facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/5de/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/v9pjqovdrct31wgawqmdtpued5n6d1ek.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-tar-a-arnal-an-ytay-a-vizasyz-rezhim-anday-alalar-a-baru-kerek-zh-ne-olar-a-alay-zhetuge-bolady
logo
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады

27.01.2024

Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады

2023 жылдан бастап қазақстандықтар виза ресімдемей Қытайға саяхаттай алады. Бұл қалай жүзеге асатындығы, қандай шектеулер мен артықшылықтар бар екенін және қайда барған дұрыс екенін айтамыз.


Азамат Нурмагамбетов, Астана қаласы, саяхатшы, @nomadcenter негізін қалаушы

Travel

2023 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим жұмыс істейді. Енді қазақстандықтар Қытай аумағында шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін бола алады. Жалпы ұзақтығы 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспауы керек.

Айта кетейік, Қазақстан — Қытайда визасыз жүре алатын санаулы мемлекеттердің бірі. Бұл құқыққа Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Испания және Малайзия мемлекеттерінің азаматтары ие, ресейліктер үшін топтық визасыз сапарлар бар.

Визасыз режим орнатылғаннан кейін Fly Arystan әуекомпаниясы Қазақстан мен Қытай арасында тікелей рейсті іске қосты. Егер жолыңыз болса, Үрімші қаласына Алматы мен Астанадан 36 000 теңгеге ұшуға мүмкіндігіңіз бар. Ол жерден Қытайдың кез-келген қаласына жете аласыз. Сонымен қатар, Бейжің қаласына Air China және Air Astana әуе компанияларынан тікелей рейстер бар.

Қытай Халық Республикасы, Иә, бұл Қытайдың толық ресми атауы — бұл үлкен тарихы бар ел, бұрын әлемде үлкен ықпалға ие болған және қазіргі уақытта да жалғасып келе жатқан ежелгі өркениеттердің бірі.

Сонымен, Қытайда қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады? Төменде сізге назар аударуға тұрарлық Қытайдың ең қызықты мегаполистері туралы айтып беремін.

Чунцин қаласы

Chongqing

Ең көп қоныстанған елдің ең үлкен қаласы. Мегаполистің халқы 32 миллионнан асады. Олардың барлығы 82000 шаршы километр астам жерде тұрады. Чунцин өзінің ғарыштық сәулетімен, неонды жарықтандырумен таң қалдырады, қаланың оңтүстік бөлігінде пандаларды тамашалауға болатын үлкен хайуанаттар бағы бар. Хайуанаттар бағындағы пандалардан басқа жануарлардың тағы 200 түрі мен 1000 құс бар.

Бейжің қаласы

beijing

Қытай Халық Республикасының астанасы. ҚХР-ның саяси, білім мен мәдениеттің ортасы. Қытайдың ежелгі төрт астанасының қатарына енген. Заманауи зәулім ғимараттар көздің жауын алып, ежелгі архитектурамен де ерекше үйлеседі. Міндетті түрде «Тыйым салынған қалаға» барыңыз. Бұл Бейжіңнің орталығында орналасқан әлемдегі ең үлкен сарай. Елестетіп көріңізші, бұрын ешкім императордың рұқсатынсыз сарайға кіре алмаған. Заңды бұзған адам өлім жазасына кесілген. «Тыйым салынған қала» 1406-1420 жылдары Мин әулетінің Юнлэ императордың бұйрығымен салынған. Бейжің алыс емес 60 шақырым жерде Ұлы Қытай қорғанының бірнеше бөлігі орналасқан. Бұл тек Бейжің емес, бүкіл Қытайдың көрнекті орнына арналған. Бұл қорған тоғыз мың шақырымға созылып жатыр.

Шанхай қаласы

shanhai

Шығыс Батыспен кездесетін жер. Шанхай — халықаралық деңгейде танылған экономикалық және қаржы орталығы. Мәдениеттердің алуан түрлілігіне толы бұл космополиттік қала өз шегінде болған әрбір адам үшін ұмытылмас естеліктер қалдырады. Шанхайдағы метро желісі әлемдегі ең ұзын болып саналады — 434 шақырым — бұл қаланы айналып өтуге ыңғайлы. Вайтан жағалауы, Конфуций храмы, Француз кварталы, Юй-Юань бағы және базар, Шанхай хайуанаттар бағы Шанхайда болған кезде баруға болатын қызықты орындардың бірі. Әлемдегі ең ірі хайуанаттар бағының ондығына кіретін және Қытайдағы екінші ірі хайуанаттар бағы ерекше назар аударуға тұрарлық. Сондай-ақ Батыс сәулетінің тамаша үлгілерін тамашалауға болатын Француз кварталы да бар.

Чжанцзяцзе ұлттық паркі

Zhangjiajie National Forest Park

Қытайдың Хунань провинциясында орналасқан ғарыштық табиғи парк. Фантастикалық қалқымалы таулар шын мәнінде бар және олар Қытайда. Ия, бұл аңызға айналған «Аватар» фильмі түсірілген жер! Айтпақшы, фильмнің үлкен жетістігінен кейін қытайлықтар тауларды ресми түрде «Халлелуя, Аватар» деп өзгертті.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.