facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bfb/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bfbbd1221af334fa0eb406688cc2e9ec.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
atyrauda-ayda-baru-a-bolady-ginnes-rekordtar-k-tabyna-k-rgen-k-p-r-zen-boyymen-seruendeu-50-sh-zhyldardy-stil-ndeg-sayaba
logo
Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ
Таңғажайып Қазақстан

11.01.2020

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ

Жайық өзенінің жағалауы


Атырауға келген кезде міндетті түрде Жайық өзенінің жағалауына бару керек.

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ

Жылдың жылы мезгілінде жергілікті тұрғындардың және қонақтардың ең танымал қызығушылығы өзенде теплоходпен серуендеу.


Азиядан Еуропаға апарар жаяу жүргіншілер көпірі


Атырауда әлемнің басқа бөлігіне ең бюджеттік саяхат жасауға болады. Ол үшін көпір арқылы басқа құрлыққа өту жеткілікті. Көпір 2001 жылы салынып, тұрғындардың мақтанышына айналды. Сондай-ақ Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын жаяу көпір ретінде енгізілген, оның ұзындығы 551 метр.

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ


Ретро паркі


Қала тұрғындарының тағы бір сүйікті демалыс орны — Ретро-парк. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдарының классикалық емес стилінде жабдықталған. Саябақта жаяу жүргіншілер аймағы жақсы ойластырылған, амфитеатр , Жайық өзенінің жағалауына шығатын жол, дәмхана, көрме павильондары, субұрқақтар және тіпті жасанды тоған бар.

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ

Саябақта «Дос-Мұқасан» музыкалық ансамбліне ескерткіш орнатылған. Оның ашылуына музыканттар қатысты.


Тарихи-өлкетану мұражайы


Қала тарихы мен қазақтардың ежелгі әлемімен танысқысы келетіндерге Атыраудағы тарихи-өлкетану мұражайына бару керек. Мұражайда түрлі тақырыптармен бөлінген экспозициялық залдар көп. Шетелдік туристерді қазақтардың мәдениеті мен тұрмысын баяндайтын экспонаттар жиі қызықтырады. Қазақстанның түрлі қалаларынан келген қонақтар аймақтың флорасы мен фаунасы туралы материалдар жиналған залдарға үлкен қызығушылық танытады. Бұл жерде әр түрлі дәуірде кім тұрғанын білуге және сирек кездесетін құстар мен жануарлардың экспозициясын бағалауға болады.

Мекен-жайы: Бауыржан Момышұлы көшесі, 3

Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 10:00 — 18:00

Кіру: ересектерге арналған билет — 200 тг, зейнеткерлер мен студенттерге — 120 тг, мектеп оқушыларына — 100 тг, мектеп жасына дейінгі балаларға — 50 тг

Байланыс телефоны: 8 7122 323 664


Traveler's Coffee Atyrau


Атыраулықтар бұл кофеханаға қала қонақтарына баруға кеңес береді. Онда дәмді тағамдар жеп, демалуға және достармен кездесуге болады. Бұл орынды таңдаудың басты қағидаларының бірі — вегендар және вегетариандықтар үшін арнайы ас мәзірінің болуы мен тамаша таңғы астары.

Мекен-жайы: Құлманов көшесі, 154а

Жұмыс уақыты: ДС-ЖС 08:00 — 24:00

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ


Исатай және Махамбет алаңы


Серуендеу үшін атыраулықтардың дәстүрлі жері. Кешкісін қала тұрғындары мен қала қонақтары мұнда демалады,ал мереке күндері киіз үйлер, сахна, түрлі концерттер өткізіледі. Атыраулықтар алаңды серуендеу үшін тамаша орын деп санайды және мұнда келуге кеңес береді.

Атырауда қайда баруға болады: Гиннес рекордтар кітабына кірген көпір, өзен бойымен серуендеу, 50-ші жылдардың стиліндегі саябақ


«Дина» сауда орталығы


Барлығын табуға және сатып алуға болатын орын. «Дина» — адамдар ең көп келетін Атыраудағы сауда үйі. Онда туған-туысқандары мен жақындарына сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алуға, көптеген қызықты заттар табуға болады. Атыраулықтар бұл жерден ірімшіктен жасалған астрахань пирогын сатып алуға кеңес береді.


Beer House Bavarius, Buffalo Grill, Barmaglot Atyrau


Атыраулықтар бұл жерді тамаша атмосфералық орын ретінде ұсынады, онда кешке достарымен отырып, демалуға, дәмді ас ішуге болады. Beer House Bavarius-да вегандарға арналған арнайы ас мәзірі бар.


Фотоның дерек көзі: @abunasyrakimov


Материалды жасауға көмек көрсеткендері үшін Динара Сайдахметоваға, Адильхан Елемесовқа, Аякоз Смагуловаға алғыс білдіреміз. .

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.