facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
400-lesker-alaysha-t-r-yn-y--rylys-kooperativ-n-yymdastyryp-astanada-armanda-an-yler-n-salyp-zhatyr
logo
400 үлескер қалайша тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастырып, Астанада армандаған үйлерін салып жатыр
Өмір сүру стилі

07.06.2017

400 үлескер қалайша тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастырып, Астанада армандаған үйлерін салып жатыр

Ольга Лигай, «Экспо Таун Успех» ТҚК төрайымы


DSC_5335.jpg



Бәрі қалай басталды



2015 жылы «Азбука жилья» «Экспо Таун» тұрғын үй кешенінен пәтер сата бастағанына екі жыл толған болатын. Бірақ, бұл уақыт аралығында нысанда ештеңе орындалған жоқ және салымшылар дабыл қағып, бұл тақырыпты форумда қозғай бастады. Мен бұл талқылауға 2015 жылдың ақпанында қосылдым. Біз ол кезде жағдайдың қаншалықты қиын екенін бағамдаған жоқпыз, тек аздап толқыған болатынбыз. Құрылысшылар өз кезегінде құрылыс көктемде басталады деп сендірді. Кейін біз «Азбука жилья»-ның басқа да үлескерлерімен араласа бастадық, сөйтіп бірде бір кешенде жұмыс жүріп жатпағанын білдік.


«Экспо Таунның» басқа да үлескерлерімен бірге мәселесі көп нысандар үшін құрылған әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссияға барып жүрдік. Оған құрылысшы компанияның өкілдері де қатысты, қаржыландырудың жоқтығын және Қытайдан шетелдік инвесторлардың қаржысын күтіп отырғандығын айтты. Біз көктемге дейін күттік, алайда ештеңе болған жоқ.


Сол кезде Сергей Михайлович Хорошун бізге ТҚК құруды ұсынды. Бұл жалғыз шешім еді. Легитимді ТҚК құру үшін үлескерлердің үштен екі бөлігінің дауысын жинау қажет екен. Ең қиыны, үлескерлерді табу болды.


Ведомствоаралық комиссия арқылы бізге келісім шартты алуға рұқсат беруді сұрадық


Бірақ, құрылысшы біздің қолымызға берген жоқ, тек көрсетті. Біз үлкен жұмыс жүргіздік: қолмен көшірдік, компьютерге тердік, реестр құрдық. Сөйтіп, қанша пәтер сатылғанын, қай үлескерлерде бөліп төлеу бар екенін және ең негізгісі — бұл адамдардың байланыс нөмірлерін таптық.


Ол кезде біз күшті топ жасақтадық, инициативті топ болдық. Аптасына бір рет жиналдық, алғашында әр үлескер не істей алатынын, қалай көмектесетінін айтты. Біз үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, ешкім бізге мәселені шешіп бермейді, өзіміз жұмыстануымыз керек деп түсіндірдік. Ал бұл үшін әр үлескер өз үлесін қосуы тиіс. Біз тоғыз фокус-топ құрдық: құрылысшылар, есепшілер, пиаршылар, БАҚ тобы, т.б. Әр топтың өз чаты мен үйлестірушісі болды. Біз топтарға міндеттер мен мерзім белгіледік.

5 күн ішінде 200 астам адаммен байланысып, жалпы жиналыс өткіздік


Онда біз қазір қандай жағдайда екенімізді және ары қарай қалай әрекет ететінімізді айттық, себебі көпшілігінің көңілі қалған. Бұл кездесуде біз ТҚК құруға дауыс жинай алдық.


Ары қарай сот ауыртпалықтары болды. Тек 2016 жылдың ақпанында сот нысанды біздің тұрғын үй-құрылыс кооперативіне беруді ұйғарды. Бірақ, бізге жер үлесі берілмейтін болды, себебі құрылысшы оның жартысын жеке тұлғаларға сатып жіберген. 3 тамызда Жоғарғы сот біздің пайдамызға шешім шығарып, жерді бізге берді.


