facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
stambul-boyymen-seruendeu-shpes-mahabbat-zh-ne-alamat-asyr-t-r-k-serialdary-t-s-r-lgen-oryndar
logo
Стамбул бойымен серуендеу: «Өшпес махаббат» және «Ғаламат ғасыр» түрік сериалдары түсірілген орындар

01.10.2018

Стамбул бойымен серуендеу: «Өшпес махаббат» және «Ғаламат ғасыр» түрік сериалдары түсірілген орындар

«Ғаламат ғасыр» сериалы — Топкапы сарайы


токпокы.jpg
Фотосурет көзі wikipedia.org

Бұл Стамбул орталығында жұмыс істейтін мұражай. Сарай кешені төрт бөлек ауладан тұрады. Мұнда түрік үкіметі, қазына мекемесі, қару қоймасы, наубайхана, атқоралар, фонтандары бар саябақ пен гарем орналасқан еді. Кәдесыйлар дүкенінде сериал бойынша тақырыптық кәдесыйлар сатылады, сондай-ақ, ең атақты жерлер бойынша экскурсиялар өтеді.

«Ғаламат ғасыр» экскурсиясы: Сұлтан Сүлеймен мен Роксолананың шынайы оқиғасы
Бағыт: Сұлтанахмет орталық алаңы, Сулеймение кешеніндегі үлкен базар, Үлкен Стамбулдық жабық базар және Египеттік дәмдеуіштер базары, Алтын Мүйіз шығанағы бойымен серуендеу.
Бағасы: бір топқа 138 евро
Толығырақ мында.

«Ғаламат ғасыр» фильміндегі Сұлтан Сүлеймен мен Роксолананың орындары бойынша экскурсия
Бағыт: Ахмед сұлтанның көк мешіті, Топканы сарайы мен гарем, Долмабахче Сарайы, Сулеймение мешіті мен қабірлер, Мысыр Чаршысы Египеттік базар.
Бағасы: жеке турға 170 евро.
Толығырақ мында.


«Өшпес махаббат» сериалы — Босфор


304168-nature-Istanbul-Turkey-city-cityscape-bridge-Bosphorus-Fatih_Sultan_Mehmet_Bridge-748x499.jpg

Стамбул университетінің жанында Босфор бұғазы арқылы өтетін екінші аспалы көпірді — Сұлтан Мехмет Фатих көпірінің әдемі панорамалық көрінісін тамашалауға болады.
Бұл әдемі жер қаланың тарихи бөлігіндегі көптеген туристік экскурсиялар тізіміне енген, сондай-ақ, Босфор бойымен серуендеу мен бұғаз бойымен жағаға шығу экскурсиясы бар.

Вефа ауданы


istanbul_vefa.jpg

Фотосурет көзі: thekearth.com

Аудан Стамбулдың мәдени мұрасының бөлігіне айналған дәстүрлі боза сусынымен танымал. Бұл ескі қала көрінісінде суретке түсуге болатын сүйікті жерлер. Осы аймақтың көшелерінде боза сусынын дайындайтын Vefa Bozacisi дүкені бар.

Мармара университеті


111.jpg

Фотосурет көзі: toumar.info

Әсерлі сәулеті 14 ғимаратты біріктерген Түркияның ең ежелгі және ірі университеттерінің бірі. Ол қаланың азиялық бөлігінде — Гезтепе аймағында орналасқан. Мармара Түркиядағы көптілді жалғыз университет. Бұл жаяу серуендеуге арналған қаланың көркем ауданы.

«Автобуспен екі континент қаласы» экскурсиясы
Бағыт: Топкапы сарайы, Сұлтанахмет мешіті, Айя-София, Хаммам Хюррем Сұлтан жиын шіркеуі, Ипподром алаңы мен катермен суда серуендеу.
Бағасы: бір адамға 69 евро.
Толығырақ мында.

«Османдардың ұлы астанасы» экскурсиясы
Бағыт: Топкапы сарайы, Көк мешіт, Ипподром, Хаммам Хюррем Сұлтан алаңы.
Бағасы: бір адамға 39 евро.
Толығырақ мында.


