facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/8d1/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/8d1433c745e94ae508cee1e2e358b33a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
youtube-zhel-s-ne-zh-ktelgen-aza-fil-mn-klassika-tuyndylary
logo
YouTube желісіне жүктелген «Қазақфильмнің» классика туындылары

05.07.2020

YouTube желісіне жүктелген «Қазақфильмнің» классика туындылары

«Менің атым Қожа», 1963 ж.


Режиссері: Абдолла Қарсақбаев

Фильм желісіне Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты әйгілі повесі арқау болған. Ауылдың сыйлы азаматының баласы Қожа мектепте сотқарлығымен аты шығады. Соған қарамастан, ол шын жүректен түзелгісі келеді. Қасында Сұлтан досы жүрген кезде, бұл іс оған мүлдем қиынға соғады.


«Алдар-көсе», 1964 ж


Режиссері: Шәкен Айманов

Оны Алдар Көсе дейтін, бұл – лақап аты еді. Алдар – алдаушы, Көсе – сақалы жоқ дегенді білдіреді. Оның шын есімін, ондай адамның болған, болмағанын ешкім білмейтін. Бірақ қай ауылға барсаң да, оның есімі ел аузынан түспейді. Әр әңгіменің тоқетер жері – ол кедей болса да, пейілі кең, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп, халықты езген бай-манаптардың әділетсіздігіне қарсы күрескен-мыс.


«Атамекен», 1966 ж.


Режиссері: Шәкен Айманов

Олжас Сүлейменовтың сценарийі бойынша түсірілген фильм. Соғыс бітіп, бір жыл өткен соң, ақсақал Ленинградта қаза болған ұлының сүйегін туған жеріне әкелмек болып, немересін ертіп, жолға шығады. Алайда, бейіт басына ұлының жауынгер жолдастарымен бірге жерленгенін білген соң, мәйітті мазалағысы келмейді.


«Тақиялы періште», 1968 ж.



Режиссері: Шәкен Айманов

Кенже баласының бойдақ жүргені жүрегіне батқан Тана апа баласына қалыңдық іздей бастайды. Жасы 28-ге келген ұлы Тайлақ – география пәнінің мұғалімі, анасының еркесі, нар тұлғалы, мінезі көркем азамат. Баласына қалыңдық іздеу барысында Тана апа Нияз ақсақалдың отбасымен танысады. Ал ұлы Тайлақ болса, Айша есімді арумен танысып, сөз жарастырғанымен оның таңдауын анасы құптамайды.


«Қыз Жібек», 1970 ж.



Режиссері: Сұлтан-Ахмет Қожықов

Қазақ киносының алтын қорына айналған фильм «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының желісімен түсірілген. Көркем шығармада екі жастың махаббаты арқылы ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы бейнеленген.


«Гауһартас», 1975 ж.



Режиссері: Шәріп Бейсембаев

Фильм жазушы-драматург Дулат Исабековтың әдеби шығармасы бойынша түсірілген. Көркем туындыда қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанаттың келін болып түскені, сол шаңыраққа жылулық сыйлай білгені, тек мінезі ауыр күйеуінің мейіріміне бөлене алмағандығы баяндалады.


«Алты жасар Алпамыс», 1977 ж.



Режиссері: Абдолла Қарсақбаев

Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару.


«Айналайын», 1990 ж.



Режиссері: Болат Қалымбетов

Бір-біріне ғашық болған екі жасөспірімнің тағдыры арқылы ұрпақтың әлеуметтік драмасы баяндалады. Сынақтар тоқтатылған полигонда атом жарылыстарының салдары бас кейіпкер мен оның ұрпағының қалыптасуында ізсіз қалмайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ата-анаңызбен бірге көруге болатын 20 фильм
Ата-анаңызбен бірге көруге болатын 20 фильм
Сізді қорқыныш атмосферасына түсіретін Хэллоуинге арналған 10 үздік фильм
Сізді қорқыныш атмосферасына түсіретін Хэллоуинге арналған 10 үздік фильм
Топ 10 қазақша комедия
Топ 10 қазақша комедия
«Начало», «Интерстеллар», «Дюнкерк»: Кристофер Ноланның ең үздік фильмдері
«Начало», «Интерстеллар», «Дюнкерк»: Кристофер Ноланның ең үздік фильмдері
Қазақтың естең кетпес топ-10 әндер жинағы
Қазақтың естең кетпес топ-10 әндер жинағы