facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a65/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/a650792c66ec5137083cc46fbefda4ee.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shymkentt-k-aru-alay-a-sh--a-k-sh-p-n-yu-yorkte-z-ul-m-imarattar-salu-a-k-mektesude
logo
Шымкенттік ару қалай АҚШ-қа көшіп, Нью-Йоркте зәулім ғимараттар салуға көмектесуде

13.06.2022

Шымкенттік ару қалай АҚШ-қа көшіп, Нью-Йоркте зәулім ғимараттар салуға көмектесуде

Арайлым Калдарбек АҚШ-қа Қазақстаннан көшіп келді. Нью-Йоркте сәулет пен құрылыс маманының жұмысы және үлкен мегаполисте жаңа ғимараттарды құрастыруға көмектесетіні жайлы айтып берді.


Арайлым Калдарбек, 25 жаста, қаласы — Нью-Йорк, сәулет және құрылыс маманы, @arailym.ah

Арайлым Калдарбек.jpeg

Көшіп кетуі жайында


Мен КТЛ және Шымкенттегі М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ұлттық университетін бітірдім. Штаттарға тіл мектебінің студенті ретінде келдім, кейін магистратураға оқуға түстім. АҚШ-та тұруды жоспарламадым, бірақ Мэриленд университетінен грант алдым.

Қазір Нью-Йоркте тұрамын және жұмыс істеймін. Қала құрылысшыларына ғимараттар салу бойынша кеңес беріп, көмектесемін.

Бейімделуі мен қиындықтар жайында


Болашақ сәулетші ретінде маған бірінші күннен бастап Нью-Йорктың көрінісі мен келешегі ұнады. Алдымен мен Бруклиндегі орыс ауданында тұрдым. Бұл маған тезірек бейімделуге, өзгерістерге моральдық тұрғыдан үйренуге көмектесті.

Менің грантым тек оқуымды қамтыды. Тұрғын үйіме төлеуге және қалта қаржысы болуы үшін мен қосымша жұмыс істедім. Көптеген студенттер үшін жұмыс іздеу қиын, себебі бір жыл көлемінде оларға университеттен тыс жұмыс жасауға болмайды. Кампуста жұмыс орнының жетіспеушілік әсерінен көбісі аз төленетін жұмыстарды таңдайды. Менің жолым болды. Шымкентте бариста лицензиясын алдым және АҚШ-та кофеханадан жұмысты тез таптым. Сондықтан менің кеңесім — көшер кезде керекті құжаттарды аударып, аттестаттаудан өткізіңіз, ыңғайлы болуы үшін қажетті көшірмелерін жасап алыңыз. Егер мүмкіндік болса, қызмет көрсету саласындағы бір дағдыға үйреніңіз.

Тағы бір кеңес — жергілікті тұрғындарға сұрақ қоюға ұялмаңыз, солай сіз қателік жіберуден және көп қиындықтан сақтанасыз.

Дамуы мен қызметі жайында


Мен жекеменшік компанияда жұмыс істеймін. Нью-Йорктың құрылыс Департаментінің сәулетшілері мен инженерлеріне кеңес беремін. Қазіргі уақытта біз Манхэттен мен Бруклин ауданындағы төрт ғимарат құрылысында еңбек етудеміз. Менде шамасы, 45 орындалған жоба бар.

Калдарбек Арайлым.jpeg

Университеттегі тәжірибе арқасында мен жұмысқа тұрдым. Алдымен өзіме ұнайтын компаниялардың тізімін құрдым, барлығына түйіндеме жібердім және қажетті сұхбаттан өттім. Маған Қазақстанда жинаған тәжірибем көмектесті.

Нью-Йорктегі жұмыс пен өмір жылдам әрі қарбалас. Құрылысқа рұқсатты дер кезінде алып үлгеру керек, жыл соңындағы бонус соған байланысты.

Менің әріптестерімнің көбі әртүрлі мемлекеттің азаматтары, соның арқасында жаңа мәдениеттер туралы білемін.

Менің кеңесім: көшпей тұрып, өз Отаныңызда тәжірибе жинап алыңыз. Компанияға жұмысқа алар кезде міндетті түрде үміткерлердің тәжірибесіне назар аударады.

Нетворкинг те көмектеседі. Сондықтан, ең алдымен, ТМД елдерінің иммигранттар қауымдастығына қосылуға кеңес беремін. Facebook топтарында ментор іздеңіз немесе WeWork пен Green Desk коворкингінде танысыңыз.

Көшу қалай әсер етті


Америкаға көшу оңай болған жоқ, алайда мен барлық шектеулердің тек менің басымда екенін түсіндім. Өзімнің Нью-Йоркте жайлы өмір сүруім үшін лайықты табыс таптым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Қалай кепілді түрде шенген визасын алуға болады: тәжірибелі саяхатшыдан 8 кеңес
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады