facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f04/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/f0499312c4038e8ae7be1c9b506b81d9.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
stenford-pen-kolumbiya-universitet-ndeg-ta-ylymdamalar-men-kurstar-a-sh-ty-zd-k-zhoo-na-alay-t-suge-bolady
logo
Стэнфорд пен Колумбия университетіндегі тағылымдамалар мен курстар — АҚШ-тың үздік ЖОО-на қалай түсуге болады

07.07.2022

Стэнфорд пен Колумбия университетіндегі тағылымдамалар мен курстар — АҚШ-тың үздік ЖОО-на қалай түсуге болады

Айжан Ибраимова, АҚШ, Калифорния, Data scientist, facebook, @aijan_ibraimova


Айжан Ибраимова


Университет таңдауы мен оқуға түсуі жайында

Мен Бішкекте туып өстім, физика-математика мектебінде оқыдым, математика бойынша халықаралық олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың мүшесі болдым. Бұл маған Мәскеу физика-техникалық институтына емтихан тапсырмай түсуге мүмкіндік берді. Қазір Кремний Алқабындағы Cisco Systems-те деректерді талдау бойынша аға маман болып жұмыс істеймін.

Маған үнемі өзімді дамытып, ой-өрісімді кеңейтіп жаңа нәрсе үйренген ұнайды. Ол кез келген нәрсе болуы мүмкін: жаңа жүзу стилі, жүгіру нәтижелерімді жақсарту, деректерді талдау мәселесін шешу бойынша тың әдістер немесе жаңа мамандық.

Менің жұмысым негізі техникалық, бірақ бірте-бірте менеджмент пен басқа компаниялармен қарым-қатынас жасаумен байланысты міндеттер көбейді. Сондықтан мен жұмыспен бірге алып жүре алатын бизнес-бағдарламаларды іздедім. Достарым Стэнфордтың кәсіпкерлерге арналған бағдарламасы — Ignite-ні оқуға кеңес берді.

Маған үнемі өзімді дамытып, ой-өрісімді кеңейтіп жаңа нәрсе үйренген ұнайды

Оқуға түсу үшін қарапайым сауалнаманы толтыру: видео түсіріп, бірнеше сұраққа жауап беру, мотивациялық хат жазып, түйіндемені тіркеу керек. Ешқандай тест тапсырудың қажеті жоқ, бірақ ұсыныс хаттың болуы маңызды. Мен ұсыныс хатты әріптестерімнен алдым.

Бағдарлама ақылы. Өткен жылы оның құны 15 000 $ болса, биыл баға біршама өсті. Компанияның менеджерлері мен вице-президенті мені қолдап, оқу ақысын толық төлеп берді. Бірақ біздің буынымызда адамдардың көпшілігі бағдарламаны өздері төледі, тіпті курсты оқу үшін басқа континенттерден арнайы келгендер де болды.

Оқытудың ерекшеліктері жайында

Оқу процесі екі параллель бөлімнен тұрады: бірі өзге студенттермен және тәжірибелі тәлімгерлермен бірге жаңа компанияда жұмыс жасау, екіншісі Стэнфорд Graduate School of Business профессорларының дәрістері болды. Дәрістер компаниядағы үлестерді бөлуден бастап, заңға қатысты мәселелер мен бизнесті ұлғайту, шынайы өмірде болған мысалдарға талдау жүргізуге дейін қамтылды.

бизнес-курсы в Стэнфорде

Бұл бағдарлама ұзақтығы екі-үш ай. Сабақтар кешкі уақытта және демалыс күндері өтілді. Бірақ жоба бойынша жұмыс істеу мен үй тапсырмасын қоса есептесек, онда оқуға бүкіл кешкі уақытымыз бен түскі ас мезгілін және демалыс күндерін арнадық.

Оқу не берді

Шынайы жоба бойынша командада жұмыс істеу маған практикалық әрі маңызды тәжірибе берді. Біз өз өнімімізді жасадық, лекциялардан алған білімге сүйене отырып, егжей-тегжейіне дейін ойластырдық. Кремний алқабының инвесторларының алдына шығып сөз сөйлеп, олардан кері байланыс алған соң өнімді қайта жетілдіріп, тағы да өз өнімімізді инвесторлар назарына ұсындық. Бұл стартап болғасын оны әрі қарай дамыта беруге болады,сондықтан курс біткен соң да бірнеше командалар осылай істеді. Өз кезегінде менде шағын жаңа компанияда жұмыс істеудің артықшылықтарын бағаладым. Қазір бос уақытым болғанда достарыммен бірге осы жобамен айналысамын.

