facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/47d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/z6px42fo73u1m6bc9frv070w3wcgho1r.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-studentter-shetelde-b-l-m-alyp-r-universitetterde-zertteu-zh-mystaryn-alay-zhasau-a-bolatyny-zhayynda
logo
Қазақстандық студенттер шетелде білім алып, ірі университеттерде зерттеу жұмыстарын қалай жасауға болатыны жайында

03.10.2023

Қазақстандық студенттер шетелде білім алып, ірі университеттерде зерттеу жұмыстарын қалай жасауға болатыны жайында

Қазақстандық студенттер шетелдің беделді университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қалай жасап жатқандары туралы айтып берді.


Айжан Ақшалова, 30 жаста, қаласы — Ковентри, digital marketer, @aya.karmen

WhatsApp Image 2023-09-13 at 11.47.05.jpeg

Өзі жайлы

Мен АҚШ-тағы The Ivy League-пен теңдесетін Russel Group құрамындағы University of Warwick-те магистратураны аяқтап жатырмын. Ол сондай-ақ Ұлыбританиядағы ең үздік 10 университеттің қатарына кіреді.

Мен Hubspot, Similar Web сияқты маркетингтік технологиялар жөнінде және қазақстандық нарыққа ұқсас платформа жасау туралы диссертация жазып жатырмын. Сонымен қатар мен ағылшындық компанияда тағылымдамадан өттім, бұл маған осы тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.

Оқуға түсуі туралы

Мен University of Warwick-ті таңдадым, себебі бұл университет — зерттеу жұмыстары үшін ең жақсы университеттердің бірі. Тек осы салаға жылына миллиард фунттан астам қаржы бөлінеді. Сондай-ақ магистрлік оқуымды әрі қарай докторантурада жалғастырғым келеді, бұған университет қолдау көрсетеді.

WhatsApp Image 2023-09-13 at 11.47.05 (1).jpeg

Мен оқуға «Болашақ» халықаралық стипендиясымен түстім. Үш кезең болды: құжаттарды тапсыру, тестілеу және сұхбат. «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін сізде оффер болуы керек, IELTS 6.5-тен басталуы міндетті және eGov арқылы барлық деректі толтыру қажет. Тестілеуге міндетті түрде дайындалу керек, себебі бұл — SHL тестінің баламасы. Сұхбат кезінде мүмкіндігінше шыншыл болу және магистратурадан кейін Қазақстанды қалай өзгерткіңіз келетіні туралы шынайы бөлісу маңызды.

Зерттеу жұмысы туралы

Менің жобам Қазақстанның нарығын, атап айтқанда, шағын және орта бизнесті зерттеуге, кез келген компанияға өз өнімін немесе қызметін дамыту мақсатында озық құралдарды пайдалануға мүмкіндік беретін маркетингтік технологияларды енгізу және құруға бағытталған.

WhatsApp Image 2023-09-13 at 11.47.06.jpeg

Бұл нарық Қазақстанда әлі зерттелмеген. Мен оны қалай дамытуға болатынын түсінемін. Бізде Kaspi бар, бірақ бұл Hubspot сияқты маркетинг құралы емес.

Ақыл-кеңес

Деректер жинауды мүмкіндігінше тезірек бастаңыз. Нені зерттегіңіз келетінін алдын ала білуіңіз маңызды. Тағы бір маңыздысы — супервайзер. Қатал және егжей-тегжейге дейін мән беретін және сіз үшін шынымен уайымдайтын адамды іздеңіз.


Бану Әбдіқадырова, 24 жаста, қаласы — Эмхерст, студент, @abdibanu98

WhatsApp Image 2023-09-13 at 11.47.23.jpeg

Өзі жайлы

Мен University of Massachusetts Amherst университетінің Mechanical Engineering мамандығы бойынша PhD студентімін. Қазір менің зерттеулерім реабилитациялық робототехникамен байланысты.

Назарбаев Университетінің бакалавриатындағы 1-курстан кейін профессорлардың бірі маған реабилитациялық робототехникаға қатысты ғылыми жобасына қосылуды ұсынды. Бір жылдай уақыт өткен соң конференцияда мақала жарияладық. Конференция барысында неврологиялық аурулары бар адамдарға күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектесетін киілмелі робототехниканың жаңа түрлері бар екендігін біліп, таңғалдым. Осылайша, осы бағыттағы зерттеулерді жалғастырып, докторантураға түсуге үлкен ынта пайда болды.

