат атанды, 2013 жылы Италияда өткен би байқауында жеңімпаз болды. CID UNESCO қолдауымен өткен Санкт-Петербургтегі халықаралық би байқауының I дәрежелі лауреаты. 2018 жылы Барби қуыршақтарын өндіретін әлемдегі ең алпауыт өндіруші Mattel Studios-мен келісім-шарт жасасты.
Аминка Витаминка, туған жері — Алматы, блогер Аминка Витаминка, @Aminokka
Амина Малгаждар — бейнеблогер, Nickelodeon-Kids Choice Award 2019 балалар байқауының «Ресейлік көрермендердің үздік жаңа бейнеблогері» номинациясына ұсынылған. Kids Choice Award - жыл сайынғы кинопремия, оны Nickelodeon телеарнасы танымал балаларға береді. Аминаның YouTube арнасына төрт миллионнан астам және Instagram желісіне 1,3 миллионнан артық адам жазылған.
Бибисара Асаубаева, 15 жаста, туған жері — Тараз, шахматшы @bibisaracom
Бибисара — бес дүркін әлем чемпионы және екі дүркін әлем вице-чемпионы. Шахмат тарихындағы ең жас Fide Master атағының иегері. Бұл атақты 2011 жылы екі әлем чемпионатындағы жеңістен кейін жеті жасында алды.
Эвника Саадвакасс, 12 жаста, туған жері — Павлодар, боксшы @saadvakass
Эвника вундеркинд-боксшы ретінде танымал, сондай-ақ украиналық «Полина» фэнтезиіндегі басты рөлдердің бірін сомдады. Ол үш жастан бастап әкесі Рустам Саадвакасстың авторлық әдісі бойынша жаттығады, ол 30 секундта 221 соққы жасай алады. YouTube-дағы Эвника бар роликтер миллиондаған көрініс алады.
Амир Махмет, 13 жаста, туған жері — Қажымұқан, Ақмола облысы, спортшы @amir_makhmet
Амир — Қазақстанның алты дүркін рекордшысы және планканы ұстап тұру бойынша әлемнің екі дүркін рекордшысы. 12 жасында Абу-Даби чемпионатында джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.