facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-s-nn-zha-a-k-r-n-s-n-zhasap-shy-aratyn-7-dizayner
logo
Қазақстандық сәннің жаңа көрінісін жасап шығаратын 7 дизайнер

18.03.2019

Қазақстандық сәннің жаңа көрінісін жасап шығаратын 7 дизайнер

Айнұр Тұрысбек, @ainurturisbek

Ainur-turisbek-slider.jpg

Суреттің дереккөзі: beautyfiles.kz

Айнұр Тұрысбек – Алматыдан шыққан ерлер және әйелдер киімінің дизайнері. Өздігінен білім алған дизайнер қазақстандық сәннің шекараларын бұзды және қазірде оның топтамалары Париждегі сән апталығында көрсетіліп, сатылады, ал жұмыстары халықаралық басылымдарда жарияланып отыр.

Айнұрдың қолынан шығатын дәстүрлі қазақ киімі немесе бұйымы әрқашан заманауи, әскери немесе спорттық киімнен алынған өзіндік ерекшелігімен көзге түседі.

Қайда сатып алуға болады: Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 77/8


Бота Бақытжан, @ bibotta_

c50662088a6680d8a3fa1f95c1c23c46.JPG

Суреттің дереккөзі: weart.media

Дизайнер Бота Бақытжан Bibotta бренді арқылы танымал. Жүргенов Академиясының түлегі қазақстандық сән апталығымен ұйымдастырылған Open Way-дің финалисі болып табылады. Бота Ninety One тобымен жұмыс істейді, бейнелі, әрі заманауи образдарды жасап шығарады.

Қайда сатып алуға болады: Қазақстан, Алматы қ., Қабанбай батыр к., 104

Астана қ., Достық к., 10


Әсел Нүсіпқожанова, @assel_official

pPZLJAObKOBfg7leWUGMPg-article.jpg

Суреттің дереккөзі: the-village.kz

Жас дизайнер Әсел Нүсіпқожанова миландық Institute Marangoni оқу орнының түлегі. Әсел New name Fashion номинациясы бойынша ELLE Style Awards 2016 байқауын жеңіп алды. Дизайнерді Орталық Азияның мәдениеті шабыттандырады.

Қайда сатып алуға болады: тапсырыстар инстаграм-аккаунты арқылы қабылданады


Айман Орынбасарова және Шолпан Нұрмұхамедова, @aisho_atelier_

64b1e004-fcaf-44da-a223-cac58e0209d2.jpg

AiSho — жас қазақстандық бренд. Бұл брендтің киімі эксперимент жасап, образыңызды өзгеше көрсетуге мүмкіндік береді. Сапалы және ыңғайлы киім.

Қайда сатып алуға болады: Қазақстан, Алматы қ., Уалиханова к., 170


Айгүл Бейсенова, @bru_inco

262b9dc3-c003-499e-91dd-c4a13ef0b1be.jpg

BRU жас бренді қазақстандық дизайнері Айгүл Бейсеновамен жасалып шықты.


BRU үлгілері талғамға сай әйелдің толық образын жасаған кезде, жан-жақтылығымен және қиыстыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Брендтің әмбебаптылығы BRU үлгілерін бірнеше аксессуарлар арқылы күнделікті киімдерден салтанатты киімге айналдыруға мүмкіндік береді.

Қайда сатып алуға болады: Қазақстан, Самал ықшам ауданы, 2, 111, «Достық Плаза» СО

Астана қ., Достық к., 10


Алима Мырзабекова, @alima_fh

edd9addf-8aee-4415-91bb-6ff7f185f5cf.jpg

Алима Istituto Marangoni италияндық университетін бітірді. Басынан бастап өзін кешкі көйлектердің дизайнері ретінде танытатын, бірақ қазірде кең иықты костюмдер де бар.

Қайда сатып алуға болады: Қазақстан, Астана қ., Қонаев к., 14


Аяжан Жақсыбай, @ aikaalemi

7aa853c2-b59d-4158-bcbc-f537a039af41.jpg

Aika Alemi брендінің негізін салушы. Аяжан бүкіл әлемдегі адамдар үшін киім тігумен айналысады. 2013 жылы Лондонда өткен Scoop International көрмесінде Қазақстанның өкілі болды.

Қайда сатып алуға болады: интернет-дүкенде.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.