Аспет Бекмурзаева, туған жері — Көкшетау, кәсіпкер
Италия — Қазақстан
Мен 2012 жылы Италиядан Астанаға «Қазақстан барысы» жобасында жұмыс істеу үшін көшіп келдім. Бұл — ұлттық күрес бойынша турнир. Онда менің PR-маман ретінде қолдауым керек болды. Жобада өз жұмысымды атқарып, қайта кетемін деп жоспарлағанмын, бірақ жобада болашақ жолдасымды кездестірдім.
Тұрмысқа шықтмы. Ұлымыз дүниеге келді.
Жүрегімді тыңдадым, өйткені өз адамымды кездестірдім. Сондай-ақ Қазақстанды да сағындым. Біз кез-келген уақытта басқа елде бола алатындай кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Мен саяхатшымын. Екі жыл сайын паспортымды ауыстырамын. Әрдайым қозғалыстамын, ұшақта тұрамын. Сондықтан көшу туралы шешімді тез және оңай қабылдадым.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайлы
Алғаш рет елордаға 2001 жылы келдім. Ол кезде телеарнада тағылымдамадан өттім. Астана маған бірден ұнады. Қызықты адамдар тұратын қала.
Көкшетауда туғандықтан, маған жергілікті ауа-райы ыңғайсыздық тудырмайды. Қыс пен солтүстікті жақсы көремін. Мұнда төрт мезгілдің барлығы кездесетіні ұнайды. Және мұндай көк аспан басқа ешқандай жерде жоқ.
Қыс пен солтүстікті жақсы көремін
Маған астаналықтардың алматылықтардан айырмашылығы бар деп айтатын. Бірақ тұрғындардың жартысы — бұрынғы алматылықтар. Сондықтан үлкен айырмашылық көргенім жоқ.
Өзіме жұмыс табу қиын болмайтынын білгенмін. Еуропалық білім алдым — бұл үлкен артықшылық.
Астанадағы өмір жайлы
Мен үшін әрбір қала — әйел. Және Астана — жас және өзіңе сенімді әйел.
Сондықтан елорда — жастар қаласы. Бұл жерге карьера үшін келеді. Мұнда әрдайым басқалардан озып, кәсіби маман болып, ешнәрседен қорықпау керек. Егер сен еңбек етсең, Астана саған дұрыс қарым-қатынас береді.
Елордада тыныш, әрі біркелкі болған уақыт өтті. Қала сағат сайын өсуде, тұрғындардан шоғырлану мен назар аударуды талап етеді. Бүгінгі күні Астанада, Алматыдағыдай күнде іс-шаралар ұйымдастырылады. Сен қайда барып, нені таңдарыңды білмейсің.
Елордада тыныш, әрі біркелкі болған уақыт өтті
Қаланың заманауи тұрғыны — өмірге құштарлығы бар адам. Қазір әр орында компьютермен жұмыс істеп жатқан адамды көруге болады. Бұл бізде креативті, шығармашыл адамдардың көбейіп, онлайн-жұмыстар пайда болуда деген сөз.
Біз қалада адамдар бізге келе бергісі келетіндей жағдай жасауымыз керек. Мұнда дамуға үлкен мүмкіндік бар. Бізге ең үздік көшбасшылар келіп, адамдардың білімі мен көзқарас деңгейінің өскенін қалаймын.
Астана — мен үшін туған қаламдай. Мұнда мен достар таптым. Менің айналам өте сапалы — кезінде елордаға көшіп, тұлға ретінде қалыптасқан, кәсіпкер-әйелдер. Біз мен қоғамдық қызмет жасап, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының жастар қанаты басқармасының төрағасы болған кезімде таныстық. Әлі де араласып, бір-бірімізді қолдаймыз.
Қызметі жайлы
Көшу кезінде мен PR-маман және маркетолог ретінде қалыптасқан болатнымын. Бірақ бала туғаннан кейін, біреуге жұмыс істегім келмейтінін түсіндім. Жұмысқа аз уақыт бөлетіндей, мүмкіндіктер іздедім.
Сондықтан жолдасым екеуіміз Алматыға оның кәсібін дамыту үшін көшкенімізде, мен дене мен бетке жасалатын скульптуралық массажға қызыға бастадым. Алдымен өзім курсын өтіп, 21 келі салмақ тастадым. Кейін бұл саланы дамытуға болатынын көріп, өзім оқып аламын деп шештім. Біртіндеп Алматыда танымал бола бастап, өз студиямды аштым.
Екі жыл бұрын Астанаға қайта оралдық. Бұл саланы осы жерде дамыта бастадым. Ол кезде Астанада инъекциялар танымал болды, ал мен скульпторлық массажды нарыққа енгізе бастадым. Алғашқы клиенттерім менің оқырмандарым болды. Ал үш айдан кейін менде аншлаг болды.
Маған менің жас аналарға отбасын ұмытпай, ақша табуға көмектесетінім ұнайды
Елордада мастерлерді оқыта бастадым. Мен ұсынатын техника — әлемдегі барлық техникалардың миксі. Бұл білімімді шәкірттеріме беремін. Қазір олар Қазақстан, Рессей, Ұлыбритания, Италия, АҚШ-да жұмыс істейді. Олардың арасында үздік мастер болып, басқаларын оқытып жатқандар да бар. Маған менің жас аналарға отбасын ұмытпай, ақша табуға көмектесетінім ұнайды.
Маған процесс және істеп жүрген ісім ұнайды. Студияны басқа қалаларда ашуды ұсынған, бірақ мен кәсіпке басыммен кеткім келмейді. Сондықтан сатуға франшиза дайындап жатырмын.
Қала қалай әсер етті
Астанада менің отбасым пайда болды. Болашақ туралы ойлауды үйрендім. Адамдардың тек жақсы қасиеттерін көремін, позитивті ойлаймын.
Астанада мен кәсіпкер, адамдар сенетін маман болдым.
Өмір жолымда мен ештенені іздемеймін, барлық жақсы нәрсе мені өзі тауып алады деген сенім қалыптасты.