Ignite бағдарламасы — бұл адамдар жайлы. Мақсаты бар, ашық әрі әрқашан бір-біріне көмектесуге дайын жандар.

Егер сіздің мақсатыңыз — стартап құрып, ынталы адамдар мен жаңа достарды кездестіру, көшбасшылық қасиетіңізді дамытып, командадағы жұмысты жақсарту болса, онда осы бағдарламаны ұсынамын.


Әсем Кунакбаева, қаласы — Алматы, республикалық велоспорт федерациясының бас хатшысы


колумбийский университет

Университетті таңдауы мен оқуға түсуі жайында

Мен Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының бас хатшысымын. Қызмет барысында жергілікті компанияларда маркетинг дегенде көбінесе іс — шараларды ұйымдастырудан бастап жалауларға тапсырыс беруге дейінгі қызметтерді жатқызатынын кездестірдім. Бірақ маркетингтің міндеті — өнім немесе қызметті адамдарға қажетті ету. Бұл сандар мен сараптамалардан тұрады. Сондықтан мен осы салада біліктілігімді арттыруға шешім қабылдадым.

Мен оқу үшін Колумбия университетін таңдадым

Нью-Йорк — менің сүйікті қалам. Онда студент ретінде уақыт өткізу өте қызықты болды. Сондықтан да оқу үшін Колумбия университетін таңдадым.

Оқытудың ерекшеліктері жайында

Оқуға түсу үшін түйіндеме өткізіп, маған бұл курс не керектігі мен одан не күтетінім жайлы қысқаша хат жазу керек. Ол кезде оқу құны шамамен 10 000 $ құрады.

Бізде бар болғаны 10 күн ғана болды, сондықтан сабақтар қарқынды түрдн оқытылды: лекциялар, практикалық сабақтар, кейстерді талдау. Біздің әлемдегі ең үздік оқытушыларға сұрақ қоюға мүмкіндігіміз болды. Шынымды айтсам, мен мұндайды күтпедім. Бірақ Колумбия университеті не үшін ақша алып отырғанын білетіндігін ұқтым.

6c14e3a2c7e9373cf5942ce1d6fb2706.jpeg

Оқу не берді

Мен өзім білмеген мүлдем басқа білім алдым, өзімдегі жетілдіруді қажет ететін бағытты түсіндім.

Бұл курс маркетингтік стратегияларды әзірлейтін, осы салада мол тәжірибесі бар, әлемдік кейстерді қадағалап, осы салаға қатысты көптеген мамандандырылған әдебиеттерді оқитын жандар үшін пайдалы болады.


Нұргүл Сапарходжаева, қаласы — Алматы, аға оқытушы


Нургуль

Университет таңдауы мен оқуға түсуі жайында

Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің аға оқытушысымын, докторантпын. Журналистика факультетінде жұмыс істеймін.

Докторантурада оқып жүргенде біз яғни студенттері міндетті түрде шетелдік жоғары оқу орнында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуіміз керек. Менің диссертациямның тақырыбы американдық және америкалық әдебиеттермен байланысты болғандықтан, мен АҚШ-та тағылымдамадан өтуді шештім. Сол кезде біздің университетте профессор Rafis Abazov жұмыс істеді. Ол университетке сұраныс жіберуге көмектесті, ал Колумбия университетінің бір топ профессорлары бізді қабылдауға келісті.

Колумбия университеті АҚШ-тағы үздік университеттердің қатарына кіреді. Сондай-ақ ол өзім барғым келген Нью-Йорк қаласының шығыс жағалауында орналасқан. Сондықтан да мен ол жерге құжаттарымды әдейі тапсырдым.

Колумбия университеті АҚШ-тың үздік университеттерінің қатарына кіреді

Ғылыми тағылымдаманы университет қаржыландырды. Мен барлық құжаттарымды дайындап, виза, билет алу, баспана табу сияқты процестерді істедім. Оған қоса жолымыз болып, профессорлар бізге тегін кеңес беруге келісті.

