Америка Құрама Штаттарында білім алу кәсіби және тұлғалық өсу үшін алуан түрліліктің, сапа мен мүмкіндіктердің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылар мен студенттердің назарын аударады. EducationUSA Kazakhstan эдвайзерінен және Айви Лигасының студентінен түсуге қатысты инсайттармен бөлісеміз.
Дана Накеева, Алматы қаласы, EducationUSA Kazakhstan эдвайзері, @educationusa_kazakhstan
Өзім туралы
Мен EducationUSA кеңес беру орталығының эдвайзерімін. Біз АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жұмыс істейміз. Мұндай орталықтар әлемнің 178 елінде орналасқан. Біздің басты міндетіміз — Америкада жоғары білім алғысы келетін жастарға жоғары білім туралы ақпарат беру.
Біз АҚШ-тың барлық жоғары оқу орындарының мүдделерін қорғаймыз, олардың саны 5000-нан асады. Қабылдау кезіңінде кеңес немесе қолдау алғысы келетіндердің барлығына үлкен таңдау ұсынамыз.
Білім беру ерекшеліктері
АҚШ-тағы білім берудің бірінші артықшылығы — сапа. Студенттер әлі мамандық таңдамай-ақ өтініш бере алады. Алғашқы екі жылда олар өздерін қызықтыратын әртүрлі пәндерді оқып, кейінірек өз мамандықтарын анықтай алады.
АҚШ-тағы білім берудің бірінші артықшылығы — сапа
Сондай-ақ, ЖОО-да оқудың арқасында студенттер күшті нетворкинг алады. Қабылдау комиссиясы, болашақта сіздің достарыңыз бола алатын дарынды балаларды іріктейді. Тағы бір артықшылығы — қаржылық қолдау.
Кемшіліктердің арасында үлкен қашықтық бар. Кейбір ата-аналар балаларды жібергісі келмейді, сондықтан олар Еуропаны немесе басқа жақын елдерді таңдайды.
Түсу туралы
Сәтті оқуға түсу үшін жақсы оқудың маңызы зор. Әсіресе, соңғы төрт жылдағы бағалар маңызды. Мәселен, әр университетте Common Data Set деп аталатын құжат бар. Бұл биыл қанша үміткер өтініш бергені, олардың қаншасы қабылданғаны және GPA қандай болғаны туралы есеп.
Әрі қарай, сіз IELTS және SAT тапсыруыңыз керек. Бала бұл емтихандарды жоғары балл алғанға дейін бірнеше рет қайта тапсыра алады.
Сондай-ақ, қабылдау комиссиясы соңғы бірнеше жылдағы бес жетістікті көрсетуді талап етеді. Бұл Олимпиададағы жүлделі орындар немесе спорттағы, музыкадағы, бидегі жетістіктер болуы мүмкін.
Кеңестер
АҚШ-қа түсу үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Ешкім талант пен ақыл-ойды жойған жоқ. Бірақ мерзімінен бұрын дайындық — бұл табыстың рецептісі. Ынталы және табанды болыңыз, бұл сізге көмектеседі.
Амира Артықбаева, Провиденс қаласы, Brown University студенті, @amiimit
Өзім туралы
Биыл мен мектепті бітірдім. Мені АҚШ, Канада және Катардағы тоғыз университетке толық қаржыландырумен қабылдады.
Мен Brown University-ді таңдадым, сол жерде оқуымды жалғастырамын.
Түсім туралы
Бала кезінен бастап ата-ананың балаға шетелде оқу мүмкіндігі бар екенін және оның қандай артықшылықтары бар екенін айтуы маңызды. Бірақ егер баладан бастама болмаса, ата-ананың күш-жігері көмектеспейді.
Мен бірте-бірте оқуға түсуге бет алдым. Алдымен мүмкін деген ой болды. Содан кейін үздік оқу орындарына түскен басқа адамдардың әңгімелерін оқи бастадым.
Түсім — бұл ұзақ және күрделі процесс
Мектепте мақсатты түрде дайындала бастадым. Барлық емтихандарды 12-сынып алдында тапсырдым. Күзде эссе жазып, құжаттарды тапсырдым.
Оқуға түсу үшін ең бастысы нәрсе — сыныптан тыс жұмыстармен айналысу және марапаттарды айтуды ұмытпау. 9-12 сыныптарда Олимпиадаларға және басқа да осындай жобаларға қатысып, өзіңізді тұлға ретінде аща аласыз.
Мен IELTS-ті 8.0-ге дайындықсыз тапсырдым. Ең бастысы — емтиханның құрылымын білу және сізден не қалайтынын түсіну. Сонымен қатар SAT тапсыруыңыз керек. Бұл стандартталған сынақтардың жақсы жағы — оларды әрқашан жақсартуға болады. Егер сіз өз біліміңізге сенімді болмасаңыз, мен сізге оқуға түсуден бір жыл бұрын тәжірибе жасап, емтихан тапсыруға кеңес беремін. Интернетте сіз қалаған деңгейге жетуге болатын көптеген ақысыз ресурстар бар.
Дайындық кезіндегі қиындық — уақытты дұрыс бөлу. Бір кезде мұның бәрі бекер сияқты көрінеді. Бірақ бұл нәрсе барлық жерде және әрқашан болады. Бұл ұзақ және күрделі процесс екенін түсіну маңызды.
Кеңестер
Шетелге шығу — бұл күрделі процесс, бірақ ол қаншалықты қиын болса да, оған тұрарлық. Соңында сіз өз еңбектеріңіздің жемісін көресіз.