Оқуға түсуі туралы

Докторантураға тапсыру кезінде университет емес, лайықты жетекші іздедім. Киілетін немесе реабилитациялық робототехника саласы енді дамып келе жатқандықтан, мен осы салада зерттеу жүргізетін профессорларды аздап танитынмын. Мен негізінен АҚШ-қа құжат тапсырдым, өйткені мұнда бакалавр дәрежесін алғаннан кейін бірден докторантураға түсуге болады.

Қабылдау кезіндегі ең қиыны — ғылыми-зерттеу жұмысына профессор табу, өйткені мен ғылыми жетекшінің гранты бойынша оқимын. Сондықтан мен жұмыс істегім келетін профессорларға алдын ала электронды поштамен хат жібердім. Хатта өзім туралы, жетістіктерім мен алдағы зерттеулер аясындағы қызығушылықтарымды қысқаша жаздым. Сондай-ақ мақалаларымның тізімі мен түйіндемемді тіркедім. Оқуға түсуімнің басты факторы ғылыми зерттеулердегі тәжірибем және конференциялар мен журналдардағы мақалалар болды. Құжат тапсырар алдында осы саладағы профессорларға 100-ге жуық хат жазып, бар болғаны 10 жауап алдым. Жауаптарға және өз қалауыма қарай мен университеттердің тізімін жасап, АҚШ-тың 13 университетіне өтінім бердім.

Сондай-ақ GRE және IELTS нәтижелерін, мотивациялық хатты, ұсыныс хаттарды, түйіндеме және академиялық транскриптілерді қоса беру қажет.

Зерттеу жұмысы туралы

Менің зерттеулерім неврологиялық аурулары бар адамдарға арналған робототехникалық құрылғыдарды жасауға бағытталған. Негізгі жобалардың бірі — инсульт алған адамдардың жүріс асимметриясын түзету үшін экзоскелетті қолдану. Қазіргі уақытта адамдарға белгілі бір әрекеттерді орындауға толық көмектесетін экзоскелеттер бар. Дегенмен неврологиялық бұзылыстары бар адамдар үшін бұл әрекеттерді өздері жасауды үйрену және толығымен экзоскелеттің көмегіне сүйенбей, кейбір оң нейрондық өзгерістерге қол жеткізу маңызды.

Әзірге біз экзоскелет жасап, оны сау адамдарға сынап көрдік. Біздің келесі әрекетіміз — қандай да бір нейрондық бейімделудің бар-жоғын тексеру. Осы мақсатта біз нейроимиджингті қолданып көрмекпіз. Экзоскелеттен басқа, біз сауықтыру мақсатында роботты аяқ киім мен айнымалы қаттылығы бар жүгіру жолын жасап жатырмыз.

WhatsApp Image 2023-09-13 at 11.47.23 (1).jpeg

Ғылыми-зерттеу жұмысының тағы бір артықшылығы — біздің өн бойы озық алда келе жатқанымыз. Біз әрқашан осы саладағы соңғы жетістіктерден хабардар болып отырамыз. Сондай-ақ оңалту саласында қолданылатын заманауи әдістерді дамытуға зор үлес қосып келеміз.

Ғылыми жұмыстың қиындығы — кейде бәрі ойлағаныңдай бола бермейтіні. Сізде жақсы идея болуы мүмкін және оны сынауға бірнеше ай жұмсауыңыз мүмкін. Сайып келгенде, нәтиже бастапқыда күткендей болмауы мүмкін.

Ақыл-кеңес

Бакалавриатта оқып жүрген кезде зерттеу жұмысымен мүмкіндігінше ертерек айналыса бастаңыз. Бұл сізге докторантураға түсіп, ғылымды жалғастырғыңыз келе ме, жоқ па, соны түсінуге көмектеседі.

Өтінім беру кезінде сізге көмектесетін ментор табыңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Индонезия, Сингапур және онлайн-визаны рәсімдеуге болатын 13 ел тізімі
Индонезия, Сингапур және онлайн-визаны рәсімдеуге болатын 13 ел тізімі
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері