facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tabysy-zholaushylardy-zhala-ysynan-asatyn-taksi-zh-rg-zush-ler
logo
Табысы жолаушылардың жалақысынан асатын такси жүргізушілері

17.06.2017

Табысы жолаушылардың жалақысынан асатын такси жүргізушілері

Толқын Бекшибаева, 44 жаста


Орташа айлық табысы — 340 000 тг дейін

Негізгі жұмысым темір жол жəне аэронавигациялық жүйелерді жобалау. Бос уақытымда көлікпен адам тасимын. Негізгі жұмысымда жұмыс кестесі еркін жəне оны толық орындағаннан кейін өз уақытымды қалауымша жұмсаймын.


2016 жылдың қазанына дейін менде белгіленген жұмыс кестесі болатын. Алайда, көпшілігіміздің басымызда бар жағдай, жұмыс толық қамтамасыз ете алмады. Жалақы үнемі біз ойлағандай бола бермейді. Төрт балам бар, екі үлкені студенттер, сондықтан да маған жоғары табыс керек. Бұрын жобаларды көп алуға тырысатынмын, бірақ бұл қиын екен. Ұдайы бір нәрсені ойлай берсең, жұмыстың сипаты да тәулік бойы өзгермейді, қатты шаршайсың.


толкын 1.jpg


Бір күні маған жұмысымнан едәуір ерекшеленетін екінші жұмыстың керек екенін ұқтым. Қазір жобалармен айналысқанда, сонымен қатар адамдармен араласқанда физикалық тұрғыдан демаламын. Жоба жұмыстарын аяқтап, тапсырыс қабылдағанда мүлдем өзге қызметім басталады. Үнемі рөлде отырып, көлік жүргізушілері тудыратын күйзелістік күйде болғандықтан, мұны физикалық еңбек деуге де келеді. Оның үстіне маған рөлде отырып, жолаушылармен əңгімелескен ұнайды.


Жақындарым мен достарым менің жаңа жұмысыма үрке қарады. Басында халімді сұрап жиі хабарласатын. Қазір үйренді, екінші жағынан, жақсы табыс əкелетінін біледі. Қазір ұлым да осы іске қызығып жүр, маған көмектеседі.


Жаңа жылда болған бір оқиға есімде. Гүл дүкеніне жеткізуді сұраған жігітті жеткізіп салдым. Жолда ол ұнататын қызына ұсыныс жасамақшы екенін айтты. Ол мұны сондай мақтанышпен айтты және сол кезде өте бақытты еді. Гүл дүкенінен 117 раушан гүлінен тұратын үлкен гүл дестесін сатып алды. Автокөлігімнің іші әдемі гүлдің хош иісіне толды. Әңгіме барысында ол менен кіші болса да, бір мектепте оқыған болып шықтық. Мен өзіме сабақ берген мұғалімдерді айттым, олар егде тартса да әлі күнге дейін осы жас жігітке сабақ берген екен. Содан кейін оны қажетті жеріне жеткізіп салдым, сәттілік тіледім. Ізінше көлігіме бірдеңеге ренжіген қыз бала отырды. Алайда, көлікке отырысымен-ақ, салондағы гүлдің иісін сезіп, өзгеріп сала берді, күлімдеді. Гүлдің иісі оның көңіл-күйін көтеріп тастады және ол көліктен ренжігенін ұмытып шықты.

толкын 2.jpg


Содан соң қаңтар бойы кем дегенде аптасына бір рет күйеу жігіт пен сүйіктісіне ұсыныс жасағалы бара жатқан жігітті жеткізіп жүрдім.


Бұл жеңіл жұмыс емес, әр түрлі жолаушылар мінеді. Әңгімелесіп, қандай да бір тақырыпты талқылайтын адамдар бар, кейде жағымсыз әсер қалдыратын қиын адамдар да кездеседі. Позитивті адамдардан жақсы энергия қуатын аласың. Ұдайы энергия алмасу жүреді.



Қанат Қилыбаев, 31 жаста


Орташа айлық табысы — 400 000 тг дейін


Менің мамандығым «Мұнай және газ өңдеу технологиясы». Алайда, еңбек жолымды: банкте және «Қазақтелекомда» жұмыс істеп бастадым, қосымша ақша табуға тура келді, сондықтан кешке қарай адамдарды көлікпен жеткізіп салатынмын.


2016 жылдың жазында бауырым маған такси шақыруға арналған түрлі қосымшалардың шыққанын, онда жұмысқа тұрып, жақсы табыс табуға болатынын айтты. Ол апта сайын 125 000 теңгеден астам табыс табамын деді. Мен сенген жоқпын. Кейін еңбек демалысына шығып, сонда жұмыс істеп көремін деп шештім. Еңбек демалысынан кейін аурухана қағазын алдым, жұмысымды жалғастырғым келді. Содан соң жұмыстан кету туралы арыз жазып, «Қазақтелекомнан» кеттім, бүкіл уақытымды жаңа жұмысыма арнағым келді.


канат.jpg


Менің айналамдағылар басында маған жақтырмай қарайтын. Себебі, тұрақты табыс — бір бөлек іс, ал мұнда табыс тұрақсыз, айлық жалақы жоқ. Бірақ, кейін олар бұл ақша табудың шын мүмкіндігі екенін түсінгенде мен үшін қуанды. Жақында жаңа табыс көзімнің көмегімен қызыма той ұйымдастырдым. Ол бір жасқа толды.


Мен такси шақыру қызметі қосымшасына тіркеліп, ресми жұмыс істей отырып, тапсырыс аламын. Бір жақсысы — бұл салық төлеп, заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


канат 2.jpg


Менің жұмыс кестем еркін. Түске жақын шығып, кешкі 10-11 дейін адам тасымалдаймын. Осылай жүрген ыңғайлы, таңертеңгі кептелісті ұнатпаймын. Таңертең ұйықтап, сериал көріп те үлгеремін.


Жұмысым маған ұнайды, өте көңілді десем де болады. Әр түрлі контингенттегі әр түрлі адамдарды жолықтырамын. Біреуі өмірлік жағдайын айтады, басқасы өмірге налиды, үшіншісі өз қуанышымен бөліседі.



Гүлмира Хусаинова, 44 жаста


Орташа айлық табысы — 220 000 тг дейін


Жұмыссыз қалып, маған таксопаркте жұмыс істеуді ұсынған кездер болды. Басында «Эконом таксиге» орналастым, кейін InDriver қосымшасына, сосын Uber қосымшасына тіркелдім. Қазір бұл менің негізгі жұмысым. Себебі, мен үнемі еркін кестесі бар жұмыс іздедім, уақытымды өзім басқарып, өз бетіммен ақша тапқым келді.


Мен қашан шығу қажет деп санағанда ғана жұмысқа шығамын. Орташа алғанда күніне сегізден сағат онға дейін жұмыс істеймін. Тамақтануға, жанармайға, көлік жууға, баланы мектепке апаруға үзіліс жасаймын.


гульмира.jpg


Басында қиын болды, кейін үйреніп кеттім. Жұмысым ұнайды, мен үшін ақша табудың оңай жолы. Қазір картамен төлеу жүйесінің бар екені қуантады. Бұл жолаушыға да, жүргізушіге де ыңғайлы, қайтаратын ақша іздеп жүрмейсің.


Жолаушылардың неше түрлісі жолығады, алайда көбінесе қызықты әрі жағымды адамдар болады.


Материалды дайындауға көмектескені үшін Uber компаниясына алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.