Нурали Бейсекожа, 14 жаста, туған жері — Алматы, қобызшы, композитор, пианист, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, @beisekozhanurali
Өзі және музыка жайлы
Мен музыкант, автор және орындаушымын. Қобыз бен фортепианода ойнаймын. Бүгінгі күні 100-ден астам шығармам бар. Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбекқызы маған «Қазақстанның ең жас композиторы» атағын берді. Мен тек классикалық музыканы ғана емес, сондай-ақ джаз және поп жанрында да жазамын.
Менің екі ағам бар, екеуі де музыкант. Үлкен ағам — Шымкент қаласындағы филармонияның директоры, домбырашы. Бала кезімнен домбыраның үнін естіп, өстім. Оның дыбысы маған ұнайды.
Музыкамен төрт жасымнан айналысамын. Үйімде ағамның фортопианосы тұратын. Маған оның қалай дыбысталатыны қызық еді. Жанына барып, пернелерін басып, ойнайтынмын. Бес жасымда алғаш шығармамды жазып, оны «Анашым» деп атадым. Ол шығарма анама арналады. Алты жасқа толғанымда ата-анам мені Ахметов Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепке апарды. Қазір сол мектепте оқимын.
Бес жасымда алғаш шығармамды жазып, оны «Анашым» деп атадым
Түрлі халықаралық және республикалық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атандым. Мысалы, «Гамманы кәсіби орындау», «пьесаны кәсіби орындау», Music Star халықаралық пианисттер байқауларына қатыстым. Ал өткен жылы Central Asia's Got Talent таланттар шоуының «Алтын түйме» иегері атандым.
Маған Фредерик Шопеннің шығармашылығы ұнайды, қазақ композиторларынан: Нұрғиса Тлендиев, Шәмші Қалдаяқов, Абай. Абайдың әндерін тыңдағанда біздің халқымызда осындай дара тұлға бары үшін көкіргеімді мақтаныш кернейді.
Менде Денис Теннің құрметіне арналған «Промелькнувшая звезда» атты туындым бар. Мен оны теледидардан жиі көретінмін. Маған оның қазақ музыкасының сүйемелдеуіне өнер көрсететіні ұнайтын. Бұл композицияны Денистің кешінде орындадым.
Қағидалар мен мақсаттар жайлы
Бала кезімнен ата-анам бойыма патриотизімді сіңіруде. Олар қарапайым және мейрімді болуды үйретеді. Ал егер бірденемен айналыссаң, сол нәрседе нәтиже көрсетуің керек дейді.
Мен өз халқымды сүйемін. Қазақтың мейірімділігі мен қонақжайлылығымен, талантты жастарымен мақтанамын.
Менің мақсатым — бұл өмірде барлығына өз күшіммен жету, бұл жолда маған музыка көмектесуде. Мен әрдайым адамдарға жігер сылайтындай не жасай аламын деп ойланамын.
Менің мақсатым — бұл өмірде барлығына өз күшіммен жету, бұл жолда маған музыка көмектесуде
Менің жоспарымда Қазақстанды әлемге таныту. Болашақта шетелде үлкен концерт бергім келеді.
Өмірлік стиль жайлы
Уақытымның көп бөлігін музыка алады. Кейде 2, кейде 4, ал концерттерге дайындық кезінде күніне 6 сағат уақытты алады. Бұдан бөлек мектептегі сабақтарым бар.
Музыкадан басқа футбол, баскетбол, жүзумен айналысамын. Бірақ профессионалдық деңгейде емес, хобби ретінде.
Демалыс күндері жақындарымызбен тауға таза ауа дем алуға шығамыз. Қалада серуендегенді ұнатамын, Алматының әсем бейнелеріне сүйсінемін.
Әлеуметтік желі, музыка және кино жайлы
Жастардың қарапайым қызығушылықтары да маған жақын. Киноға барамын, түрлі орындаушылардың заманауи музыкасын тыңдаймын.
Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеймін, Instagram-ға күніне шамамен жарты сағат уақыт кетіремін. Менің парақшамды ата-анам да, мен де жүргіземін.
Не шабыт береді
Мен өз туындыларыма адамдардың реакциясын көргеннен шабыт аламын. Оларға ұнайтынын көремін, әлеуметтік желілердегі аадмдардың комментарийлері мен пікірлерін оқимын.