DSC_5345.jpg


Біз қаржылық жоспар құрдық. Бұл кезде бізде ешқандай несие мен инвестор болған жоқ. Пәтерге толық салым салғандар ештеңе төлемеді. Егер адам бөліп төлеу шартында болса, ол «Азбука жилья»-ға төлемеген бөлігін ғана төледі. Адамдар бөліп төлеу төлемдерін қайта жаңартты, бұл бізге дайындық жұмысын бастауға көмектесті. Содан кейін жаңа адамдарды тарту басталды. Бұл үшін нарыққа талдау жасалып, концепция құрылды. Біз коммерциялық емес ұйым болғанымызбен, дәстүрлі бизнес әдістерін қолдандық.


ТҚК — коммерциялық емес ұйым және бәрін жобамыздың нөлдік тиімділікпен шығуын есептедік. Бұл үшін жобаны өзгертіп, қабаттар санын арттырдық, блоктар құрылымын аздап өзгерттік. Соған қарамастан, аз қабатты ТК концепциясы сақталды.


ТҚК құрылғаннан бері құрылысшылармен келіссөздер жүргіздік. Бізде «Азбукой жилья»-мен жұмыс істеген кездегі үлкен тәжірибе болған. Сосын басты шартты қойдық — қаражаттың мақсатты қолданылуын қадағалау үшін бізде толық қаржылық бақылау болуы тиіс. Оған қосымша басқа деңгейдің үйін алу үшін жобаны өзгерткіміз келмеді. Соңында біздің талапқа сай келетін компанияны таптық.


Біз үйді өз күшімізбен саламыз деп шештік және бас мердігерді жалдадық


Бұл шешім бізге оңай болған жоқ, себебі үлкен жауапкершілік, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Біз тек өз үлескерлерімізге сендік. Біздің бас мердігеріміз — басқа компанияларда үлкен тәжірибесі бар біздің үлескерімізден, құрылысшыларымыздан құрылған компания.


Тамызда, құрылыс басталғанда бұл тек ашық жер болды. Қазір бірінші және екінші кезекті аяқтап жатырмыз, олар осы жазда тапсырылатын болады. Қазір онда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.


IMG_20170605_154059.jpg



Армандаған үйіміздің концепциясы қалай құрылды



Біз ТҚК құрған соң көп әңгіме болды, өз үйімізді қандай етіп елестететінімізді ұзақ ойландық. Жобамызды жақсарта түстік, қазір «Вена орамы» деп аталады.


Төменгі қабаттарда қойма бөлмелерін жасағымыз келді, оны жасадық. Сондай-ақ, балалар клубын, ересектерге арналған клуб, зейнеткерлерге арналған клубты ұйымдастыру туралы идея келді, мұның бәрі үй клубын ұйымдастыруға алып келді. Біз Кеңес Одағы кезіндегідей адамдар бір-бірімен жақын араласқанын қаладық.


Ары қарай құрылыс бөлімін жақсарттық: декоративті элементтерді қосып, декор-сылауды травертинге ауыстырдық, содан кейін одан да жақсы материалға, табиғи тас — мармаритке алмастырдық. Қауіпсіз аула мен алаңдарымыз болуы үшін бейнебақылауды қостық.


IMG-20170429-WA0014.jpg


Біз адамдардың үйді сезінуі тек пәтердің есігімен аяқталмауын қалаймыз, олар аулаға немесе кіре беріске кіргенде өзін өз үйінде жүргендей сезінуі тиіс. Біздің кіре берістеріміз бен холлдарымыз да үйдегідей: панельдер, картиналар, түсқағаздар, жиһаздар болады.


Жоба бойынша біздің ТК-де 1400 пәтер бар. Бүгінде 700 жуық пәтер сатылды, қазір бағасы шаршы метріне 300 мың теңге. ТК концепциясы — Астанада еуропалық қаланың бөлігі. Бізде үш мини-концепция бар: «Суретшілер үйі», «Музыка үйі» және «Гүлдер үйі».


Құрылысшы үйді пайда салу үшін салса, ол— бір бөлек. Ал тұрғындардың өздері салса — мүлдем өзгеше. Біздің кешен тұрғындардың өз үйінде, ауласында нені көргісі келетіндерін жүзеге асыратын жалғыз кешен шығар.


Қазіргі таңда бізде ең басында құрған белгілі бір әрекеттер алгоритмі бар. Ол барлық жағдайда қолданылмауы мүмкін, алайда бұл жүзеге асатын жоспар және біз оны дәл біздікіндей жағдайда қалған адамдармен бөліскіміз келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.