facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-yr-yzdar-men-saltanatty-toylardy-tk-zuge-arsymyn
logo
Жаңа қырғыздар: «Мен салтанатты тойларды өткізуге қарсымын»

06.08.2019

Жаңа қырғыздар: «Мен салтанатты тойларды өткізуге қарсымын»

Бектур Сарбаев, 23 жаста, туған қаласы — Бішкек, бармен


БЕКТУР.jpg


Мен үшін салт-дәстүрлер – ескінің жұғындысы. Жақсы дәстүрлер де бар, бірақ оларды бірінші орынға қоймай, барлық өркениетті елдердегідей сақтауға болады.

Мен салтанатты тойларды өткізуге қарсымын. Бұл отбасылық бюджетке ықпал етеді. Барлық адамдар салтанаттың шығындарын өтей алмай, бір емес, бірнеше несие алады.

Адамдардың заманауи қарым-қатынастарына қарағанда, көбісі басқа облыстар мен ауылдардағы алыс ағайындарын ешқашан көрмеген. Ал қырғыздар және басқа да азия халықтары тойға алыс және жақын ағайындардың барлығын шақырады. Мәселен, сені бір жаста болған кезде көрген Айнұр әже тілек айтып жатқанда, қалыңдығың екеуің бейтаныс адамдарға күлімдеп қарап тұруың керек.

Той – бұл отбасылық мереке, бірақ алдымен жас жұбайлардың мерекесі


Той – бұл отбасылық мереке, бірақ алдымен жас жұбайлардың мерекесі. Адамдарға күшті болып көріну үшін, бірнеше миллион ақшаны тойға жұмсап, кейін көп нәрселерден бас тартып, одан да көп жұмыс істеу мені еліктірмейді. Несиесіз және жағдайды күрделендірмей, ақшаны қажетті нәрселерге жұмсағаным артық.

Менің ата-анам – заманауи адамдар. Отбасының ішінде барлығы өзара сыйластық пен өзара түсіністікке негізделіп құрылады. Менің көзқарасым толықтай қабылданады. Олар үшін менің жайлылығым және жеке бақытым маңыздырақ. Олар маған әрқашан барлығын ақылға салып әрекет етуге кеңес беретін және мен айтқандарына құлақ асамын.


Урмат Молдосанов, 29 жаста, туған қаласы — Бішкек, информатика пәнінің мұғалімі


Жаңа қырғыздар: «Мен салтанатты тойларды өткізуге қарсымын»


Мен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанамын. Бізде «алып качуу» салтынан басқа, өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдени-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін салт-дәстүрлеріміз бар.

Салтанатты тойларды өткізу мақсатымен пайда болатын ойластырылмаған шығындар – Орталық Азияның барлық дерлік елдерінде кездесетін мәселе



Салтанатты тойларды өткізу мақсатымен пайда болатын ойластырылмаған шығындар – Орталық Азияның барлық дерлік елдерінде кездесетін мәселе. Көптеген адамдар ауқымды іс-шараларды өткізу үшін, үлкен несиелер алады және шығындардың орны сыйлықтар арқылы толады деп ойлайды.

Адамдар басқалардың алдында дәрежелерін көтеру үшін, мерекелік ойын-сауықтар ұйымдастырады. Бірақ қонаққа келген туыстар мен таныстар тойдың несиеге алған ақшаға ұйымдастырылғанын біле бермейді. Қонақтар тарағаннан кейін, жастар алынған конверттердегі ақшаны санай бастайды. Кейбіреулер ештеңе әкелмейді, кейбіреулер қаржылық қиындықтарға байланысты кейін алып келетінін білдіртеді. Жаңа құрылған отбасы несиені жабу үшін жиналған ақшаның жеткіліксіз түсінеді. Нәтижесінде жас жұбайлар бірнеше жұмыс істеуге немесе табыс табу үшін, басқа елге кетуге мәжбүр болады.

