WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.
WE адамдары:
Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады
Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді
Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз
Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби
Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі
Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын
Өскеменде жаңа әліпбиді үйрету орталығы жұмыс істейді
Латын қарпіне көшу – заман талабы. Осы орайда Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада жаңа әліпбиді үйрету орталығы жұмыс істейді. Бүгін онда алғашқы онлайн-сабақ өтті. Дәрісті филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова жүргізді. Бұл – елімізде ашылған тұңғыш латын әліпбиін оқыту орталығы. Соңғы кездері бұл жер жаңа қаріпті үйренуге құштар өскемендіктердің жиі бас сұғатын мекеніне айналды. Мұнда заманауи мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жаңа графиканы көпшілікке таныстыру, үйрету жұмыстары жүйелі түрде қолға алынған. Соңғы үлгідегі материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған орталықта 1929-1939 жылдары латын қарпінде жарияланған кітаптар мен мақалалар да жеткілікті.