facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
angliyada-y-aza-tar-alina-makenzi-grafty-au-pt-london-zh-ne-patriotizm-turaly
logo
Англиядағы қазақтар. Алина Макензи графтық, қауіпті Лондон және патриотизм туралы
Өмір сүру стилі

21.07.2018

Англиядағы қазақтар. Алина Макензи графтық, қауіпті Лондон және патриотизм туралы

Алина Макензи, 34 жаста, туған жері — Атырау, Real Estate Regul Atyrau жылжымайтын мүлік агенттігінің негізін салушы



Атырау — Лондон



23734885_158475418092668_4069349369701203968_n.jpg

Отбасымызбен Атыраудан Англияға көшіп келдік. Күйеуім Атыраудағы компанияда жұмыс істеді және сол компания өз қызметін тоқтатқаннан кейін біз көшуді шештік. Компанияның бас кеңсесі Лондонда орналасқан, біз сонда көштік. Компания пәтермен қамтамасыз етті.

Лондонға қонақ ретінде келу және өмір сүру үшін келу — бұл екі түрлі нәрсе. Көшкенге дейін Лондонға күйеуімнің ата-анасымен танысу үшін келдім. Сол кезде орындар мен әдемі жерлерге тәнті болдым. Қала маған теледидардағы жан кірген сурет болып көрінді.



Қиындықтар туралы



Алайда, жаңа келген кезде түрлі қиындықтар пайда болды. Ең бірінші қиындық — тілдік кедергі. Ағылшын тілінде сөйлей білу барлығы жақсы болады деп кепілдік бермейді. Англияда түсүнуге қиын, бұрын кітаптан оқымаған түрлі диалекттермен, сөз тіркестерімен жиі кездесесің. Екінші қиындық — үйімді сағынатынмын. Бірінші жыл қиын болды.

8765.jpeg

Маған әлеуметтік желіде мен сияқты қыздар отыратын топты тапқаным көмектесті. Олар да мен секілді бұрынғы посткеңестік аумақтың елдерінен келген және біздің көптеген ортақ нәрселеріміз табылды. Кейін мен кез келген адам үйренбеген ортаға түскен кезде екі жыл бойы жағдайларға бейімделетіні, психологиялық жағынан қабылдауға дайындалатыны туралы мақала оқыдым. Сонда жай ғана бұл уақыттың аяқталуын күтемін деп шештім. Қазір өзімді жеңіл сезінетінімді айта аламын.

Сондай-ақ, Англияда заңды білу маңызды. Мұнда көшіп келіп, заңдар мен ережелерді үйрену міндетті. Есімде, алғашқы кезде барлық қиындықтар мен жағымсыз жағдайлардан аулақ болу үшін күйеуіммен бірге жүретінмін.



Адамдар туралы



25014101_150089155640048_2422637450758193152_n.jpg

Көбісі ағылшындарды консервативті деп санайды. Олар бізге қарағанда байыптырақ. Мәселен бізде «қасқыр жүректі» немесе «өткір тілді» деген түсініктер бар, ол ойланбай, ештеңеден қорықпай көп сөйлейтін адам. Ағылшындар бұл тарапта байқампаз. Барлық істеп, айтатын нәрселерін олар алдын-ала ойлап алады. Бұл олардан үйренуге қажет ең бірінші және негізгі қасиет деп ойлаймын. Тағы ағылшындар көңіл көтеруді біледі деп айта аламын, алайда көп адамдар оларды қызықсыз деп санайды. Олар көңілді, әдепті және көп әзілдейді. Сондай-ақ, ағылшындар ешқашан кешікпейді, өйткені олардың әрбір жұмысы есептеледі, бұл оларды ешқашан кешікпеуге үйретті. Кешіккендері үшін олар айыппұл төлейді.

Ағылшындардың негізгі қасиеттері — сыпайылық. Кейбір адамдар бұны шынайы деп есептемейді. Сонымен қатар олар әрқашан күлімдеп жүреді.



Лондон — Норфолк



Лондонда аз уақыт өмір сүрдік. Лондон өте танымал әрі әдемі жер. Алайда, көптеген туристтер бірталай қауіп, көлік және ластануды атап айтады. Сондай-ақ, Лондон өмір сүруге арзан қала емес. Біз баламызға қолайлы болсын деп көшетін жаңа орын іздедік.

