Біз қазақстандық продюсермен кездестіріп, бос уақытын қайда өткізетінін, неден шабыт алатынын, нені тыңдап, көуді ұнататынын және қандай киім брендін таңдайтынын білдік.
Еркебұлан Күрішбаев, 34 жаста, қаласы — Алматы, QARA студиясының бас продюсері, @qeshabulan
Өзім жайлы
Мен жарнамалық роликтер, музыкалық клип және фильмдер түсіретін QARA студиясының бас продюсерімін. Біз сондай-ақ түрлі ивенттерге және OYU музыкалық жобасына продюсерлік етеміз.
Футболды, қала сыртына шығып демалуды және Counter-Strike ойынын жақсы көремін.
Менің ортам мен достарым мамандығыммен байланысты: барлығы да кино немесе шоу-бизнес саласында жүрген жандар.
Не тыңдаймын, оқимын және көремін
Соңғы жылдары тек қазақ әндерін тыңдаймын. Мысалы, Orynkhan, Ali, ARO сынды өнерпаздардың әндері ұнайды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал болуға лайық дарынды орындаушылар.
«Озарк», «Тьма» және «Во все тяжкие» сияқты сериалдар ұнайды. Сценарийлерінің ерекше әрі шым-шытыраққа толы болғаны сондай, қайталап көре беруге болады.
Қазақстандық авторлардың шығармашылықтағы жаңалықтарын қарап жүруге кейде уақыт болмай кетеді. Бірақ мен адамдар бір-бірімен трендтермен және жаңа нәрселермен бөлісетін ортада жұмыс істеймін, сондықтан мен әрқашан қызықты жобалардан хабардармын.
Шабыт жайлы
Мәдени ортада қоғамға пайдасын тигізетін жобалар шыққан кезде шабыт аламын. Дәл осындай тілекпен, ниетпен жас талантты музыканттардың өзін танытуы және адамдарға шығармашылық қабілеттерін көрсетуі үшін OYU-ды құрдық.
Қоғамға пайдасын тигізетін жобалар пайда болған кезде шабыттанамын
«Алматы — еліміздің мәдени астанасы» деп бекер айтылмаған. Бұл жақта шабыт алуға болатын көптеген жер бар. Саябақтар, музейлер мен галереялар, аллеялар, кафелер мен мейрамханалар махаббатпен әрі шабытпен жасалған.
Бос уақытымды қайда өткіземін
Бос уақытымда Панфилов көшесінің бойымен серуендеп, түрлі адамдармен, көше музыканттарымен жолығамын, қызықты дәм татамын. Қаладан 20 минуттық жерде орналасқан таулар мен ормандарды да жақсы көремін.
Алматыдағы ең жақсы көретін жерлерім — Тереңқұр мен Шымбұлақ.
Қаламызда апта сайын көптеген іс-шара өтеді, онда шығармашылық ортадағы әртүрлі адамдармен танысуға, нетворкинг орнатуға, пікірлестермен жолығуа болады. Бұл көрмелер, шеберлік сабақтары немесе кештер болуы мүмкін.
Қайдан не сатып алуға болады
Мен сән индустриясының маманы емеспін, бірақ Qazaq Republic және Howe брендтерін ұсынар едім. Мұнда әрқашан сәнді, стильді және ең бастысы жоғары сапалы киім табуға болады.