Әлия Тазабекова, NGS жаңа ұрпақ мектебінің стратегиялық жоспарлаудың және жаңа білім беру жобаларын енгізудің директоры
Мектептің ашылуы жайында
Жаңа ұрпақ мектебін ашу идеясы ROYAL CONSTRUCT B.V нидерландық компанияның құрылтайшыларымен ұсынылды. Негізгі міндеті – білім беретін бір жобаның аясында балаларға академиялық білім, жеке дағдылар және спорттық қабілеттер арқылы үйлесімді даму мүмкіндігін беру. Қазіргі кезде сапалы білім беруді қабылдау процесі өзгеріп жатқаны ескерілді. Біздің заманда, адамға жасанды интеллектпен жарысуға тура келетін кезде, қарапайым білім қоры мен білгірлік екінші орынға ығыстырылады. Сол себепті мектеп оқушыларын шығармашылық, инновациялық әдістемелер арқылы аналитикалық қабілеттерін дамытып, ақпаратты жинақтай білуді үйреткен жөн.
Әлемдік тәжірибелерді ұзақ уақыт зерттеп талдаған соң, идея нақты концепт пен стратегиялық жоспарға ие болды. 2018 жылдың қыркүйек айында мектептің ресми ашылымы өтті.
Мектептің міндеті мен философиясы жайында
NGS мектебінің міндеті – балаларды болашаққа, инновациялар мен жарқын идеялардың заманына дайындау. Басты мақсаты — баланың бойына оқуға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты сіңіру. NGS шығармашылық тұрғыдан ойлауға және қалыптан тыс шешімдерді іздеуге көмектеседі. Басқа сөзбен айтқанда, жасанды интеллекттің әлі де ұзақ уақыт жасай алмайтын нәрселерді істеуге үйрету.
Мектеп қызметінің бағыттары жайында
Біздің мектебіміз «Ақылдырақ! Мықтырақ! Жарқынырақ!» деген үш бағытта жұмыс істейді. Бұл мектептің негізгі ұраны. Ол біздің балаларға беретін тәжірибемізді айқындайды, біз балаларды өткен күнге қарағанда күн сайын ақылдырақ, мықтырақ, жарқынырақ болуды үйретеміз.
«Ақылдырақ» — бұл негізгі бағдарлама арқылы балалардың бойында жетілдірілетін академиялық білім. «Мықтырақ» — бұл спортпен байланысты нәрселер: бізде оқушылардың мықтырақ болып, денсаулықтарын сақтайтын бағыттар көп. «Жарқынырақ» — бұл шығармашылық қасиеттерді дамыту.
Мектептің ерекшеліктері жайында
NGS — қызықты жоба. Жоба нақты жоспарлау мен терең талдаумен қамтылған және бұл бастапқыдан бері білім беру мен басқарушылық процестерді сапалы түрде құруға мүмкіндік берді. Мысалы, мектептің ойластырылған инфрақұрылымы «Ақылдырақ! Мықтырақ! Жарқынырақ!» концептісін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Бізде арт, мүсін, комикстерді жасау сияқты баланың шығармашылық дағдыларын дамытатын кабинеттер бар. Мектептің сыртқы және ішкі аумағында жеті спорттық алаң, бассейн, жекпе-жек залы, екі хореографиялық зал, футбол алаңы бар.
Мектебіміздің ең басты ерекшелігі мен артықшылығы – қызметкерлермен жұмыс жасаудың кадрлық стратегиясы мен саясаты. Біздің ұйымдық құрылымымыз классикалық мектептен ерекшеленеді. NGS басқарушы компания және мектептің әкімшілігі деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Басқарушы компания техникалық жабдықтаумен қатар, стратегиялық жоспарлаумен, серіктестерді тартумен, нысанды қолдаумен және барлық бизнес-процестермен айналысады. Мектептің әкімшілігі мен педагогикалық құрамы білім және тәрбие беру процестеріне жауап береді.
NGS кадрлық саясаты ұрпақ жалғастығы негізінде құрылған. Бастауыш сыныптарда балалар негізгі білім қорын көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдерден алады. Орта мектептен бастап жас прогрессивті педагогтар қосылады. Бұл мектеп ішінде білім беретін процестерді және жалпы нарықтағы білімнің сапасын заманауи тұрғыдан дамыту мүмкіндігін беретін бағыт екеніне сенімдіміз. Егер мектептер және басқа білім беретін мекемелер жас мамандарға педагогикалық тәжірибе алуға көмектеспесе, онда бұл жаһандық дәрежеде жылдар бойы жиналған тәжірибенің жойылуына алып келуі мүмкін.
NGS мектебінде біз қызметкерлердің дамуы үшін барлық жағдайлар жасадық. Каникул кезінде педагогтар өздерінің кәсіби дағдыларымен қатар, жаңа ұрпақ оқушыларының коммуникациясы мен білімі үшін маңызды болып табылатын soft skills дағдыларын дамытатын тренингтерге қатысады.
Біздің мектебіміз 08:00-ден 20:00-ге дейін — 12 сағат жұмыс істейді. Әрбір оқушының жеке маршруттық қағазы бар. Бұл кесте бойынша күннің жарты бөлігі негізгі сабақтарға, ал екінші жартысы баланың қажеттілігіне орай мектеп ішінде қосымша сабақтарға бару мүмкіндігін береді. Бұл ата-аналар үшін ыңғайлы және уақытты логистикаға кетірмеуге болады.