Оқытудың ерекшеліктері жайында

Мен АҚШ-қа шілденің басында ұшып келіп, тамыз айының соңына қарай қайттым – бір жарым ай тағылымдамадан өттім.

Колумбия университеті — мамандықтардың кең ауқымы бар бірегей оқу орны. Менің әртүрлі факультеттердің профессорларымен кеңесуге мүмкіндігім болды. Сонымен қатар маған славянтану, аударма мәселелері мен америкалық әдебиеттегі проблемалар бойынша дәрістер өтілді. Бұл тақырыпты тереңірекзерттеуге көмектесті.

Нургуль 2

Сондай-ақ университеттің кампусы үлкен, бізге оның ресурстарын кез-келген уақытта пайдалануға рұқсат етілді. Керемет кітапхана, жақсы кітап дүкені, сапалы техникалық жабдықтар — осының бәрі зерттеушінің өмірін жеңілдетеді.

Оқу не берді

Докторантура бағдарламасы шекараны кеңейтіп, басқа университеттердегі әріптестерімен байланыс орнатуды көздейді. Мұхиттың арғы жағына саяхат — американдық оқыту жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесті. Өзімнің қай бағытта жұмыс жасау керектігімді түсіндім.

Мен тек АҚШ-та ғана емес, Еуропада да білім алдым, әртүрлі елдердің оқытушыларымен серіктестік орнаттым. Сондықтан менде шетелде осындай қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру бойынша мол тәжірибем бар. Сондықтан осы жағынан студенттерге жиі көмектесіп, оларға бағыт беремін.

Кез келген білім пайдалы. Ал мұндай оқыту тек біліктілігіңізді арттырып қана қоймай, дәрежеңізді көрсетеді, сонымен қатар жаңа тәжірибе береді, тұлға ретінде дамытып, ой-өрісіңді кеңейтеді.


Асель Дарменова, қаласы — Алматы, рекрутер, @assel.darmenova


учеба в Стэнфорде

Университет таңдауы мен оқуға түсуі жайында

Мен ҚазХҚжӘТУ-да «филология» бағыты бойынша білім алдым. Бакалавр дипломын алғаннан кейін АҚШ-тағы Hult халықаралық бизнес-мектебіне магистратураға түсіп, онда HR саласында дамығым келетінін түсіндім. Содан кейін Lincoln University-де MBA Human Resource Management бағдарламасы бойынша оқыдым. Ал Қазақстанға оралғаннан кейін Deloitte компаниясында жұмыс істеп бастадым.

Мен әрдайым Стэнфордта оқуды армандадым. Сол себепті топтастарымызбен бірге Hult-дағы курстар туралы білгенде, Stanford Continues Studies-те Project Management сыныбын таңдадық, бұл — басқару дағдылары кез-келген мамандықта қажет.

Оқуға түсу үшін тіркеуден өтіп, оқу ақысын төлеу керек. Курс 2015 жылы 500 доллар болды.

Оқытудың ерекшеліктері жайында

Курс екі айға созылды, Стэнфордтың кампусында өтті. Өзін бүкіл әлемге танытқан университеттің атмосферасын сезіну керемет болды.

Мұндай курстар жоғары білімге қосымша ретінде жақсы. Стэнфорд университеті әртүрлі қызмет салалары бойынша курстар ұсынады. Оны әлемнің кез-келген түкпірінде отырып, онлайн форматта оқи аласыз.

Өзін бүкіл әлемге танытқан университеттің атмосферасын сезіну керемет болды.

Әлемнің барлық үздік жоғары оқу орындарында осындай курстар бар. Мысалы, Стэнфордтан кейін UC Berkeley Extension — Talent Management and Workforce development бағдарламасы бойынша білім алдым. Әрқашан оқуға қызығушылық танытып, білімді іздеуіңіз керек.

Оқыту не берді

Курстың арқасында мен мол тәжірибе мен білім алдым, неткоркингті кеңейттім, Стэнфорд мөртабасы бар сертификат алдым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Баруға тұрарлық Қазақстанның ең әдемі 10 қорығы мен ұлттық саябағы
Баруға тұрарлық Қазақстанның ең әдемі 10 қорығы мен ұлттық саябағы