facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-e-b-r-nsh-ke-sege-massazh-zhetk-zu-yzmet-turaly
logo
Қазақстандағы ең бірінші кеңсеге массаж жеткізу қызметі туралы

16.11.2018

Қазақстандағы ең бірінші кеңсеге массаж жеткізу қызметі туралы


Тельман Нағашбаев, 28 жаста, туған жері — Орал

Мадина Кузяхметова, 29 жаста, туған жері — Алматы


Жоба туралы

Chairmassage — бұл компаниямыздың атауы. Біз Алматы қаласында клиенттің кеңсесіне барып, мойын-омыртқа аймағына массаж қызметін ұсынамыз. Массаж арнайы креслода 15 минутқа созылады. 15 минут — мойын-омыртқа аймағына жасалатын классикалық массаждың ұзақтығы. Ал қызметкерлерде әрқашан үзіліске 15 минут табылады.

42790681_2051576441566485_2411720677369542715_n.jpg

Мұндай жобаны жасау туралы ой кездейсоқ пайда болды. Кеңседе қызмет ететін адамдарға осындай қызмет түрі қажет екенін түсіндік. Егер біреу келіп, массаж жасаса, олар бақытты болушы еді. Бұл ойға нақты тоқталып, осы жылдың мамыр айында ұқсас жобаларды қарастырдық, атауын, танымбелгісін ойластырып, тамыз айында жұмысқа дайын болдық. Бүгінгі күнде біз кеңсеге массаж қызметін жеткізуді ұсынамыз. Сондай-ақ, массажды қаланың ең керемет жерлерінің бірінде, яғни Smartpoint-та алуға болады.

Біздің жобаның бірегейлігі — Алматы және Астана қалаларында дәл осындай қызмер түрінің жоқтығында. Мекенжайыңыз бойынша келе алатын массаж жасайтын адамдар бар, бірақ біздің формат — бизнес-формат. Ол жұмыс кестесі ауыр кеңсе қызметкерлеріне, отырып жұмыс істейтін, бірақ демалуды қалайтын адамдарға бағытталған. Компания басшыларына қызметкерлердің мейірбандылығын арттыру бағдарламасын ұсынамыз. Өйткені бақытты қызметкер — бұл әрқашан керемет.


Қызметті қалай пайдалану туралы

Біздің қызметті алу үшін массаж қызметіне тапсырыс беру жеткілікті, біз белгіленген уақытта келеміз. Массаж қызметі үшін шағын орын қажет. Қызмет ақысын қолма-қол, картаға аудару арқылы немесе «Раxмет» мобильді қосымшасымен төлеуге болады.

WhatsApp Image 2018-11-12 at 13.04.32.jpeg

Осындай бір 15 минуттық массаждың құны 1500 теңге. Егер кеңседегі қызметкерлер саны бесеуден асса, біз жеңілдік жасаймыз.


Бұл қызмет қала мен адамдарға қандай пайда әкелетіні туралы

Біздің қызметіміздің арқасында адамдар күйзелістен, шаршағыштықтан арылып, жаңа күш қуатқа ие бола алады. Жұмыс өміріміздің көп бөлігін алады, ал адамда әрдайым өзіне бос бір минут табыла бермейді. Сондықтан жұмыс орнынан кетпей, 15 минутты өзіңіздің игілігіңізге жұмсауға кеңес береміз. Сондай-ақ, мұндай массаж бұлшықет кернеуін жеңілдетеді, осылайша қан ағымын жақсартып, оттегінің келуіне көмектеседі. Бұл, өз кезегінде, миға пайдалы әсер етеді, бас ауруларынан, ұйқысыздықтан арылтады.

WhatsApp Image 2018-11-12 at 13.04.31.jpeg

Кеңсеге бару арқылы клиенттеріміздің ақшасын және уақытын үнемдейміз. Және, сәйкесінше, кеңседе салауатты атмосфера құрып, жалпы жұмыс қабілеттілікті арттырамыз.


Жоспарлар туралы

Әрқашан жаңа нәрсе қосуға тырысамыз. Жақында бір ерекшелік енгіздік — клиентке құлақаспапты кигізіп, массаж жасау. Осылайша клиентке демалуға еш нәрсе бөгет етпейді. Бұл ұсақ-түйек, алайда клиенттердің көңілінен шығып жатыр, демек, бізге де жақсы. Кеңсе қызметкерлеріне салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін тағы бірнеше қызмет түрін қосуды жоспарлап жатырмыз. Ал алдағы уақытта Астанада Chairmassage ашқымыз келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.