Бізде қарапайым той болды, тек достарымыз бен әріптестерімізді шақырдық. Ал үлкен кісілер үйде тойлады.


Улан Арстаналиев, туған қаласы — Бішкек, құрылыс компаниядағы сметашы


Жаңа қырғыздар: «Мен салтанатты тойларды өткізуге қарсымын»


Мен Бішкекте тудым және осында тұрамын, бірақ 15 жылдан астам уақыт Ресейде тұрып, өстім.

Мен қырғыз салт-дәстүрлеріне қарсы емеспін. Салт-дәстүрлер – бұл мәдениет, ұлттық игілік және оларды есте сақтап жүру керек. Бірақ маған ұнамайтын салт-дәстүрлер де бар. Өмір өзгереді, ұрпақтар ауысады және барлық салт-дәстүрлерді ұстану мүмкін емес.

Өмір өзгереді, ұрпақтар ауысады және барлық салт-дәстүрлерді ұстану мүмкін емес

Маған тойлардың қалай өткізілетіні ұнамайды. Отбасылар қымбат іс-шара өткізіп, жүздеген қонақ шақырып, мейрамхананы жалдау үшін, несие алады. Бұл үлкен және мағынасыз шығындар.

Мен бойдақпын. Бірақ үлкен дәстүрлі тойды өткізуді қаламайтынымды ата-анама айттым. Ең жақын адамдарымды жинап, шағын сауық кеш өткізуді қалаймын. Барлық дерлік достарым да солай ойлайды. Бірақ ата-анам – үлкен жастағы адамдар. Олар салт-дәстүрлердің сақталуына көңіл бөледі және бұл менің емес, олардың іс-шарасы екенін айтты.


Каныбек Уулу Женишбек, туған қаласы — Ош, қонақжайлылық саласы


Жаңа қырғыздар: «Мен салтанатты тойларды өткізуге қарсымын»


Мен салт-дәстүрлерді жақсы қабылдаймын. Мысалы, ұлттық киім кию салты бар. Бұл халқымыз бен елімізге ықпал етеді. Басқа жағынан, көңіл бөлуді қажет етпейтін дәстүрлер де бар.

Бұрын тойға іс-шараның иелерін келесі күні ұмытпайтын туыстар жиналатын. Үйге, отбасыға қажетті нәрселер сыйлайтын. Ақырындап дәстүр өзгерді және өзінің мәнін жоғалтты.

Бұрын адамдар салтанатты тойлар өткізбейтін. Тек кейбіреулері ғана бұндай мүмкіндікке ие болатын. Қазіргі кезде көптеген адамдар салтанатты тойды өткізу мүмкіндігіне ие болмаса да, өткізеді. Себебі достары мен таныстарына әсер етуді қалайды.

Жыл сайын елімізде үлкен және шағын орындар ашылады. Бішкекте мейрамханалар, дәмханалар мен клубтар көп. Бізге соншалықты орындардың қажеті жоқ. Біз тойларды өткізе бермей, басқа салаларда дамуымыз қажет.

Халқымның бұндай салтанаттарды өткізіп, қиналғанын қаламаймын


Халқымның бұндай салтанаттарды өткізіп, қиналғанын қаламаймын. Тойларды ұйымдастырудың басқа жолдары да бар. Мен адамдарға мейрамханалық шығындарды екі-үш есеге азайтуға көмектесетін фирманы ашып жатырмын. Бұл мүмкін. Қаладағы әртүрлі мейрамханаларында айына шамамен он банкет өткіземін және банкет ұйымдастырған адамдар 100 000 сом үнемдейді.

Ош қаласында өзара келісім жасасқан жігіттер тобы бар. Олар үйленген кезде, тойлары қарапайым болады, тек жақын туыстарды шақырады – бұл 40-50 адам. Ал сыйға берілген ақшаны жетімдер және қарттар үйлеріне беруге келісті.


Суреттің дереккөзі: limon.kg


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі