facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
the-world-bank-ey-kpmg-zh-ne-unicef-haly-araly-kompaniyalarda-zh-mys-steyt-n-astanaly-tar
logo
The world bank, EY, KPMG, және UNICEF – халықаралық компанияларда жұмыс істейтін астаналықтар

22.04.2019

The world bank, EY, KPMG, және UNICEF – халықаралық компанияларда жұмыс істейтін астаналықтар

Зарина Нұрмұхамбетова, 32 жаста, туған қаласы — Семей, Қазақстандағы (UNICEF) Балалар фондының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестіруші


Зарина unicef3.jpg

Көшіп келуі мен жұмысқа орналасуы жайында


Мен екі жыл бұрын жұмыс бойынша Астанаға көшіп келдім. 2011 жылдан бері БҰҰ жүйесіндегі UNICEF балалар фондында жұмыс істеп жатырмын. Университетті бітіргесін, өңірлік кеңсеге коммуникациялар маманы қызметіне байқау жүріп жатқанын білдім. Жұмысқа орналасу үшін бес немесе алты жыл жұмыс тәжірибесінің болуы талап етілді, бірақ мені тәжірибесіз алды.


Сұхбаттың кезеңдері мен қажетті дағдылар жайында


Бос қызмет орны жарияланған кезде, хабарламамен мұқият танысу керек, себебі әдетте техникалық тапсырма бірнеше бетке жазылып беріледі. Сонда адамнан талап етілетін міндеттер мен күтілетін нәтижесі жазылады.

Зарина Unicef.jpg

Екінші кезең – орыс және ағылшын тілінде жазбаша емтихан тапсыру. Егер үміткер елде немесе қалада болмаса, тестті қашықтықта тапсырады. Әрі қарай көбірек балл жинаған үміткердің HR жұмыс істейді. Олар сұхбаттың кезеңіне өтеді.

Негізгі міндеттедің бірі – ағылшын тілін білу, себебі БҰҰ-де кем дегенде екі тілді білу керек. ТМД елдерінен шыққан адамдарға жеңілірек болады, себебі егер сен ағылшын тілді білмесең, екінші тіл ретінде орыс тілі алынады және сен автоматты түрде көптеген қызметтерге сай келесің. Егер француз, испан тілдерін білсең одан да жақсы, араб тілін білу артықшылық болып табылады – ол да үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар уақытты сауатты үлестіре білу маңызды, себебі жұмыс көп міндеттерді талап етеді.


Компаниядағы жұмыс жайында


Менің қызметім «коммуникациялар жөніндегі кеңесші» деп аталады. Қоғаммен байланыс қызметінің көптеген мамандары бұл жұмыстың аралас екенін біледі. Ол үлкен стратегиялық процестерден басталып, шағын твитті құрып жазуға дейін өзгеріп отырады. Біздің мақсатымыз – балаларға көмектесу, ал ол үшін қоғамға ақпаратты жеткізе білу керек.

Біздің мақсатымыз – балаларға көмектесу, ал ол үшін қоғамға ақпаратты жеткізе білу керек


Қиындықтар әрқашан туындап отырады. Бастапқыда қиын болды, себебі мен жұмыс сапарлары көп болатынын білген жоқпын. Басында олар қуантады, бірақ кейін балалы болған кезде, қиынырақ болады. Мен ТМД және Орталық Азияның көптеген елдеріне болдым.


Жоспарлар жайында


Зарина Unicef2.JPG

Маған нәтижеге ие болып, жақсы жағынан дамып жатқаным ұнайды. Келешекте халықаралық жобаларда жұмыс істеп көруді қалаймын.


Альмира Шакиева, 33 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, KPMG компаниясының басқарушылық кеңес беру бөлімінің директоры


Альмира KPMG.jpg

Көшіп келуі мен жұмысқа орналасуы жайында


Мен 2011 жылы жұмыс бойынша Алматыдан Астанаға көшіп келдім. 2006 жылдан бері KPMG компаниясында жұмыс істеп жатырмын, мансабымды аудит бөлімінде бастадым. Кейін 2009 жылы аудит бағытынан кетуді шештім, себебі сол кезде басқарушылық кеңес беру бөлімінің құрылымы басталды. 2011 жылы көптеген компаниялар Астанаға көше бастаған кезде, біз де кеңсемізді елордада ашу керек деп шештік.


Сұхбаттың кезеңдері мен қажетті дағдылар жайында


Мен Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқыған кезде, HR KPMG компаниясы студенттер арасында тестілеу жүргізді. Оның нәтижелері бойынша мені сұхбатқа шақырды. Мен сұхбаттың үш кезеңінен өттім — HR-мен, менеджермен және серіктеспен. Кейін жұмысқа шақыру ұсынысына ие болдым.

Альмира KPMG2.jpg

Мансапты консалтинг саласында бастау үшін, 2-3 кәсіби тәжірибеге ие болған жөн.


Компаниядағы жұмыс жайында


Мен Басқарушылық кеңес беру бөлімінің директорымын, екі топқа жетекшілік жүргіземін – есеп және жүйелерді жүргізу мәселелері бойынша кеңес беремін. Менің міндеттеріме клиенттермен ұзақмерзімді қарым-қатынас құру кіреді. Сонымен қатар мен көрсетілген қызметтердің сапасын қадағалау мәселелеріне жауап беремін.

Басты қиындық – клиенттің ниетін дұрыс түсіну. Консалтинг – бұл ұнамай қалатын жағдайда қайтарып беруге болатын тауар емес. Сол себепті мен жоспарлау мен клиенттермен прототиптерді келісу баағыттарына көп көңіл бөлемін.

Басты қиындық – клиенттің ниетін дұрыс түсіну


Компаниядағы жұмыстың басты артықшылығы – сенің ақылды адамдардың ортасында болуың. KPMG компаниясында бір шаршы метрдегі жоғары интеллектуалды адамдардың зейіні жоғары деңгейден асып түседі. Осындай командада жұмыс істеген кезде, әрдайым жақсырақ болуға, қосымша дағдыларды, қабілеттерді дамытуға талпынасың. Үздіксіз жетілу атмосферасында боласың. Біз ешқашан бір орында тұрмаймыз.

KPMG — бұл екі-үш жылдық жұмыс емес. Біз дамып жетілуге дайын адамдарды күтеміз және компания бұл үшін барлық жағдайлар жасайды.


Жоспарлар жайында


Мен директор қызметін атқарамын, келесі деңгей – серіктес болу. Тәжірибемді және командамды дамытуды жалғастыру жоспары бар.


Алия Бижанова, туған қаласы — Алматы, The World Bank компаниясының білім беру маманы


Алия Всемирный банк.jpg

Көшіп келуі мен жұмысқа орналасуы жайында


Мен Астанаға 2012 жылы көшіп келдім. Сол кезде Америкадан магистратурада оқып келдім, үйге оралып, жұмыс іздедім. Астанада Дүниежүзілік банкте қызметті ұсынған кезде, келістім.


Сұхбаттың кезеңдері мен қажетті дағдылар жайында


Мен білім беру саласында үйлестіруші маманның бос қызмет орны жайында білдім, өтінімді онлайн түрде жіберіп, сұхбаттың кезеңдерінен өттім.

Әртүрлі департаменттерде шарттар және сұхбаттың кезеңдері әртүрлі. Менде үш деңгей болды. Бастапқыда түйіндемемді бердім, кейін маған оның қысқа тізімге енгенін хабарлады. Бұдан кейін мені Дүниежүзілік банк қызметкерлерінің тобы өткізген сұхбатқа шақырды. Келесі кезең – Еуропа аймағына және Орталық Азияға жетекшілік ететін білім беру бойынша ғаламдық тәжірибе менеджерімен сұхбат.

Жұмысқа орналасу 3-тен 6 айға дейін уақытты алуы мүмкін, себебі бір қызметке шамамен 100 адам үміткер болады. Менің жұмысқа орналасуым төрт ай уақытқа созылды.


Жұмыстың шарттары


Мен 2012-ден 2018 жылға дейін Дүниежүзілік банкте білім беру бойынша ғаламдық тәжірибе саласындағы бағдарламалар мен жобалардың үйлестірушісі қызметін атқардым. Жақында білім беру жөніндегі үйлестіруші қызметіне шықтым. Кестемді өзгертіп, отбасыма көбірек уақыт бөлуді шештім.

