Анар Көкеева, 41 жаста, туған қаласы — Павлодар, Ерлан Көкеевтің Диско-барының басқарушы директоры, «Елена Мамайдың дұрыс тамақтану Орталығы» Астанадағы филиалының директоры
Алматы — Астана
2014 жылдың қаңтарында біз жолдасым екеуміз Астанаға көшумен айналыса бастадық. Ал ақпан айында көшіп бардық. Әдеттегідей алдымен отағасы көшіп барды, содан кейін-мен, кейінірек — балалар.
Бірінші жылдары біз Алматыға жиі ұшып баратынбыз, айына бірнеше рет. Ол жақта біздің аяқталмаған істеріміз және жобаларымыз болды. Қазір, біз Алматыға үш жылда бір рет және оданда сирек барамыз. Ол жаққа қонақ ретінде жиі барамыз.
Бірінші жұмыс
Көшіп барудың басты себебі Астанада Диско-бардың ашылуы болды. Біздің диско-клуб бес жыл бойы Алматыда сәтті жұмыс істеп келе жатты, бізге бәрі: «Осындай орынды Астанада да ашыңыздар»- деп жиі айтатын, бірақ біз ол туралы ойланбадық. Ғимаратпен келісімшарт аяқталған кезде біз оның мерзімін ұзарта алмадық, банк бізге келісім бермеді, содан кейін біз Астанада диско-бар ашуға бел будық.
Біз ғимарат, қызметкерлер тауып, жөндеу жұмыстарын жүргіздік, сахна, дыбыс, жарық орнаттық. 5 наурызда Астанада өзіміздің диско-барымызды аштық. 7-8 наурыз күндері клубта бос орын болмады.
Жолдасым дыбыспен, жарықпен, сахнамен, топпен айналысады, ал мен қалған мәселелерді шешемін. Осы уақытқа дейін бұл салада менің жұмыс тәжірибем болған емес, мен егер өзім қонақ болсам бұл жердің қандай болғандығын қалайтынымнан бастау алдым. Әрине, кей кездері арнайы білім қажет, сол уақытта кәсібилерге жүгінеміз.
Астананың халқы алматылықтардан айтарлықтай ерекшеленеді. Алматыда біз апта сайын сәнқой, рок-кеші, цыган кеші сияқты тақырыптық кештерді ұйымдастыратынбыз. Адамдар дресс-кодты қатаң сақтап, көңіл көтеруге рахаттана келетін. Бұл жерде де соны ұйымдастырған кезде Астана тұрғындарының қимылдай қоюының қиын екендігін күтпеген едім. Астанада осындай оқиғалар енді ғана айналымға түсуде. Біз ақырындап өз қонақтарымызды үйретудеміз, джаздық концерттер не болмаса рок-кешін өткізудеміз.
Көшудің қиындықтары туралы
Астана мен үшін байланыстар әлі реттелмеген жаңа қала болды. Мен тиімді таныстықтармен, кеңестерімен көмектескен астаналық достарыма айтар алғысым шексіз.
Екінші қиындық — қызметкерлер. Мен бұл жерде адам табудың қиын екендігіне таңқаламын. Маған аса қиын болды: біресе келмейді, біресе естерінен шығып кетеді, біресе уақыттары жоқ. Бірінші кезде мен Алматыдан өз қызметкерлерімді әкелдім, ол диджей, аспаз, әкімші. Бірақ отбасылары басқа қалада тұратын адамдар үйіндегілерін сағынып, қайта кеткісі келеді. Сондықтан алматылық қызметкерлерім жергілікті қызметкерлерді оқытып, қайта кетті.
Астана бізді бір сілкіп алды. Алматыда бәрі жақсы, бірқалыпты болған, ал бұл жерде біз бәрін басынан бастадық, өзімізді 20 жастағыдай сезіндік. Жаңа орында бірнәрсе жасауға, ашуға болады екен.
Астана бізді шынықтырды.
Астана өмірімізге қалай әсер етті
Мен Астанаға бізге ұлымызды сыйлағаны үшін алғыс айтамын. Біз он жыл бойы балалы болуды армандағанбыз, үш қыздан кейін бізде көптен күткен ұл бала дүниеге келді.
Астана маған өз бизнесімді сыйлады. Біз Астанаға көшіп келгенде менің құрбыларымның көбісі мені біраз уақыт көрмеген, мен қатты азып кеттім. Мені көрген құрбыларым мүсінімнің сымбаттылығына қызықты. Мен оларға осы қалыпқа әкелген диетологымның бар екендігін айттым. Сөйтіп менің диетологыммен кездескісі келетін 10 шақты қыз жиналды. Ол келіп, қыздарды қабылдады да, қайтіп кетті. Содан кейін ол маған Астанада филиал ашып, соның өкілі болуыма ұсыныс жасады. Мен оған білек сыбана кірістім. Біз дұрыс тамақтануды насихаттаймыз. Диетологтың бақылауымен біздің клинеттер ешқандай бадтарды, коктейлдерді қабылдамай, дәрілерді ұсынбаймыз, калорияны есептемейміз тек дұрыс тамақтанудың арқасында салмақ тастайды.
Астана маған ашылуға, өзіме ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік берді.
Қазір Астана біздің отбасымыз үшін — екінші үй. Бірақ Астана — бұл бір үлкен нәрсенің шыққан жері, бастау алаңы болып табылады. Біз астанамен бірге өсіп, дамып келе жатырмыз.