Әлем халықтарының тағамдарынан дәм татып, басқа елдердің мәдениетімен танысуға болатын жерлердің топтамасын жасадық.
Ұлттық тағамдар
Qazaq Gourmet, @qazaq.gourmet
Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, көшпенділердің ежелгі рецептілерінің қайта жаңғырғанына куә бола отырып, тарихқа саяхат жасайсыздар.
Tary Coffe, @tary.coffee
Этникалық стильдегі жаңа заманауи мекеме. Мұнда әрбір ұлттық тағамның тарихын біліп, табиғи сүт өнімдерінен дәм татуға болады.
Мексика тағамдары
El Burrito, @el_burritoo_
Бұл мекемеде мексикалық тағамдар ұсынылған: буррито, такос, боулдар, кесадилья, начос және т.б.
Nopal, @nopal.kz
Нағыз Мексика тағамдары. Мексикалық аспаздар ең дәмді буррито әзірлеп береді.
Неміс тағамдары
Muller, @mullerastana
Неміс және еуропалық тағамдар ұсынылатын дәмхана. Мұнда тегін Wi-Fi, автотұрақ бар, сондай-ақ жанды музыка ойнап тұрады.
Бразилия тағамдары
Rio, @rio_astana
Бразилияның Астанадағы ыстық бір бөлшегі. Сіздерге аспаз Roberto Santos тамақ дайындайды. Мұнда дәстүрлі бразилиялық тағамдар ұсынылады.
Үнді және паназиат тағамдары
«Көктем», @cafekoktem
Отыратын орын көп, атмосфералық музыка ойнап тұрады және көптеген тағам түрлері бар. Сондай-ақ жазғы дәмхана және фастфудқа тапсырыс беру мүмкіндігі бар.
The India Gate, @theindiagate.kz
Бұл мейрамхана үнді тағамдарын ұсынады. Елордадағы колоритті орындардың бірі.
Өзбек тағамдары
Kok-saray, @koksaray_astana
Мекеме өзін «Дұрыс өзбек тағамдары» деп атайды. Палау, манты және лағман — әрқайсысынан талғамыңызға сай келетінін табасыз.
«Наша Узбечка», @nashauzbechka
Тәулік бойы жұмыс істейтін өзбек асханасы. Шығыс мәдениетін ұнататындар мұнда дәстүрлі тағамдарды да, ерекше тағамдарды да таба алады.
Uchquduq, @uchquduq_restaurant
Заманауи колориттегі жайлы шығыс мейрамханалар желісі. «Uchquduq» мейрамханасы —отбасылық мерекелер мен көптен күткен кездесулер үшін таптырмас орын. Мейрамханаларда сондай-ақ шағын ортада қандай да бір мереке немесе шараны атап өтуге арналған VIP-бөлмелер бар.
Кәріс тағамдары
Peek-a-boo, @peekaboo_eat
Оңтүстік Корея тағамдары. Бар мәзірінде ерекше лимонадтар және түрлі кәріс шырындары мен сусындарын табасыз.
Kakao Dak, @kakaodak_kz
Бұл жер әріптестеріңізбен және достарыңызбен кездесіп, дәмді ас ішуге қолайлы.
Korean Street Food, @ksf.astana
Оңтүстік Кореяның тез әрі жылдам тамақтану желісі. Мұнда тағам түрлері өте көп және тамақтың дайын болуын ұзақ күтпейсіз.
Korean House, @korean_house_kz
Korean House-тың тұжырымдамасы — Оңтүстік Кореяның бір бөлшегі, оның таңғажайып тағам түрлерімен танысу мүмкіндігі.
«Ми Ген», @migen_astana
Мейрамхана кәріс тағамдары мен еуропалық жайлылықтың үйлесімі саналады.
Koreana BBQ, @koreanabbqastana
Мұнда банкеттер өткізуге, отбасылық мерекені тойлауға және т.б. болады. Мәзірден белгілі бір тағамдарды дайындауға болатын барбекю үстелдері де бар.
Түрік тағамдары
Honey Turkish Cafe, @honey_turkishcafe
Дәмді түрік асханасының үлкен таңдауы — таңғы астан кешкі ас пен жеңіл тағамдарға дейін. Тағамның ерекше дәмі мен интерьері ешкімді бейжай қалдырмаы анық.
Mado, @madokazakhstan
Мекеменің ерекшелігі — ешкі сүтінен әзірленген дәстүрлі балмұздақ. Мұнда түрік асханасының ең дәмді десерттерінің дәмін татып көруге болады.
Degirmen, @degirmen.astana
Түркияның Астанадағы бір бөлшегі. Мұнда отбасыңызбен немесе достарыңызбен келуге болады.
Француз тағамдары
Paul, @paul_kazakhstan
Түрлі француз круассандары ұсынылған кафе-наубайхана. Бұл — 47 елде орналасқан мейрамхана-кафе-наубайханалар желісі.
Әзербайжан тағамдары
Mirvari, @mirvari_ast
Негізінен әзербайжан тағамдары ұсынылатын колоритті мейрамхана. Мұнда самаурыннан дәмді шай ішіп, дәстүрлі әзербайжандық рецепті бойынша әзірленген кәуап және басқа да ет тағамдарынан дәм татуға болады.
Грузин тағамдары
«Грузин Кузин», @gruzin_kz
Мейрамхана интерьерінен грузин қонақжайлылығы мен жоғары мәдениет атмосферасы еседі. Тағамның үлкен порциялары кез келген қонақты қуантады.
Gemrieli, @cafe_gemrieli_
Жағалаудың жанында орналасқан жайлы зал қонақтарына дәмді ас ұсынады. Ас мәзірінің бағасы да қолжетімді.
«Дареджани», @daredzhani
Тағамдарға арналған дәмдеуіштер Грузиядан жеткізіледі. Мейрамхана ыстық хачапури, аппақ қамырдағы хинкали және талғамыңыздан шығатын шарап ұсынады. Нағыз гурмандар мен грузин тағамдарын ұнататын жандарға арналған орын.
Osoba, @osoba.ge
Грузиядан келген аспаздар, жанды дауыстағы әндер мен үлкен порциялар.
Итальян тағамдары
La Mia Pizza, @la_mia_piazza
Мұнда Италияға тап болғандай күй кешесіз. Әдемі интерьері және итальян тағамдардың үлкен таңдауы бар.
Del Papa, @del_papa
2019 жылы компания мейрамханаларының интерьер стилін толығымен жаңартты. Бүгінгі таңда Del Papa заманауи итальян мейрамханасының идеясын ұстанады.
Жапон тағамдары
Momo, @cafemomo.astana
Мұнда жапониялық аспаз әзірлеген тағамдар ұсынылады.
Серб тағамдары
«Сербский Роштиль», @roshtil_astana
Елорданың ескі орталығындағы Сербияның бір бөлшегі. Жалғыз дәстүрлі серб асханасы, өздері жасайтын салқын сыра, тыныш интерьер және көптеген тағамдар демалысыңызды ұмытылмастай етеді.