Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/cad/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/cad19393b0a9f077536a666fffc62427.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
a-an-sataevty-k-ruge-t-rarly-fil-mder
Ақан Сатаевтың көруге тұрарлық фильмдері
324

20.07.2020

Ақан Сатаевтың көруге тұрарлық фильмдері

«Рэкетир», 2007




Фильмде Алматыда туып-өсіп, бокстан үлкен үміт күттіретін Саян есімді жас жігіттің өмірі мен тоқсаныншы жылдардағы қоғам бейнесі суреттеледі. Бас кейіпкер жалаң білектің күшімен болашаққа жол ашуға, барлық мәселені жұдырықпен шешуге болады деп ойлайды. Алайда бұның түбінде маңдайын тасқа соғатынын іштей түйсінеді.

2015 жылы фильмнің екінші бөлімі жарыққа шықты.


«Адасқан», 2009




Мистикалық триллер жанрында түсірілген фильм. Бас кейіпкер, әйелі мен кішкентай баласы шөл далада адасып, ауыл арасындағы жолда түнеп шығады. Келесі күні таңертең басты кейіпкер оянып, жалғыз қалғанын түсінеді – әйелі мен баласы жұмбақ түрде жоғалып кетеді.


«Жаужүрек мың бала», 2012




Тарихи драма қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.

Сюжет желісі бойынша Сартай батырдың өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шыққаны баяндалады.


«Анаға апарар жол», 2016




Негізгі желісі ана махаббатынан бастау алады және қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңдерді – ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдарды қамтиды. Ана махаббатының күші бас кейіпкердің қиын кезеңдерде аман қалуына, ауыр сынақтарды еңсеруіне және аман есен үйіне қайтып келуіне көмектеседі.


«Районы», 2016




Фильмде 1980 жылдардың соңындағы Алматы қаласындағы өмір көрсетіледі. Қаланың шетінен орталыққа көшіп келген оныншы сынып оқушысы Әрсен жаңа мектепке ауысады. Алып шаһарды қанша жатырқаса да, жаңа ортаға бейімделу үшін өзінің ұстанымдарына жат заңдылықтарға мойынұсынуға мәжбүр болып, қатыгездік пен қылмыс әлемінің ықпалына түседі.


«Кәсіпкерлер», 2018




Фильмнің сюжеті 90-жылдардағы мемлекеттегі дағдарысты, нарықтық қатынастардың басталу кезеңін сипаттайды. Бас кейіпкер достарымен бірге табыс табудың жолын іздестіріп, бизнес ашуға бел буады. Алайда, бизнес әрқашан тәуекелге апарады және жас кәсіпкерлер жетістікке жету жолында көптеген нәрселерді құрбан қылуға мәжбүр болады.


«Томирис», 2019




Кең ауқымды тарихи драма біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде жақындарынан айырылған кішкентай Томиристің сақ патшайымы лауазымына дейінгі өмір жолы баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

Суреттің дереккөзі: nur.kz

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.