facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
atyrauda-ekologiya-salasynda-y-biznest-ashu-zh-ne-adamdardy-sanasyn-zgertud-zholy-zhayynda
logo
Атырауда экология саласындағы бизнесті ашу және адамдардың санасын өзгертудің жолы жайында

11.03.2019

Атырауда экология саласындағы бизнесті ашу және адамдардың санасын өзгертудің жолы жайында

Әзілхан Байбатыров, 30 жаста, Атырау облысы, Миялы ауылы, «ЭкоПластик» ЖШС компаниясының директоры

1.jpeg


Өзі жайында


Мен қай жерде болмасам да, адамдарға көмектесіп жүруге тырысамын. Мен басқалардың өмірлеріне бейжай қарай алмаймын, сол себепті әрқашан қайырымдылықпен айналысамын.

Мен ұзақ уақыт Алматыда тұрдым және еріктілік қозғалысымен айналыстым, жастар қозғалысының белсенді мүшесі болдым, кештерге қатысатынмын, флешмобтарды және басқа іс-шараларды ұйымдастыратынмын.


Бизнесі және экология саласы жайында


Экология саласындағы жұмысым – саналы түрде жасалған таңдау. Жас кезімнен бастап мені жаңа технологиялар қызықтырды: күн батареялары, жел электр станциялары. Мен қаламыздағы көптеген азаматтар сияқты мұнайшы бола алар едім, бірақ бұл саланың болашағына сенген жоқпын. Мен үшін пластик – келешегі бар шикізат. Мұнай бір уақытта бітеді, ал пластик қоқысы бізбен әрдайым болады. Сол себепті мен пластикті жаңа алтын деп санаймын. Мен табиғатты қорғау мен сақтауға өз үлесімді қосқым келеді.

Экология саласындағы жұмысым – саналы түрде жасалған таңдау

2016 жылы мен Атырауда «ЭкоПластик» компаниясын аштым. Сол уақытта мен жұмыстан шығып, өз алдыма он жыл бизнеспен айналысамын деген мақсат қойдым. Волгоградтан пластикті өңдеп шығаратын жеке өндірісі бар адамды таптым. Мен онымен хабарластым, оған барып келдім және барлығын өз көзімен қарап шықтым. Одан кейін ақырындап өз жобамды жүзеге асыра бастадым.

3.jpeg

Мен тұрғын үйлерде контейнерлерді орнатудан бастадым. Алғашқы 50 контейнерді 2017 жылы орнаттым. Сол кезде менің ақшам, байланыстарым және мүмкіндіктерім болған жоқ. Контейнерлерді орнату үшін мен 500 000 теңге көлемінде несие алдым.

Біз көмекшім екеуміз барлығын өзіміз жасадық, контейнерлерді орнаттық, кешкі уақытта жинап жүрдік. Жүк көлігіміз болған жоқ, сол себепті контейнерлерді тазалап қою үшін, базаға 50 рейстен жасап жүруімізге тура келді.

Биыл қаладағы контейнерлеріміздің саны 300-ге жетті. Біз пластиктерден бөлек, ақ қағаз, картон, пленка, пакеттерді жинаймыз. Біз шикізатты сұрыптап, әртүрлі жерлерге сатамыз. Қағаз бен картонды Алматыға жібереміз, пластиктің кейбір сұрыптарын Шымкентке, Ресейге жібереміз және шағын бөлігін өзіміз өңдейміз –пакетерден жаяужол тақталарын шығарамыз.

Соңғы 3 жылдың ішінде компанияның штаты айтарлықтай өсті, қазіргі уақытта бізде 30 адам жұмыс істейді.

Экологиялық кодексте өзгерістер қабылданғандықтан, 2019 жылдан бастап түсімнің оң өсімі пайда болды. Нақтырақ айтқанда, енді қоқыс полигондарында пластикті және макулатураны көмуге тыйым салынады. Компанияларға пластик пен макулатураны өңдеуге тапсыру тиімдірек, біздің қызметімізге сұраныс пайда болды. 2019 жылы біз 2 айдың ішінде пластиктің 40 тоннасын және картонның 290 тоннасын жинадық.

