Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/442/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4428aed4e4d650aaee5d58c4aef4bc2a.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alay-aza-stannan-franciya-a-k-sh-p-google-de-ba-darlamashy-bolyp-zh-mys-steu-zhayly
Қалай Қазақстаннан Францияға көшіп, Google-де бағдарламашы болып жұмыс істеуі жайлы
512

27.05.2020

Қалай Қазақстаннан Францияға көшіп, Google-де бағдарламашы болып жұмыс істеуі жайлы

Назерке Қалидолда, 24 жаста, қала — Париж, Software engineer at Google, facebook

image-25-05-20-10-24-5.jpeg

Алматы — Париж

Мен университетті 2018 жылдың маусым айында бітіріп, Қазақстанда жұмыс істей бастадым.

Шілде айының соңында Google компнаиясының онлайн-турынан өтіп, қыркүйек айының соңында мені сұхбатқа шақырды. Таңдауымда Париж, Лондон, Мюнхен, Дублин, Варшава және Цюрих болды. Мен Парижді таңдадым, өйткені маған сол қала қызықты болды.

Францияға келіп, сұхбаттан өттім. Бір айдан кейін маған жауап берді. Тағы төрт ай виза күтіп, одан кейін көштім.

Парижге 2019 жылдың ақпан айында Google-да software enginee қызметінде жұмыс істеу үшін көшіп келдім.

Көшу кезіндегі қиындықтар жайлы

image-25-05-20-10-24-1.jpeg

Мен француз тілін білмей көшіп келдім. Баспана, құжаттар және басқа да мәселелер бойынша мүлдем келісуге мүмкіндік болмады. Ағылшын тілін білетін адамдарды табуға тура келетін. Google-да жұмыс істеу үшін француз тілін білудің қажеті жоқ. Компания ішінде бәрі ағылшынша сөйлейді. Сондықтан француз тілін оқымауыма болады деп ойлап жүрдім, бірақ жергілікті тұрғындар менімен французша сөйлеседі. Тілді осы қыста үйрене бастадым. Осы жерде тұратындықтан тілді тез үйреніп келемін.

Сондай-ақ көшу кезінде барлық әлеуметтік сақтандыруларды алу керек. Францияда қағаз жұмысы көп. Алдымен банк картасын алу керек. Ол үшін ұялы телефон мен мекен-жай қажет, ал келісім-шарт үшін француз карточкасы қажет тағы сол сияқты дүниелер. Бұл шешімі жоқ түйінге ұқсайды. Мұнда адамға көшіп келу үшін, қарапайым жағдай жасалмаған. Бұл көп қиындық әкеледі. Бірақ бастысы — банк картасын алу. Кейін жеңілірек болады.


Франциядағы өмір жайлы

image-25-05-20-10-24-4.jpeg

Еуропалық елдердің бәрінде бір-біріне мейіріммен қарайды. Бірақ мұнда емес. Мен жергілікті тұрғындар қатал және мейірімсіз деп ойлайтынмын. Бірақ Францияның түрлі қалаларына барып, өз көзім жеттім. Ал француздардың өмірге көзқарасы мүлдем бөлек, олар кеңдікті жақсы көреді.
Қазақстаннан Францияға көшіп келгенде, айырмашылық байқалды. Барлық төлемдеріміз онлайн өтеді. Кейбіреулерін Telegram-бот арқылы істеуге болады. Барлығы жаңа бірдене ойлап тапқысы келеді. Мұнда бәрі қағаз бойынша, баяу.

Францияда тұрып, көптеген қағаз ахаттарды аласың, оларды сақтауға тура келеді. Мысалы, егер банкте сіздің құжаттарыңызды жоғалтып алса, автоматты түрде сізге айыппұл салынуы мүмкін. Дәлелдеп шығу үшін барлық қағаздарды сақтап, бірге алып жүру керек.
Сондай-ақ француздар чектерді қолданады. Кей жерлерге бара алмаймын, өйткені олар тек чектерді қабылдайды.
Маған Париж адамдары үшін ұнайды. Олар көп, әртүрлі, әлемге түрлі көзқараспен қарайды, олармен араласқан ұнайды. Тұрғындар қарапайым киінеді.

Маған француздардың тамақ ішкені таңқалдырды. Мен десерттерді жақсы көрмеймін, бірақ мұнда тәттіні көп жеймін. Тамақ жеп болғаннан кейін сіз даяшыдан чекті сұрасаңыз, ол сізге қайтадан мәзірді әкеліп беру мүмкін. Өйткені, тамақтан кейін сен десертке тапсырыс беру керексің. Таңғы астар мұнда өте жеңіл, түскі асты сыр қосылған багетпен бітіреді. Түстен кейін міндетті түрде кофе ішеді. Кешкі асқа бір сағат қалғанда апероль ішеді.

Сондай-ақ француздарға жергілікті өндіріліген тағамдарды жеу маңызды. Мәзірде «100% француз еті» деген жазуды кездестіруге болады.

Көшкенге дейін міндетті түрде тілді үйренуге кеңес беремін. Тым болмаса бірнеше сөздерді жаттап алу қажет. Француздар ағылшын тілінде сөйлескенді ұнатпайды.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен араласуға кеңес беремін. Оларға қарап, үйрену керек.

image-25-05-20-10-24-6.jpeg


Қызметі жайлы

Дипломын болған кезде алпауыт компанияларға жұмысқа тұру оңай. Сенен ештене талап етілмейді, тек сенің қалай ойлатынынды қарайды.

Алғашқы сұхбат онлайн, кейінгі төртеуі кеңседе өтті. Бір сұхбат 45-60 минут өтеді. Барлығы жүйелі, нон-стоп режимінде жұмыс істейді.

Басында саған оңай тапсырма беріп, кейін қиындарын береді. Барлығы сұхбат алушыға байланысты. Егер берілген тапсырманы орындамаса, сұхбаттан өтпедің деген сөз емес. Сондай-ақ барлығын жақсы тапсырсаң да, өттің деген сөз емес. Жұмыс берушілер сенің тапсырманы қалай орындағанына қарамайды, сенің сараптамалық қабілеттеріне баса назар аударады.

Алғаш рет жұмысқа келіп, кешке дейін жұмыста қалғанымда менеджер маған «Сен аптасына қанша уақыт жұмыс істеу керек екенінді білесің бе? Одан артық жұмыс істеуге болмайды» деп ескерту жасады. Осының себебінен мұнда бәрі баяу.

image-25-05-20-10-24-2.jpeg


Көшу қалай әсер етті

Менің қарым-қатынас жасау дағдыларым өзгерді. Жаңа хоббилерім пайда болды. Бұрын қызық көрмейтін дүниелерге қызыға бастадым.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.