27893802_1701964559865034_3012084139760287744_n.jpg

Англия графтықтарға бөлінеді. Олар біздің облыстар секілді. Қазір Лондоннан 1,5 сағат, Кембриджден 40 минут жердегі Норфолд графтығында тұрамын. 30-40 минут жерде теңіз бар. Қалаған кезде кез келген жағажайға баруға болады: құмды немесе тасты.

Норфолк графтығы Англияның жасыл әрі тыныш аймақтарына жатады. Бұл біз орынды әлдеқайда тыныш болғандықтан таңдадық. Бұл экологиялық жағынан да жақсы жерлердің бірі. Осы графтықта әйгілі Снэдрингхем орманы мен Елизавета патшайымының жазғы резиденциясы орналасқан.



Тұрғын үй, бағалар және коммуналды қызметтер туралы



Мұндағы технологиялар бізбен салыстырғанда әлдеқайда дамыған деңгейде, бірақ бұл Қазақстан артта қалып жатқан сөз емес. Қазақстанда, мәселен, барлығы қай қаланы қарастыратынға байланысты. Егер Орал туралы айтатын болсақ, онда барлығы қымбат емес, ал Астана мен Алматыны алатын болсақ, онда тамақтан бастап тұрмыстық қызметтерге дейін барлығы қымбат. Сондай-ақ, мұнда баға сегментінде таңдау бар. Егер қымбат емес тауар қажет болса, әрқашан жергілікті брендтерге жүгінуге болады. Қазақстанда ондайлар аз, нарықтағы басыңқы тауарлар импортталған.

20589918_490348377983031_1661085409251164160_n.jpg

Англияда коммуналдық қызметтер қымбат, себебі ағылшындар табиғи ресурстарды босқа кетірмеу керек деп санайды. Ешкім де бізде секілді краннан суды жай ағызбайды — бұл қымбат. Коммуналды қызметтер үшін баға жалпы сомаға кіреді, тіпті балабақшаларда да.

Бірақ медицина қызметтері тегін.

Бензин қымбат, сол себепті көп адамдар жанармай ретінде дизельды пайдаланады. Ауа-райы ол үшін қолайлы: ыстық та емес, суық та емес.



Англия не бергені туралы



Англия маған өзгеше ойлауды, адамдарға басқаша қарауды үйретті. Менің рухани дүнием байыды, тереңірек ойлана бастадым. Табиғат өте үлкен ықпал етеді, рахаттандырады.

26866800_1803413983293566_8586011212389548032_n.jpg

Англия менің мінезіме жақсы ықпал етті. Біріншіден, кешігуді доғардым. Егер бұрын Қазақстанда мені 14:00-ге шақырса, мен 17:00-де келетінмін. Мені күтетін адамдардың уақытын құрметтеуді үйрендім, себебі олар ол үшін ақша төлейді.

Сондай-ақ, менің мінезім тынышталды. Англияда агрессия аз. Қазақстандықтар ашуланшақ. Біз кейбір кезде эмоцияға беріліп кетеміз: егер бір нәрсе ұнамаған жағдайда айқайлап немесе өзімізді қолда ұстай алмай қаламыз. Мұнда өзімді ұстауды үйрендім. Негізінен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, күлімдеп, бір-бірінің жағдайына түсіністікпен қарап, шешуге тырысады.



Жоспарлар туралы



25024186_168349783770580_8510158890191552512_n.jpg

Отаныма оралуға қорқыныш жоқ. Мен оны жақсы көремін және қандай жағдай болмасын әрдайым оны қорғауға дайынмын. Англияда ешкімге Қазақстанды жаман жағынан әңгімелеуге жол бермеймін. Кемшіліктер бар екенін түсінемін, бірақ сыртқы ортаға жаман нәрселерді шығарғым келмейді. Егер келешекте Қазақстанға оралатын жағдай туындаса, мен бұны қуана-қуана істеймін.

Жалпы менің өмірім отбасыма байланысты және өмірімді олармен жалғастыруды жоспарлаймын. Егер жұбайым Еуропаның басқа қаласына көшуді шешсе, онда басқа елдің мәдениеті мен дәстүрлерімен қуана танысамын.

Испанияда жылжымайтын мүлігіміз бар, онда жылына бір немесе бір жарым айға барып тұрамыз. Болашақта, қартайған кезде мүмкін сол жақта түпкілікті қаламыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.