Қазақстанда дарынды және ақылды жастар көп, сол себепті бәсекелестік жоғары. Халықаралық компаниялар бүкіл әлемдегі әріптестермен, Гарвард немесе Стэнфорд университеттерін бітірген адамдармен бір командада жұмыс істеу, халықаралық тәжірибе сияқты үлкен мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл қызықты.

Қазақстанда дарынды және ақылды жастар көп, сол себепті бәсекелестік жоғары


Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің жұмысы әлеуметтік дәрежелерге тәуелсіз барлық адамдарға тең мүмкіндіктерді ұсынуға негізделген.


Жоспарлар жайында


Дүниежүзілік банкте адамдармен жұмыс істегеннен кейін, көп мүмкіндіктер ашылады. Мен әрі қарай зерттеулермен айналысып, академиялық салада және даму институтында жұмыс істеуді қалаймын.


Мадина Утешева, 25 жаста, туған қаласы — Алматы, EY компаниясы IT-аудит бөлімінің бас сарапшысы


Мадина2 Ernst & Young3.jpg

Көшіп келуі мен жұмысқа орналасуы жайында


Менің компанияда жұмыс істеп жатқаныма бес жыл болды. EY компаниясына келген кезде, университетте оқыдым және жұмысты оқумен қатар алып жүрдім. Университетті бітірген кезде, Алматыдағы IT-қолдау кеңсесіне кіші маман қызметіне орналастым.

Астанаға жақында көшіп келдім. Менің бұрынғы бөлімде IT-аудиттің бөлек бағыты болды және Астана мен Алматыдағы командаларымыздың құрылымы басталған кезде, басшылық менің Астанадағы команданың лидері болатынымды шешті. Мен елордаға көшіп келдім және осында EY компаниясының аудит департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеймін.


Сұхбаттың кезеңдері мен қажетті дағдылар жайында


Мен бөлімнен бөлімге ауысқаннан кейін, сұхбаттан төрт рет өттім.

2012 жылы алғаш рет студент ретінде тағылымдамаға келген кезде, логикадан, ағылшын және орыс тілдерінен тест тапсырдым.

Мадина Ernst & Young2.jpg

IT-қолдаудан IT-консалтингке ауысқан кезде, украиндік компанияның менеджірмен сұхбаттан өттім. Сол кезде ол жұмысқа жалдау шешімін қабылдады. Сұхбат орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Сұхбаттан сәтті өтіп, компанияда жұмысты бастау үшін, мықты аналитикалық дағдылар, ақпаратты тез қабылдау қабілеті қажет. Сонымен қатар жауапты және тәртіпті болу керек – бұл «жақсы маман» түсінігі қалыптасатын негіз болып табылады.


Компаниядағы жұмыс жайында


Компаниямызда жұмыс істеудің басты артықшылығы – корпаративтік мәдениет. Мен бұл мәдениеттің деңгейіне, адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынасқа үйрендім. Компанияда әрқашан соңынан еріп, деңгейлеріне жетуге болатын адамдар бар. Мен сыртқы факторлардан тәуелсіздікті сеземін, себебі экономикалық өзгерістерге қарамастан, бізде әрқашан жұмыс бар.

Компаниямызда жұмыс істеудің басты артықшылығы – корпаративтік мәдениет


Компаниядағы барлық жағдайлар жұмыс уақытында тиімді жұмыс істеуімізге бағытталған, тек төтенше жағдайларда кешке дейін қалып жұмыс істейміз. Егер біз әріптестерімізбен үлгермей жатсақ, үйге барып, 18:00-ден кейін жұмысымызды бітіруге болады.

Мадина 3 Ernst & Young.jpg

Қиындықтар жұмыстың көлеміне байланысты, ол шын мәнінде көп болуы мүмкін.


Жоспарлар жайында


Мен жұмысымды бағалаймын. Үлкен төрттіктен басқа жерде жұмыс істей алмас едім. Мен үшін жүзеге асыруды қажет ететін және дамып жетілуге мүмкіндік беретін міндеттердің болғаны маңызды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.