facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1a8/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/0wvpb21m35aek44rjirveuxkuximiyit.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
the-kitchen-songs-degen-k-m-muzykant-shy-armashyly-y-zh-ne-mektep-direktoryny-zh-mysy-turaly
logo
The Kitchen Songs деген кім. Музыкант шығармашылығы және мектеп директорының жұмысы туралы
Главный (каз)

07.09.2023

The Kitchen Songs деген кім. Музыкант шығармашылығы және мектеп директорының жұмысы туралы

The Kitchen Songs — ұзақ жылдар бойы жылы тыңдармандарын жанға жайлы әндерімен қуантып жүрген қазақстандық орындаушы. Біз оның музыкаға қалай келгенін, неден бастағанын, бүгінде немен айналысып жүргені туралы сөйлестік.


Азамат Сыздықов, 28 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, мектеп директоры, @thekitchensongs

Азамат С

Бәрі қалай басталды

Мен Қарағандыда тудым, бірақ өмір бойы Алматыда тұрып келемін. The Kitchen Songs деген бүркеншік атпен орыс және қазақ тілдерінде ән жазамын. Менің музыкант ретінде дебютім 2016 жылы басталды.

Әдетте музыканы түнде жазамын. Бұрын әке-шешеммен бір жалдамалы пәтерден екінші пәтерге жиі көшетінбіз. Менің жеке бөлмем болмады, сондықтан түнде ешкімге кедергі келтірмеу үшін асүйде жұмыс істедім. The Kitchen Songs бүркеншік атым осылай пайда болды. Жанға жайлы әңгімелер түнгі екі-үштерде соулмейтіңізбен асүйде шай ішіп, шын жүректен әр нәрсені айтып отырған кезде болады. Менің музыкам осындай болғанын қалаймын. Жанр туралы айтатын болсақ, әндерім — хаус элементтері бар поп. Сүйікті әндерімнің бірі — «Папа космонавт» әні, менің ойымша, мен тақырыпты жаман ашпадым.

Қазіргі таңда музыка мен үшін хобби. Әрқашан балалармен жұмыс істедім, тіпті информатика пәнінің мұғалімі болдым. Жұмыста балалармен оңай тіл табысып кететінімді байқаған олар маған мектептің жаңа филиалында директор қызметін ұсынды. Мұндай боларын ешкім күтпеген еді, бірақ қазір мен директор болып жұмыс істеймін.

Шығармашылық пен шабыт туралы

Шығармашылығымның тамыры тамаша вокалист болған әжемнен бастау алады, ол бір кездері ауылдың тамаша әншісі болатын. Менің ойымша, оның таланты маған дарыды. Бала кезімде жарнама, радио тыңдайтынмын, дикторлардан кейін бәрін қайталайтынмын. Сол уақыттарда менің музыкалық қабілетім дами бастады.

Менің музыкалық білімім жоқ. YouTube — менің университетім. Соның көмегімен музыка жазуды үйрендім.

Азамат С

Алғашқы тректерімді мектепте жаза бастадым, онда достарыммен құрған жеке рэп тобым болған. Танымал болған алғашқы тректердің бірі Nebanana тобымен жазғаным еді. Ол кезде мен оныншы сыныпта оқитынмын.

Екінші-үшінші курста көбірек музыкамен айналыса бастадым. Ол кезде 600-ге жуық ән жазып үлгергенмін. Негізінен бұл сөздері мен мағынасы қарапайым тректер болатын. Олардың сапасы нашар болды, бірақ 600 туындыдан кейін басқа композициялар пайда бола бастады. Осыншама жұмыстың ішінде мен тек бес трек шығардым.

Музыканы әр кезде түрліше жазамын. Кейде мен гитарада аккордты ойнап, кейінірек тұтас әнді шығара аламын. Немесе белгілі бір тақырыпты пайдаланып, трек жасай аламын. Бүгін мен процеске көбірек дайындықпен келуге тырысамын. Тақырыпты ашып, панчтер мен фактілерді ойлап табу үшін шағын зерттеу жүргіземін.

Азамат С

Мені кітап, фильм, күн сәулесі, хош иіс, адамның әрекеті немесе достарымның өміріндегі оқиға шабыттандырады.

Музыкамның рецепті: заманауи ырғақтармен ұштастырылған ұлттық колорит.

Ағымдағы іс-шаралар мен жоспарлар туралы

Менің дайын 13 әнім бар. Оларды біртіндеп, асықпай шығарамын.

Ақыл-кеңес

Мен жаңадан бастап жүрген музыканттарға өз стилін табуға, шынайы болуға және тренд қумауға кеңес беремін. Шынайы болуға тырысыңыздар. Өзіңізді бар болмысыңызбен қабылдаңыз және көп жұмыс жасаңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.