«Пойраз Караель» сериалы — Кадыкей тарихи ауданы


Raion-Kadycoi-5.jpg

Фотосурет көзі: travelermap.tu

Кадыкей тарихи ауданы — жергілікті халықтың өмірін көруге болатын өзіндік колориты бар қаладағы ерекше орын. Мұнда тарихи базар, мейрамханалар, антикварлар, букинистер көшесі, шеберлер мен суретшілер кварталы, авторлық киімдер дүкендері мен стамбулдық мүсіншілер шеберханалары орналасқан. Жаяу серуендеу Шай бақшасы мен Мәрмәр теңізін көруге болатын тарихи Сән айлағына бару мүмкіндігімен ұйымдастырылады.

«Еуропадан Азияға немесе Альтернативті Стамбул, Кадыкёй» экскурсиясы
Бағыт: Кадыкей аймағы, Тарихи базар, Антикварлық және букинистік дүкендер, хенд-мейд, авторлық киім дүкендері, Сән ауданы, Босфор көрінісі, Мәрмәр теңізі, Ханзада аралы көрінісі бар шай бақшасы, Осман ас үйі мен тәттілері.
Бағасы: бір топқа 90 евро.
Толығырақ мында.


«Қыз ақысы» — Нишанташи ауданы


Бұл орын сәулет, үйлер, дүкеншелері арқылы Францияны еске түсіретін қаланың еуропалық бөлігінде орналасқан. Мұнда Еуропаның ең атаулы брендті дүкендері жинақталған. Нишанташиның ең басты көркем жері — Ататүрік мұражайы. Ол ХХ жылы ұлы реформатор тұрған үйде ашылған. Тағы бір туристік орын ХІХ ғасырдың ортасынан бастап өзгермеген әмбебап интерьері бар Тешвикие мешіті.


Sultan Ahmet Arkeolojik Park


park.jpg

Фотосурет көзі: howtoistanbul.com

Осман сұлтандары дәуіріне кенелуге болатын орын. Бұл жерде Обелиск, Феодосия, Витая, яғни Жылан колоннасы, Константиннің Обелискі секілді тарихи ескерткіштерді кездестіруге болады. Саябақтың жанында ислам сәулетінің шедеврі — Көк мешіт орналасқан. Бұл орын қала бойынша турлары ең көп орындардың қатарына кіреді.

Ескі қала бойынша экскурсия
Бағыт: Ипподром алаңы, Көк мешіт, Қасиетті София мұражайы, Топкапы сарайы, Базилик цистернасы, Гранд базар.
Бағасы: бір топқа 254 евро
Толығырақ мында.


«Прилив» сериалы — Тузладағы теңіз айлағы


Raion-Tuzla-Stambul-6.jpg

Фотосурет көзі: travelermap.ru

Мәрмәр теңізі бойында яхталар мен қайықтар тұрағы орналасқан Стамбул провинциясы. Үлкен аумақ көше бойында фонтан-бассейндері бар сауда орталығына арналған. Жақын жерде Viasea лунапаркі орналасқан. Бұл аймақ Сабиха Гекчен әуежайынан 20 шақырым, ал Ататүрік әуежайынан 80 шақырым жерде орналасқан.

Ара қашықтығы: Стамбул орталығынан 46 шақырым жер, көлікпен 56 минут.


«Вдребезги» сериалы — «7 көл» Ұлттық саябағы (Ёдигеллер)


озера.jpeg

Демалыста баруға болатын немесе пикникке шығуға ыңғайлы әдемі пейзажды, романтикалық атмосферасы бар тыныш орын. Ұлттық саябақ Боладан солтүстікке қарай 42 шақырым жерде орналасқан. Оған Анкара-Стамбул автомагистралінен 125 шақырым жердегі Еничага жолы арқылы жетуге болады.

Ара қашықтығы: Стамбулдан 125 шақырым, көлікпен 3 сағат.







Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.