Ақ қағазды бөлек жинау бойынша акция өткізіп жатырмыз. Тегін орнату мен қызмет көрсету арқылы кеңселерде 1000 экобокстарды орнаттық. Акция жақында басталды, бірақ біздің болжамымыз бойынша біз ақ қағаздың 10-15 тоннасын жинай аламыз.

9.jpeg


Идея жайында


Біз қаламыздың одан да жақсы, таза және қауіпсіз болғанын қалаймыз. Қоқыстың әрбір түрі өз орнын тауып, қайтаджан циклға ену үшін, ұтымды тәсілдемелерді насихаттаймыз. Қоқысқа деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға тырысамыз.

Біз адамдарымыздың санасын өзгертуді, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретуді қалаймыз

Біз Атырау облысы әкімдігімен бірігіп жеке және заңды тұлғалар үшін тренингтер өткіздік. Аулалар бойынша жүріп, қоқыс жайында пайдалы ақпараттар тараттық. Біз адамдарымыздың санасын өзгертуді, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретуді қалаймыз. Еліміздің әрбір тұрғыны экологияға қатысы бар екенін сезіп, оны қорғауға өз үлесін қосуы тиіс.


Қиындықтар жайында


Менде жақсы бастапқы капиталым болмағандықтан, бұндай бизнесті бастау қиынға соқты. Менің көмекшім төрт ай жұмыс істеп шықты, ол бұл істің идеясына сеніммен қарады.

Біздің адамдар қоқыспен жұмыс істеуді ұнатпайды, сол себепті бізде кадрлар тапшылығы бар.

Басқа да қиындықтар болды. Біздің базамызды екі рет тонап шықты. Біз жұмыс жасаған банк банкроттыққа ұшырады. Біз сегіз ай бойы жинаған ақшамызды ала алмадық. Бұдан біз қиын жағдайға тап болдық.

Оған қоса біздің контейнерлерімізге тұрмыстық қоқыстар түседі. Біз жинап алатын қоқыстың 50 % пластикке мүлдем қатысы жоқ.

2.jpeg


Қала жайында


Мен Алматыда тұрған кезде, жыл сайын бірнеше айға Атырауға келіп тұратынмын. Мен Атырауға 2013 жылы қайтып келдім. Жайлы зонадан шығып, жағдайымды өзгерту үшін, туған қалама келдім. Бұдан бөлек Атырау – келешегі бар қала. «Ақшаны қажет етсең, Алматыға бар, билікті қажет етсең, Астанаға бар, ақша мен билікті қаласаң, Атырауға бар» деп бекер айтылмаған. Менің ойымша, бұл өзіңді танытуға болатын мінсіз қала.

Атыраудың ерекше қыры – көпұлттылық, сіз осыншама шетелдіктерді Қазақстанның ешбір қаласында кезіктірмейсіз. Бұл бізге, қала тұрғындарына, жаңа мәдениеттермен танысып, тілдерді үйренуге көмектеседі.

Тек біздің қаламызда шетелдік азаматтар қазақ тілін түсінеді, тіпті кейбіреулері тілді мінсіз деңгейде меңгерген. Сіз қаламызда қазақ тілінде менен күшті сөйлейтін немісті немесе Абайдың сөздерін жатқа айтатын белорусты кездестіре аласыз.

Атыраулықтар – ашық, адал, өрескел, турашыл адамдар

Мен жағалау бойымен серуендеуді ұнатамын, бұл қаладағы сүйікті жерім. Саяхатшыларға Сарайшық тарихи кешенге баруды ұсынамын.

Атыраулықтар – ашық, адал, өрескел, турашыл адамдар. Қала тұрғындарымыздың бойында жауынгерлік рух сезіледі. Тұрғындардың 90 % қазақша сөйлейді, бұл мен үшін үлкен артықшылық.


Жоспарлар жайында


Біз жеке өндірісін жөнге қоятын, ірі және маңызды бизнес болуды қалаймыз. «Спецавтобаза» компаниясымен бірігіп, қоқыс-сұрыптау бағытын құруды жоспарлап жатырмыз. Бұл бағыттың аясында біз пластик шыныларды өзіміз өндіре аламыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас