Жақында Алматыда abdr.-дың abdr. Hotel Amour жаңа альбомының тұсаукесері өтті. Біз шараға қатысып, музыкантпен кездестік, оның жоспарлары жайында және алғашқы жеке концертіне дайындықтары туралы сұрап-білдік.
Абдрахман Бекенов, 26 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, әндер авторы, продюсер, @abdr
Бәрі қалай басталды
Менің отбасымда бәрі ән айта алады, бірақ ешқайсысы шығармашылықпен кәсіби тұрғыдан айналысқан емес. Ата-анам гитарада ойнайды, дауыстары әдемі. Ағам мектепте концерттерде өнер көрсететін. Әпкем де әнді жақсы айтады. Маған музыкаға деген жақсы талғамды сіңірген әпкем болды. Ол маған тамаша әндер ұсынатын.
Мектепте мен баттл-трек жаздым, рэпер болдым. Ал колледжде оқып жүргенде кавер жаздым, байқауларға қатыстым. Осындай байқаулардың бірінде ақшалай сыйлық ұтып алып, өзімнің алғашқы гитарамды сатып алдым.
Содан кейін Астанаға көшіп келдім. Бұл жақта музыкамен айналысуымды жалғастырдым, мекемелерде өнер көрсеттім, караокеде жұмыс істедім, аттракциондарда оператор болдым. Бұл танымалдылық әкелмеді. Мен жай ғана күнкөріс қамымен жүрдім.
Бір күні маған Алматыға көшсем бе деген ой келді. Міне, дәл осы қалада бірнеше айдың ішінде бәрі өзгеріп сала берді. Жаңа әндерім пайда болды, алғашқы танымалдылық дегендей. Осы аралықта «Из-за тебя» трегім, одан кейін Астанада жазған «Особенная», «Контраст» әндерім шықты.
Шығармашылығы туралы
Шығармашылығыммен сүюдің маңыздылығын және махаббаттың керемет сезім екенін көрсеткім келеді. Менің әндерім қарым-қатынас, махаббат, сезім жайында. Бірақ адамдар өмірдегі жалғыз маңызды нәрсе осылар деп ойлағанын қаламаймын. Адамға құмарлық пен махаббат керек және өз ісіңізге ме, әлде адамға ма, ол жағы маңызды емес.
Ең бастысы, өзіңе ұнайтын іспен айналысу екенін өз мысалымда көрсеткім келеді.
Жаңа Hotel Amour альбом — өмірімдегі оқиғалар. Кейбір тректерде фантазия да бар, бірақ жалпы біз альбомға шынайы оқиғаларды енгіздік. Осы уақыт ішінде альбомды шығаруға көмектескен әрі досыма айналған Павел Петренкоға алғысым шексіз.
Неден шабыт алатыны туралы
Өз шығармашылығыммен тыңдаушыларға әсер ететінімді түсінемін. Мен адамдарда түрлі эмоция тудыратын дүние жасаймын. Сондықтан мен музыканы адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде қарастырамын. Ол үшін әртүрлі құралдар мен фишкаларды қолданамын.
Музыка — өмірімдегі басты нәрселердің бірі. Мен өмірдегі мақсатым туралы жиі ойлаймын. Менің ойылымдарымда жігіттер сүйіктілеріне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Мені үйлену тойларында немесе балалардың дүниеге келгенін тойлауға арналған шараларға шақырады. Әр ұрпақтың жылы сезім, эмоция сыйлайтын музыкасы бар. Бұл әндер болмаса, мұндай махаббат болмас еді, ал махаббатсыз жаңа адамдар, тұтас ұрпақ пайда болмас еді.
Менің музыкам адамдарға эмоция да сыйлайды. Бұл мені шабыттандырады.
Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы
Қазақстандағы музыка индустриясы қарқынды дамып келеді. Бұрын бес жылда бір жақсы әртіс шығатын болса, қазір ай сайын жаңа есімдер шығып тұрады.
Бізде талантты жастар өте көп. Бұл саланың дамып келе жатқанына, стримингтік сайттардың танымалдылығы мен осы сайттардағы тыңдаушылар санының артып келе жатқанына қуаныштымын. Музыканттар ән шығарып, жақсы ақша таба алады.
Музыкалық мәдениет бүкіл елдің экономикасын көтере алатынын түсінудің өзі керемет.
Ағымдағы іс-шаралар мен жоспарлары туралы
Альбомның тұсаукесері мен үшін маңызды әрі ауқымды шара. Фестивальдарде, клубтарда жиі өнер көрсеттім, бірақ әлі толыққанды концерт өткізген жоқпын. Ал қазір өз тобым бар. Біз жаңа альбомға дайындық жасаған едік, сол кезде алғш рет жеке концертім туралы ойландым. Бұрын үлкен залды жинай алмай қаламын ба деп уайымдайтынмын, ал тұсаукесерге көп қонақт келгенін көрген соң өз өз күшіме сене бастадым.
Астанада бірдеңе ұйымдастырғым келеді, себебі барлығы осы қаладан басталды. Сондай-ақ менің қойылымдарыма келетін көп тыңдармандарым да сол жақта.
Менде бірнеше жаңа сингл бар, оларды бір жыл ішінде шығарамыз. Тректердің бірі осы көктемде шығады. Бейнеклип түсіру де жоспарда бар.
Мен ұсынатын үздік 5 музыкант:
— Dijon
— Miguel
— Frank Ocean
— The Blaze
— Majid Jordan.