Қосымша білім беруге келсек, біз белгілі бағыттар бойынша мамандандырылған және өз салаларында білікті мамандар болып табылатын серіктестерді тарту арқылы жұмыс жасаймыз. Мысалы, біз федерациялармен, қоғамдық қорлармен, би және шахмат мектептерімен қызмет жасаймыз. Бұл білімнің сапасына және сабақтарды өткізуді қадағалау мәселесіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік берді.
Сабақ берудің әдістемесі жайында
Біз оқытудың әлемдік және қазақстандық әдістерін зерттеп, ең жақсы шешім ретінде ҚР білім беру Министрлігі құрастырған стандартты білім беру бағдарламасын негізге алдық. Бала басқа қалаға көшкен кезде, мектепті ауыстыру мәселесі туындағанда, ол сапа тұрғысынан оңай бейімделуі тиіс.
Біз негізгі бағдарламаға өзіміздің философиямыз бойынша баланың дамуына ықпал ететін пәндерді енгіздік. Мысалы, нөлдік сыныптан бастап жүзу сабағын қостық. Бастауыш мектептің оқушылары «Ритмопластика» пәнін оқиды. Баланың үлгерімі, дамуы және оның физикалық дайындығы тығыз байланысты қажет ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Негізгі бағдарламада шахмат сияқты пән бар. Бұл логикалық және стратегиялық ойлауды, есте сақтауды дамытуға мүмкіндік береді.
Ұстаздар жайында
Білім беру жүйесінің сапасы мұғалімдерге тікелей байланысты. Сол себепті біз әрбір ұстазды таңдаған кезде негізге алатын құндылықтар жүйесін құрастырдық.
Бірінші құндылық – кәсіпқойлық. NGS – бұл ең дарынды адамдардың командасы. Біз оларды ұзақ уақыт жинадық және мектебіміздің ұстаздарын мақтан тұтамыз. Екіншісі – балаларды және олардың талаптырын құрметтеу, оған қоса әрбір кішкентай адамның бірегейлігі мен дарындылығын мойындау. Үшіншісі – қызметін беріліп атқару. Өз мамандығын саналы таңдау – болашақ ұрпақты өсіру мен тәрбиелеу ниетінің көрсеткіші. Төртіншісі – адалдық. Педагог бұл қасиетті тек өзінің үлгісі арқылы балалардың бойына сіңіре алады.
Бесінші, ең маңызды құндылық – топтық жігер мен ұйымшылдық. Бала уақытының басым бөлігін мектепте өткізіп, бұл жер адамдармен тіл табысуды және топтың маңызды ойыншысы болуды үйренетін мекені болғанын қалаймыз.
Бізде басқарушы компания мен мектеп қызметкерлері, жасы сай келетін балалар мен кафедра арасында айналым жүйесі жұмыс жасайды.
Оқуға түсу мен құны жайында
Бүгінде NGS мектебінде 600 астам оқушы оқиды. 0-ден бастап 11-ші сыныпқа дейінгі балалар оқуға мектептегі бос орындар мен оқу жылына байланысты түседі. 2019 жылдың наурыз айынан біз 0, 5, 7, 8 және 10 сыныптарға байқау бойынша қабылдауды аштық. Әрбір оқушы сыныбына байланысты сұхбаттасудан немесе тестілеуден өтеді.
Оқудың құны — нөлдік сыныптар үшін 1 950 000, ал қалғандары үшін 2 460 000 теңге. Бұл сомаға баланың таңғы сегізден кешкі сегізге дейін мектепте болуы, жас ерекшелігіне байланысты төрт-бес реттік тамақтану кіреді. Оған қоса кейбір қосымша сабақтарды санамағанда, түзету сабақтары мен негізгі білім беру кіреді.
Жоспарлар жайында
Біз мектепті дамытатын жұмыстармен айналысуды жалғастырып жатырмыз. Жоғары мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары бойынша NGS штатындағы қызметкерлері жұмыс істейтін NGS Career Development Space жеке алаңын қалыптастыру мәселесі белсенді түрде өңделіп жатыр. Бұл еліміздің жоғары деңгейдегі оқу орындарына немесе «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік оқу орындарға түсу тәжірибесінен өткен, немесе оқуға түсу стратегиясын өздігінен құрастырған адамдар болуы керек деген сенімдеміз.
Әртүрлі департаменттерден, атап айтқанда қаржы-экономикалық, стратегиялық депертаменттер және халықаралық сертификациялау міндетіне ие мектеп әкімшілігінің өкілдері енген жұмыс тобы құрылған. Аталмыш құрам NGS мектебі оқушыларының басым бөлігіне актуалды болатын бағдарламаны таңдау үшін терең талдау, сертификациялау мүмкіндіктерін салыстыру қажеттігіне ие. Процестің өзі үштен бес жылға дейін уақытты қамтиды, сол себепті ол ұзақ уақытқа бағытталған бес жылдық жоспарлау болып табылады. Бұл мәселе оқушыларымыздың және түлектеріміздің болашақ мүмкіндіктеріне тікелей ықпал етеді, себебі олар ертең, мектепті бітіргесін, нарықта сұранысқа ие білімді алуы керек.
Біз мектебіміздің бағытына, стратегиялық міндеттері мен құндылықтарына ортақтасатын барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Ата-аналардың сенімі бүгінде жүзеге асырылып жатқан және алдымызға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында жігерлендіруші факторлардың бірі болып табылады.