Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Таулы курорт, емдеу-сауықтыру орталығы және көл жағасында орналасқан қонақ үйі: Қазақстанда жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізуге болады
4897

16.11.2017

Таулы курорт, емдеу-сауықтыру орталығы және көл жағасында орналасқан қонақ үйі: Қазақстанда жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізуге болады

«Ақ бұлақ» биік таулы курорты


ак булакк.jpg


ак булак.jpg


4 күндік Жаңа жылдық пакет: 30.12.2017 — 02.01.2018

Не кіреді:

— тұру, таңғы ас, сауна

— ойын-сауық бағдарламасы өтетін Жаңа жылдық кешкі ас, шақырылған жұлдыздардың өнер көрсетуі.

Бағасы: екі адам үшін 165 000 теңге, Жаңа жылдық кешкі ас бөлек төленеді – бір адам үшін 85 000 теңге.

Мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы

Байланыс: 8 7272 599 490




Park Resort «Восемь Озер»


8 озер1.jpg


3 күндік жаңа жылдық пакет: 31.12.2017 — 02.01.2018

Не кіреді:

— тұру, таңғы ас

— ойын-сауық бағдарламасы өтетін жаңа жылдық гала-кешкі ас: ВИА Skillz және Diamond би тобының өнер көрсетуі

— «Ертегіге қонаққа бару» балаларға арналған таңертеңгілігі

— қаржүргіш тебу, термалды СПА-ға бару, коньки жалдау және тағы басқа.

Бағасы: екі адам үшін 220 000 теңгеден бастап

Мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Тереңқара ауылы

Байланыс: 8 771 507 16 97, 8 7273 300 990




«Березняки» шипажайы


березняки.jpg


3 күндік және 2 түндік Жаңа жылдық пакет: 31.12.2017 — 02.01.2018

Не кіреді:

— тұру және тамақтану

— 31 желтоқсан күні өтетін Жаңа жылдық мерекелік кешкі ас және ойын-сауық бағдарлама

— 1 және 2 қаңтар — сауықтыру кешеніне бару, монша,бала бөлмесінің жұмысы, балаларға арналған мастер-класстар

Бағасы: бір адам үшін 33 000 теңгеден бастап

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Қызылқайын ауылы

Байланыс: 8 777 540 30 00, 8 7212 996 111




Rixos Borovoe Hotel


риксос.jpg


3, 4, 5 түндік Жаңа жылдық пакеттер.

Не кіреді:

— Deluxe /Junior Suite/Presidential Suite бөлмелерінде тұру

— толық пансион — халықаралық буфет — таңғы ас, түскі ас және кешкі ас

— 16 жастан асқан ересек қонақтарға арналған балдық залда өтетін ойын-сауық бағдарламасымен 31.12.2017 күні жаңа жылдық гала кешкі ас, «Бандэрос» тобының өнер көрсетуі

— балаларға арналған кешкі асы бар бөлек Жаңа Жылдық ойын-сауық бағдарлама.

Бағасы:

3 түн — бір адам үшін 543 000 теңгеден бастап

4 түн — біра адам үшін 610 000 теңгеден бастап

5 түн — біра адам үшін 663 000 теңгеден бастап.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Шучинск қаласы

Байланыс: 8 7163 620 100




«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру орталығы


окжетпес.jpg


3 күндік «Жаңа жылдық» пакеті және 4 күндік «Жаңа жылдық 2» пакеті.

Не кіреді:

— 3 күндік тұру және төрт реттік тамақтану

— «Оқжетпес» мейрамханасында өтетін Жаңа жылдық гала-кешкі ас. Бүкіл қонақтарға венециялық маскалар беріледі, ал музыканттар өздерінің үздік музыкалық шығармаларын орындайды. Түн жарымынан кейін «бал» басталады. Сонымен қоса балалрға арналған ойын-сауық бағдарлама жоспарланған.

— 1 қаңтар күні — мерекенің жалғасы — концерт және ойындар мен сайыстар өтетін балаларға арналған таңертеңгілік

— емдеу-сауықтыру орталығының, моншаның, саунаның және тағы басқа қызметтердің жұмысы.

Бағасы: екі адам үшін 3 күнге 225 000 теңгеден бастап және 4 күнге 272 000 теңгеден бастап.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай ауылы

Байланыс: 8 7163 678 101, 8 702 059 20 20



«Рахмановские ключи» шипажайы


рахм ключ.jpg


4 күндік Жаңа жылдық тұрулар: 30.12.17 — 02.01.18 немесе 12 күндік: 22.12.17 — 02.01.18

Не кіреді:

— шипажайға дейінгі трансфер, тұру, тамақтану

— ойын-сауық бағдарламасы өтетін жаңа жылдық банкет — бір адам үшін 15 000 теңге

— балалар бөлмесі жұмыс істейді

— сауықтыру кешеніне төлемді түрде бару мүмкіндігі.

Бағасы:

4 күн — бір адам үшін 57 000 теңгеден бастап

12 күн — бір адам үшін 92 000 теңгеден бастап

Мекенжайы: Шығыс-Қазақстан облысы, Глубовский ауданы, Бобровка ауылы

Байланыс: 8 705 798 53 56, 8 7232 560 232

Меню

Істер

Қала 24

Шолу