Өзі жайында
Мен өмірді, қарым-қатынасты және барлық жаңа нәрселерді жақсы көремін. Әйелімнің інісі, әлемдік деңгейдегі танымал скрипкашы Ержан Кулибаевтың арқасында мен классикалық музыканы ұнаттым.
Отбасым, ата-анам, өзіме жақын адамдарым, достарым – өмірімнің мәні болып табылады. Мен оларды жақсы көремін және жақындарыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Менің төрт балам бар, кенжесі 10 жаста.
Әртүрлі әдебиетті оқуды ұнатамын: бизнесті де, көркем әдебиетті де, ал жақында тарихи кітаптармен әуестене бастадым.
Соңғы бірнеше жылдар ішінде менің айтарлықтай әуестеніп жүрген нәрселерімнің бірі – жүгіру. Мен қазіргі кезде сәнге айналған саламатты өмір салтын емес, жүгіруді насихаттап жатырмын, себебі саламатты өмір салты – салыстырмалы түсінік. Жүгіру мен үшін медитация, күйзелістен арылудың түрі болып табылады. Ол еліктіреді: жаппай жүгіруге қатысқан кезде, бұл іс-шара нағыз мерекеге айналады және соңында міндетті түрде бойыңда эндорфиндер таралады. Жүгірудің арқасында таныстарымның ортасы кеңейді, бұл достықтың дәрежеге, жасқа немесе басқа факторларға тәуелсіз болып табылатын демократиялық спорт түрі. Осылайша мен төрт жыл бойы әртүрлі жүгіру клубтарының мүшесі болып саналамын.
Мен бес марафонды жүгіріп шықтым, олардың екеуі World Marathon Majors, мақсатым – Majors марафонының: Бостондық, Лондондық, Берлиндік, Чикаголық, Нью-Йорктық және Токиолық – барлық алтауын жүгіріп шығу.
Соңғы бірнеше жылдар ішінде менің айтарлықтай әуестеніп жүрген нәрселерімнің бірі – жүгіру
Мен өмір бойы байланыспен жұмыс жасадым және бұл маған ұнайды. Менің әкем де байланыс қызметкері болды.
Менің өмірлік қағидаларым – адалдық, сөзінде тұра білу, өз әрекеттерің үшін жауап беру, тыңдау, бөлісу және тәлімгерліксіз серіктестік қарым-қатынасты құру. Әсіресе балалармен тең дәрежеде араласуға тырысу керек.
Алматы жайында
Алматыда адамдар өздерін емін-еркін сезінеді. Осында бәрінен бұрын маған қаланың таулардың жанында орналасқаны ұнайды.

Маған қалалық азаматтың заманауи түрі ұнайды. Алматылық жаңа нәрселермен, әсіресе мәдени шаралармен қызығады, осында олар жайлырақ өтеді.
Алматыда адамдар өздерін емін-еркін сезінеді
Мен экологиялық жағдайды жақсартуды қалаймын, себебі қала тұншығып барады. Бұрын терезелерді ашық қалдыруға болатын және осы қара шаңның қонуы болмайтын. Ақыры келесі жылы ЖЭЦ-ды газбен жылытуға ауыстырады.
Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері
Мен телекоммуникацияларды жақсы көремін. Мен әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс істедім: техникалық, коммерциялық, адамдарға көп пайда тигізетін көптеген жобалардың авторы болдым.
Жаңа технологиялардың, интернеттің және мобильді байланыстың пайда болуымен өмір өзгерді және шекаралар жойылды. Егер бұрын сен басқалар қол жетпеген ақпаратқа ие болсаң, бірегей болып саналатынсың, ал қазіргі кезде ақпаратты дұрыс қабылдай білу керек. 5G-ді енгізу қалалық, жалпыбілімдік ландшафтты өзгертуге мүмкіндік береді, бұл интернеттің жоғары жылдамдығынан бөлек, қызмет көрсетуді ұсынудың жүзпайыздық мүмкіндігі.
Мен телекоммуникацияларды жақсы көремін
Мен «Қазақтелекомда» ең үздік жас техникалық мамандармен жұмыс жасаймын және олардың қаншалықты дарынды екендеріне таң қаламын. Олар және бірнеше тілдерді меңгерген, әрі әртүрлі әдебиеттерді оқитын басқа да мыңдаған жігіттер мен қыздар біздің болашағымыз болып табылады.
Қазіргі сәттегі рухтың күйі
Мен жаңа нәрселерге ашықпын.