Стамбулдағы шопинг: тонды, былғары күртені және той көйлегін қайда сатып алуға болады - статьи, истории, публикации | WEproject

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
stambulda-y-shoping-tondy-byl-ary-k-rten-zh-ne-toy-k-yleg-n-ayda-satyp-alu-a-bolady

Стамбулдағы шопинг: тонды, былғары күртені және той көйлегін қайда сатып алуға болады
313

09.09.2019

Стамбулдағы шопинг: тонды, былғары күртені және той көйлегін қайда сатып алуға болады

Ольга Керсин, 34 жаста, туған қаласы — Краснодар, гид, @olgakersin


Мен төрт жарым жыл бұрын Стамбулға көшіп келдім. Туристермен Стамбул бойынша серуендеймін, Түркия бойынша саяхаттар ұйымдастырамын.

Туристер негізінен қаланы аралап, шопинг жасау үшін келеді. Жақсы киімдерді сатып алу үшін, қаланың қандай ауданына бару керек екенін білу керек.


Былғары және тері бұйымдары

Сапалы жаңа тонды, желеткені немесе былғары күртені сатып алу үшін, Зейтинбурну ауданына барған жөн. Сол жерде тері мен былғарыны өндіретін фабрикалар және оларды сататын фабрика жанындағы дүкендер бар.

Осында бутиктер мен дүкендер орналасқан орам бар. Басты ережесі – саудаласу. Сатушылар бағаларды әдейі көтереді, себебі бұндай бұйымдарды негізінен туристер сатып алады.


Levinson Fur & Leather

Мекен-жайы: Зейтинбурну, Kazlıçeşme, Hacı Reşit Bey Sok., 7


Суреттің дереккөзі: levinsonleather.com

Былғары және тері бұйымдарын сататын Стамбулдағы ең танымал дүкендердің бірі. Levinson фабрикасында заманауи үлгілер бойынша сапалы киімдер өндіріледі. Дүкенде қаракүзен тондарының, былғары күртелердің, дубленкалардың, шиншилла, сусар, қаракүзен терілерінен жасалған әртүрлі бұйымдардың кең сұрыптамасы ұсынылған. Жылан және қолтырауын терілерінен жасалған және тағы басқа бұйымдар сатылады.


Emelda Deri

Мекен-жайы: Зейтинбурну, Kazlıçeşme, Hacı Reşit Bey Sok., 8


Суреттің дереккөзі: emelda.com

Emelda leather — табиғи теріден тондарды, ерлерге және әйел адамдарға арналған күртелерді, сөмкелерді, әмияндар мен белдіктерді жасап шығаратын танымал түрік фабрикасы. Өнімдері әлем бойынша сатылады, бірақ ең тиімді бағалары Түркияда.


Beyder Deri Sanayi

Мекен-жайы: Зейтинбурну, Kazlıçeşme, Zübeyde Hanım Cad., 1

Фабрика былғары бұйымдарды өндірумен айналысады. Ішкі және сыртқы нарықта көшбасшы болып табылады.


Derimod


Мекен-жайы: Зейтинбурну, Prof. Dr. Muammer Aksoy Cad., 53

Derimod — Түркияның былғары киімдері мен аксессуарларын шығаратын өндіруші. Дүкенде ерлерге және әйел адамдарға арналған киімдерді, аяқ киімді, сөмкелерді, аксессуарларды табуға болады. Бренд сәнді және сапалы бұйымдарымен танымал.


Punto Leather & Fur

Мекен-жайы: Зейтинбурну, Kazlıçeşme, Beşkardeşler 4. Sok., 16


Суреттің дереккөзі: puntogroup.com

Теріден және табиғи былғарыдан сапалы бұйымдар жасап шығаратын танымал түрік бренді.


Той көйлектері


Fevzipaşa Cad

Стамбулда Fatih аймағында той көйлектерін сататын Fevzipaşa Cad көшесі бар. Бұл аудан болашақ қалыңдықтарды рахатқа бөлейтін керемет жер. Кез‑келген талғамға және бюджетке сай келетін көйлектерді табуға болады. Көше бойындағы барлық дүкендерді аралап шығу үшін, бір күн жетпеуі мүмкін, сол себепті қыздарға уақытты дұрыс үлестіріп алу керек.

women's gray dress


Нишанташи

Талғампаз қыздарға Ништанташи ауданына баруға кеңес беремін. Сол жердегі көйлектер қымбаттырақ келеді. Сонымен қатар Ништанташи ауданында люкс дәрежесіндегі көптеген брендтік дүкендер орналасқан. Бірақ бұйымның бағасы да соған сай болады.

groom and bride holding hands


Wedding World

Мекен-жайы: Yenibosna Merkez Mahallesi, Ladin Sk. No:4, 34197 Bahçelievler

women's white sleeveless wedding gown

Стамбулда той тақырыбына арналған Wedding World сауда кешені бар. Осында тойға байланысты барлық нәрселерді, оған қоса көйлекті де сатып алуға болады. Wedding World демалыссыз жұмыс істейді. Күйеу жігіт пен қалыңдыққа арналған киімдердің бағалары әртүрлі болып келеді.