Аялдаманың сыртқы көрінісі ғана ерекше емес, онда қалалықтар автобусты күтіп тұрғанда уақытын пайдалы өткізе алады. "Кешенде кітап сөресі бар. Алғашқы даналарын өзіміз алып келдік", - дейді А.Пушкин атындағы кітапхананың өкілдері. "Халық бұл кітаптарды алып кете алады, бірақ оқыған соң қайтарады деген үміттеміз. Бастысы кітап сөресі бос болып қалмағаны", - дейді кітапханашылар. Мұндай кітап алмасу Еуропада кең қолданыста. Мұның аты - кроссбукинг. Ұйымдастырушылар бұл туралы өскемендіктер де біліп, қолдана бастайды деп есептейді. Сонымен қатар, аялдама қабырғасынан түрлі туындының QR-коды болады, оны телефонға жүктеп алуға болады.
"Аялдама кешенінде Wi-Fi және ыңғайлы орындықтар бар, сондықтан мұнда адамдарға ыңғайлы болады деп ойлаймын", - дейді "Кітапхана аялдамасы" идеясының авторы Райхан Алханова. Бұл идеяны студент қыз бір ай бұрын қала әкіміне ұсынған болатын. Қуат Тұмабаев осы идеямен танысып шыққан соң, қолдап, келісім берген еді.
Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz