Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b1a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b1ad2b25712330b664d42d36ca05f528.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Жаңа қазақтар. Жас отбасылар бірге табыс табу және үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында
1852

26.06.2020

Жаңа қазақтар. Жас отбасылар бірге табыс табу және үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында

Олжас Айтбеков және Арай Сабыржан, 24 жаста, қаласы — Сан-Хосе, бағдарламашылар

image-24-06-20-10-52-7.jpeg

Отбасы жайында


Арай. Біз жеті жыл бұрын Алматыдағы ХАТУ-нің бірінші курсында таныстық. Олжас жігерлі, белсенді студент еді, спортпен айналысып, тауларға шығып, жүзумен айналысып, сноуборд пен коньки тебетін.

Олжас. Арай сыпайы, бірақ ашық адам болды. Өзінің қызығушылығының арқасында коньки тебуді үйрене бастады. Біз жақын араласып кеттік және Медеуге барып коньки тебетінбіз. Осылайша достасып кеттік.

Біз барлық жағдайларда бір-бірімізге қолдау көрсетіп, шабыт береміз. Ш. Есенов қорынан шәкіртақылы бағдарламасын ұтып, жарты жылға Криемний алқабына тағылымдамаға кеттік.

Тағылымдаманың соңында маған Алқапта жұмыс істеуді ұсынды. Біз үйленеміз деп шешім қабылдаған едік және бір жылдай қашықтықта өмір сүрдік.

Отбасы — бұл екі адамның үлкен өмірлік тәжірибеден бірге өтіп, сенімділік пен өзара түсіністікке келетін, бір-бірін тыңдай алатын жағдай.

Арай. Біз үшін отбасы – бұл қамқорлық пен өзара түсіністік.

Отбасының дұрыс моделі балалық шақтан қалыптасады, себебі бала ата-анасының қарым-қатынасының үлгісіне қарап өседі. Біздің ата-аналарымыз бір-бірін құрметтеп, бізге қолдау көрсететін, басқа балалармен салыстырмайтын.

Сонымен қатар үй шаруасынан бұрын оқуға басымдық беретін. Олардың қолдауларының, бізге берген ақылдарының арқасында бізде мынадай қағидалар қалыптасты:

— қажет жағдайда өз уақытымыз бен көңілімізді бөлу;

— адал болу;

— басқа адамдардың көзінше бір-бірімізді айыптамау;

— тәртіпті болу, өз міндеттерімізді толықтай орындау;

— моральдық тұрғыдан қолдау, сүйеу болу;

— жеке кеңістікке мүмкіндік беру.

Үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында


Олжас. Біз міндеттерімізді теңдей бөлеміз, тұрмыстық мәселелерге көп уақыт кетірмейміз.

Арай. Мысалы, тамақ дайындауды жеңілдетуге болады. Біз екеуміз де тамақ әзірлеуді ұнатамыз, бірақ бірнеше күнге алдын-ала дайындап қоямыз. Уақытымыз бен ақшамызды үнемейміз. Үй тазалауды демалыс күндеріне қалдырмай, күнде таңертең үйдің ішін ретке келтіреміз. Егер біреуімізде жұмыс көп болып жатса, екіншісі үй шаруаларымен айналысады.

Олжас. Біз жас отбасы ретінде белгілі мақсаттарға қол жеткізуді қалаймыз. Кейін үй тұрмысындағы барлық қиындықтары мен сын-тегеуріндеріне дайын боламыз.

image-24-06-20-10-52-6.jpeg

Күйеуі жұмыс істейді, ал әйелі үй шаруасымен айналысады деген түсінік артта қалды. Шетелде жастар отбасын құруға асықпайды, он жылдан аса қарым-қатынас құрып жүре береді. Бұған қарамастан, міндеттері мен қаржылық шығындарды тепе-тең бөліп алады. Американдықтардың айтуынша, бұл заманауи ұрпақтың қарым-қатынастары.

Арай. Әр отбасы және әр адам бірегей. Қарым-қатынастың белгілі бір дұрыс моделі жоқ. Егер күйеуі тамақ әзірлеуді ұнатса, неге сүйікті ісімен айналыспасқа. Немесе неге әйелі жұмыс істеп, мансаппен көтеріле алмайды. Бүгінде басты ресурс – бұл уақыт және осы уақыттың ішінде барлық ұсақ-түйек нәрселердің басымдықтарын айқындап алуға болады. Бұл әр адамның жеке таңдауы.



Нұрсұлтан Магзумов, 29 жаста, қаласы — Алматы, Lab smile эстетикалық стоматология орталығы, Hide маркетинг агенттігі, drug store киімі, @nurs_mag

Ажар Магзумова, 27 жаста, қаласы — Алматы, Math On математикалық мектебінің бірлескен құрылтайшысы, @azharka_mag

image-24-06-20-10-52-2.jpeg

Отбасы жайында


Біз таптаурындарға берілмеген жас отбасымыз. Екі баланы тәрбиелеп жатырмыз, күн сайын жаңа нәрселерді біліп, көптеген салаларда дамып, қоғамда да әлеуметтік белсенділікті танытып жүрміз.

Екеуміз сегіз жыл бұрын «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде таныстық, Нұрсұлан унверситеттің екінші, ал мен үшінші курсында оқыдық. Барлығы тез басталып кетті және жарты жылдан кейін ата-аналарымызға отбасын құруды қалайтынымызды айттық. Бір жылдан кейін той өткіздік, сол кезде қай жерде және кім болып жұмыс істейтінімізді де білмей жүр едік. Барлығына бірге қол жеткіземіз деп шештік.

image-24-06-20-10-52-3.jpeg

Біз біраз тәжірибе жинадық. Отбасы және жалпы қарым-қатынасқа деген түсінігімізді айтарлықтай өзгерткен әртүрлі жағдайлар көп болды. Бірақ соңғы жылдың ішінде біз мінсіз тепе-теңдікті таптық. Бастысы – бөлінбеу, әрқашан бір-бірімізге көмектесу, ортақ достар мен қызығушылықтарға ие болу керек екенін түсіндік.

Үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында


Үй шаруасындағы міндеттердің басым бөлігі менің мойнымда, Нұрсұлтан қажет болған жағдайда маған көмектеседі. Дауласпау үшін үй шаруасына да көмектесетін бала бағушыны жалдадық. Күйеуім менен күн сайын кешкі ас дайындауды талап етпейді, біз тамаққа тапсырыс бере аламыз немесе жұмыстан кейін сыртта тамақтанамыз.

Күйеуі жұмыс істейді, ал әйелі үй шаруасымен айналысады деген түсінік артта қалды. Қазірге кезде әйелдер мен ер азаматтар бірдей жұмыс істеп, өздігінен дамиды. Бірақ әйел үйдегі жайлылық үшін жауап береді, жақындарына дәмді кешкі ас әзірлеп, отбасына қамқорлық танытуға асық болады. Ал күйеуі оған көмектесуі керек. Сондай-ақ, мүмкіндік болған жағдайда, үй шаруасындағы міндеттерді мамандарға жүктеуге болады.



Рамазан Ұшпаев, 27 жаста, қаласы — Сан-Хосе, математика пәнінен репетитор

Аида Жұмабекова, 25 жаста, қаласы — Сан-Хосе, инженер-бағдарламашы

image-24-06-20-10-52-5.jpeg

Отбасы жайында


Аида. Оныншы сыныпта мен FLEX бағдарламасы бойынша АҚШ-ға бір жылға оқуға кеттім. Қайтып келген соң, Америкадағы университетке түсемін деп шештім және SAT емтиханына дайындалу курстарына жазылдым. Бірде сол жерде бойы ұзын, шашы бұйра жігітті көріп қалдым. Содан кейін ҰБТ, SAT сияқты нәрселер ойымнан шығып кетті.

Рамазан да сол кезде SAT-қа дайындалуға келді және физикаға көбірек көңіл бөлінетін басқа топта оқыды. Ол менің аты-жөнімді тауып алу үшін тесттеріміз жатқан папканың ішін ұзақ ақтарыпты. Тауып алған соң, маған «ВКонтакте» желісінде жаза бастады. Кейін үйіме дейін шығарып салып, ұзақ серуендейтінбіз.

Жеті жылдан кейін 2018 жылы үйлендік. Сол кезде мен Массачусетстегі, ал ол Техастағы университетті бітірдік. Мен Google-да жұмыс істей бастадым, сол себепті Калифорнияға көшіп кеттім, ал ол BMW-дағы тағылымдамасын тастап, маған келді.

Мені анам тәрбилеп өсірді. Сол себепті отбасы және қарым-қатынас туралы түсініктерді өздігімнен қалыптастыруға тура келді. Күйеуіме оның сабырлығы мен түсіністігі үшін ризамын. Қарым-қатынасымыздың арқасында мен есейдім.

Болашақта, балаларымыз болған кезде, олармен достық қарым-қатынас орнатып, мәселелерді шешуге және өмірлік жолдарын таңдауға атсалысамыз деп үміттенемін.

Махаббат — қарым-қатынастағы түсіністік, жанашырлық, құрмет және риясыздық сияқты негізгі қағидалардың арқасында қалыптасады.

Үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында


Рома математика пәнінен репетитор болып жұмыс істейді, сол себепті оның жұмыс кестесі әрқашан өзгеріп отырады. Мен жұмыс кестесіне қатты көңіл бөлінбейтін индустрияда жұмыс істеймін. Силикон алқабындағы компаниялардағы бағдарламашылардың көбісі жұмысқа өздерінің қалауынша келіп, кетіп жүреді.

Біз үй шаруасындағы міндеттерді аса бөлмейміз. Рома ерте оянады, сол себепті таңғы ас пен кофе дайындап береді. Мен кеш жатамын, сол себепті ұйқының алдында үйді жинастырамын. Азық-түліктерді сатып алуды ұнатпаймын, сол себепті Рома дүкенге өзі барады. Ол ыдыс жууды ұнатпайды, барлығын өзім жуамын. Рома дәмді палау және қақтама тағамдарын әзірлейді. Мен әдетте духовканы пайдаланамын және тағамға көкөністерді қосуды ұнатамын.

image-24-06-20-10-52-4.jpeg

Бір-бірімізге толықтай сеніп тапсырылған нәрселер де бар. Мысалы, мен көлікке қатысты жұмыстармен айналыспаймын, Рома гүлдерге күтім жасамайды. Итті бірге жаттықтырып, серуендеуге шығарамыз.

Күйеуі жұмыс істейді, ал әйелі үй шаруасымен айналысады деген түсінік артта қалды. Мен Google-да жұмыс істеген кезде, Рома ұзақ уақыт жұмыс таба алмай жүрді. Ол үйде жатып, сұхбаттарға дайындалатын. Одан үй шаруаларымен айналысуды ешкім талап етпеді.

Күйеуі немесе әйелі үйде қалып, үй шаруасымен айналасуды қалайтыны жаман емес. Бірақ бұл таптаурынға және әлеуметтік догмаға айналмауы керек. Әйелдің жұмыс істеп, үй мен балалар күтімі бойынша жауапкершілікті өзіне алмау құқығына ие. Бұған келіспейтін кез-келген адам өткен ғасырда өмір сүріп, заманауи әлеуметтік трендтерден артта қалып жатыр.

Сонымен қатар үй шаруасымен айналысуды қалайтын әйелдерді де құрметтеу керек. Үй шаруасы және балалар күтімі – көбінесе көзге көрінбей қалатын ауыр еңбек.



Айым Қалиева, 24 жаста, қаласы — Нұр-Сұлтан, желілік инженер, монтажер, SMM, @aim.amangeldy

Ақсұлтан Қалиев, 23 жаста, қаласы — Нұр-Сұлтан, блогер, инставайнер, продюсер, @aksultankaliyev

image-24-06-20-10-52-8.jpeg

Отбасы жайында


Айым. Біз Ақсұлтанмен мектеп кезінде таныстық, параллель сыныптарда оқыдық. Бірақ 11 сыныпта ғана араласа бастадық. Ақырындап бұл достыққа, кейіннен қарым-қатынасқа ұласты, ал 2018 жылы біз отбасын құрдық. Екі жылдан соң қызымыз дүниеге келді.

Мен үшін отбасы – бұл менің бар өмірім. Өзіндік қағидалары мен ережелері бар отбасын құру – бұл үлкен еңбек.

Біздің ұстанатын басты қағидамыз – бір-бірімізбен сөйлесу. Ішімізде қалып, ренішке айналмайтындай өз ойларымызды ашық айту. Қандай да бір мәселені шешкен кезде, оны алдын-ала талқылаймыз.

Үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында


Біз отбасыдағы міндеттерді бөлмейміз. Көңіл-күйіміз болмаса, тамаққа тапсырыс береміз. Кейбір кезде Ақсұлтанды үй жинауға көмектесуді сұраймын, ал ол клинингтік қызмет көрсету тапсырыс беруді ұсынады.

image-24-06-20-10-52-9.jpeg

Ақсұлтан қызымызға жақсы көңіл бөледі. Ойнайды, қамқорлықпен қарайды, баланы өзі шомылдыра алады.



Сұлтан Күшпенов, 27 жаста, қаласы — Алматы

Райхан Күшпенова, 24 жаста, қаласы — Алматы, арт-менеджмент, Assyl тобының солисі, @raikhan_birzhankyzy

image-24-06-20-10-52.jpeg

Отбасы жайында


Райхан. Менің жолдасым мейірімді, еңбекқор, әзіл-оспақты, жігерлі адам. Мен байсалдымын.

Біз достарымыздың ауызашарында таныстық. Сол кезде Сұлтан шоу-бизнестен алшақтау болған, тобымыз жайында ештеңе білмейтін.

Отбасы – өмірдегі ең басты және құнды нәрсе. Бастысы екеуміз де өзімізді жайлы сезінсек болды. Біз бір-бірімізді құрметтейміз және жақсы көреміз.

Үй шаруасындағы міндеттерді бөлу жайында


Біз еркін өмір сүреміз, қатаң міндеттерді, кестелерді ұстанбаймыз. Үйді мен жинаймын, бірақ карантин кезінде үйдегі шаруалармен бірге айналыстық.

Сұлтанның ата-анасы екі қалада тұрады. Сол себепті олар бізбен тұрғанда, тамақты анамыз әзірлейді. Олар болмағанда, мен дайындаймын.

image-24-06-20-10-52-1.jpeg

Менің ойымша, күйеуі жұмыс істейді, ал әйелі үй шаруасымен айналысады деген түсінік артта қалды. Бүгінде үйде отырып, ақша табу трендке айналған. Ал мен белсенді түрде жұмысқа барып, гастрольдерге шығамын.

Барлығы ақылға сай болуы керек. Әйел тепе-теңдікті сақтай білуі керек. Көптеген әйелдер жұмысқа, үй шаруасына, өзіне көңіл бөлуге үлгереді. Осындай заманда өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу