Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yzdy-franciyada-y-m-r-al-ash-y-iyndy-tary-zh-ne-nel-kten-francuzdar-avtobusta-zhasy-lken-adamdar-a-oryn-bermeyd
Қазақстандық қыздың Франциядағы өмірі, алғашқы қиындықтары және неліктен француздар автобуста жасы үлкен адамдарға орын бермейді
2107

30.06.2019

Қазақстандық қыздың Франциядағы өмірі, алғашқы қиындықтары және неліктен француздар автобуста жасы үлкен адамдарға орын бермейді



Өмірі жайында


Мен төрт жыл бұрын Францияға көшіп кеттім. Мектептен кейін журналистика және қоғаммен байланыс факультеті бойынша Ренна университетіне түсіп, осында келдім. Кейін Лион қаласындағы университетке ауысуды шештім. Қазірде магистратурада оқып, аймақтағы интернет байланысты дамытумен айналысатын компанияда тағылымдамадан өтіп жатырмын.

Осында келген кезде, жас болдым және бірден үйге қайтуды қаладым. Ұшып бару және Ренна қаласына дейін поезбен жүрген уақыт бүкіл күнге созылды.


Франциядағы алғашқы ай қиын болды: мен үшін нағыз өзіндік өмір басталды, бұрын басымнан өтпеген жаңа жағдайлар пайда болды. Жаңа мәдениет, менталитет, тілдік кедергі – бұл шетелдегі әрбір студенттің басына түсетін сынақтар. Бұл қиындықтардан өткеннен кейін, мен өзге елге бейімделе алдым. Біраз уақыттан кейін француз тілін және олардың бай мәдениетін ұғына бастадым.


Қала жайында



Лион – Францияның оңтүстік-шығысында орналасқан әдемі қала. Ауа-райы шуақты, көрікті жерлері кқп, мәдени және түнгі өмірі қызыққа толы.

Осында барлық адамдар үшін ашық амфитеатр бар. Жаз сайын осында әртүрлі әншілер мен топтар келіп, өнер көрсететін музыкалық фестиваль өтеді. Мен осындай іс шараға қатысып, Florence and the Machine тобының концертінде болдым – бұл ұмытылмас күн болды.

Круа-Русс көрікті орам бар, бұрын тоқыма ауданы болатын. Қазірде көше бойымен жүрген кезде, бірінші қабаттарының төбелері биік екенін байқайсың. Себебі бұрын сол жерлерде тоқымашылардың арнайы үлкен көлемді жабдықтары болған.


Қаланың басты көрікті жері – Базилика Нотр-Дам-де-Фурвьер. Фурвьер белесінде орналасқан бұл шіркеудің төбесінде Дева Марияның алтын жалатылған мүсіні тұр.

Қаладағы сүйікті жерім – Прескиль ауданы. Мен осында келіп, фонтанның жанында отыруды ұнатамын. Жағалаудың жанында орналасқан қайықтар ұнайды, олардың көбісі мейрамханалар мен дәмханалар ретінде салынған.

Қалада көп фестивальдер, йоганың тегін сабақтары, көрмелер және тағы басқа шаралар өтеді.


Тамақ жайында


Бақалар деликатес болып саналады және оларды сирек жейді. Мен үшін олардың дәмі тауық етіне ұқсайды, бірақ иісі басқаша болып келеді.

Қазірде эко-өнімдер кеңге таралған, барлығы дұрыс тамақтануға тырысады. Әрине, баға бойынша бұл қымбат өнімдер, деген оларды алады.

Реннеде жұқа құймақтарды десертке де және бекон етімен, томатпен, жұмыртқамен ыстық тамақ ретінде жеуді жақсы көреді.


Сонымен қатар осында әртүрлі салындымен әзірленетін киш бәлішін ұнатады.

Маған раклет деген тағам ұнайды. Оны арнайы пеште дайындайды, сол жерде еріп болғаннан кейін, оны пісірілген картоппен салып береді.

Олар сағат бойынша тамақ ішеді. Түскі астан кейін, қарныңыз ашса, ашық мейрамхананы таба алмауыңыз мүмкін. Олар әдетте екі сағаттан кейін жабылып, кешкі жетіде ашылады.

Түскі астары былай өтеді: алдымен жеңіл тамақ, кейін жеңіл салат, ал одан кейін басты тағам ұсынылады. Бұның барлығы шараппен ішіп желінеді. Кейін ірімшіктер мен десерттердің әртүрлі сұрыптары ұсынылады.


Адамдары жайында



Француздар киімнен бастап өмір сүру салтына дейін қарапайым халық. Туған күнге шақырса, ешқандай сыйлықтың керек емес екенін айтады, сені қонақ ретінде араласып, әңгімелесу үшін ғана күтеді.

Француз әйелдері киетін киімдері жайында алаңдамайды, университетке шаштарын тарамай, боянбай келуі мүмкін.

Ер адамдары аса сыпайы емес, есік ашып, алдымен сізді өткізіп, әдептілік танытпайды. Баспалдақ бойымен ауыр шабаданымды түсірген кезде де, жас жігіттердің ешқайсысы көмектесуге асыққан жоқ. Себебі осында феминист әйелдер көп. Бұл қарым қатынаста да көрініс табады – жігіт пен қыз мейрамханада отырса, шотты тең бөліп төлейді.

Сонымен қатар қоғамдық көліктерде жасы үлкен адамдарға орын бермейді, себебі барлық егде адамдар өздерін күш-жігерге толы және метрода немесе автобуста тұрып жүре алады деп санайды.


Француздардың ерекшелігі – кездесу кезінде олар екі бетті сүйіп сәлемдеседі. Ал кейбір аймақтарда екі бетті екі реттен сүйеді.

Француздар қаланың көшелеріне шығып, жиі митингтер өткізеді. Адамдар саясатқа араласады: осында саясат, спорт жайындағы газеттер таңертең көшелерде тегін таратылып беріледі. Әрбір дерлік француз бұндай газетті жұмысқа барар жолда, метрода оқып отырады.

Адамдар спортпен белсенді араласады, саябақтарда жүгіреді. Біздің қаламызда жағалау бойымен жүгіретін, көпке танымал үлкен жастағы жүгіруші бар. Оны барлық адамдар таниды және ол жүгірген кезде, барлығы «Бәрекелді!» деп айқайлайды.


Франциядағы өмірі жайында бөліскен – Мадина Қайырбекова.

Суреттер Мадина Қайырбекованың жеке мұрағатынан алынған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.