«Соңғы уақытта қала тұрғындары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен подъездерінде газ иісінің тарап кетуі немесе газ желілерінің істен шығуына қатысты көп түседі. Сондай-ақ апаттық-диспечерлік қызмет жоқ. Бүгінгі таңда газдың тарау салдарын жою және жөндеу жұмыстары ұсынылған смета бойынша жиналған мақсатты қаржы есебінен жүзеге асыралады. Осыған орай елордалық Тұрғын үй инспекция басқармасы қалада үйішілік газ қызметін құруды ұсынып отыр», - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Сондай-ақ, осы проблеманы шешу үшін материалды-техникалық база мен подъездердегі газ иісін және оның таралу себебін жоюмен айналысатын оқытылған штаттық мамандары бар үйішілік газ қызметін құру ұсынылғаны айтылады.
Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz