facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shymkentten-shy-an-k-s-pker-karlskrona-mashina-zhasau-zauyty-zh-ne-atal-bolyp-alyptasuyny-sebeb-zhayynda
logo
Шымкенттен шыққан кәсіпкер Karlskrona машина жасау зауыты және қатал болып қалыптасуының себебі жайында

Уалихан Ахметов

45 жаста, туған қаласы — Шымкент, Karlskrona машина жасау зауытының бас директоры

Өмір сүру стилі

03.05.2019

Шымкенттен шыққан кәсіпкер Karlskrona машина жасау зауыты және қатал болып қалыптасуының себебі жайында


Өзі жайында


Мен мақсатты адаммын. Бір жағынан, бұл қасиетім өзінің септігін тигізеді, бір жағынан – өмірді қиындатады және кедергі келтіреді.

IMG_7846.jpg

Мен кітап оқуды, жаңа нәрселерді үйренуді және адамдармен араласуды ұнатамын. Себебі әрбір адам – бұл өзінің көзқарастары мен құндылықтары бар тұтас әлем.

Адалдықты ұнатамын. Күрделі нәрселерді ұнатпаймын, егер сондай нәрселерге кезіксем, жеңілдетуге тырысамын.

Мен еңбекқормын және жұмыспен өмір сүремін


Мен еңбекқормын және жұмыспен өмір сүремін. World Class фитнес орталығында мынадай жазу бар: «Біз қандай тамақ ішсек, сондай болып қалыптасамыз. Ал менің ойымша, біз істеп жатқан әрекеттер мен қабылдап жатқан шешімдер арқылы қалыптасамыз.


Шымкент пен Алматы жайында


Әлемде өзімді үйімдегідей сезінетін төрт қала бар – бұл Алматы, Шымкент, Зальцбург және Гамбург.

Мен Шымкенттің тумасымын және бұл қаланы әрқашан сағынамын. Осында келген кезде, балалық және жасөспірімдік естеліктерге берілемін. Шымкент – бұл отбасым, жақындарым және достарым, бизнесім және өндірісім. Оған қоса бұл жылулық, дәмді тағамдар және оңтүстік ерекшеліктерге ие эмоционалды адамдар.

IMG_7850.jpg

Алматы – есейген және байыпты қала, ал Шымкент жасы жағынан үлкен болса да, өмірі қызып тұратын, кәсіпкерлік саласы белсенді түрде дамып жатқан қала. Бірақ Алматы өзінің жолдардағы тәртібімен ұнайды. Осы қалада тұру менің балалық шақтағы саналы шешімім еді. Төртінші сыныпта оқыған кезде, ата-анаммен алғаш рет Алматыға келдім және қала бойымен серуендегеннен кейін, осында көшіп келуді сұрадым.

Әлемде өзімді үйімдегідей сезінетін төрт қала бар – бұл Алматы, Шымкент, Зальцбург және Гамбург


Жақында мен бірінші рет Шымкенттегі жаяу жүретін жаңа көшеде болдым, енді бұл менің сүйікті жерім. Маған қаланың ескі бөлігіндегі бұрынғы Шмидт көшесі болған Диваев көшесі ұнайды. Қошқар-ата өзенінің бастауы қайта құру жұмыстарынан кейін әлдеқайда жақсырақ болып көріне бастады.

Ал Алматыдағы сүйікті жерлерім – Көк-Төбе, Байсейітова көшесі, Алтын шаршы және «Компот» ауданы.


Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері


Karlskron машина жасау зауыты – менің өмірлік ісім, осыдан басқа кәсібім жоқ. Тек компаниям және онымен байланысты барлық нәрселер бар. Әрине, жеке өмірім де бар: сүйікті балаларым, жұбайым және ата-анам.

IMG_7838.jpg

Менің қызметім – қуаттың шексіз көзі, зауытта технологиялық, әлеуметтік, экономикалық мәселелер көп. Бұл даму тұрғысынан ақылды ғана иемес, жанды да шынықтырады. Мен сүйікті іспен айналысамын, ал зауытта құрметті тапсырыс берушілер үшін сапалы өнімді шығарамыз.

Бизнесімнің арқасында жауапкершілігім әлдеқайда арта түсті, ата-анам және мені бұрыннан танитын адамдар кішкентай кезімде ересек адамдай болғанымды айтады. Бірақ зауыт – бұл жауапкершіліктің басқа деңгейі. Біз іргелі ғылымдармен айналысамыз: күн сайын математика, физика, ал олар адамды жақсы ұйымдастырады. Мен қатал, талапты болып, кейбір мәселелер бойынша ымырасыз әрекет ете бастадым.

Бизнесімнің арқасында жауапкершілігім әлдеқайда арта түсті


Адам бақытты болу үшін дүниеге келді. Өз бақытыңды табу – өмірдің мәні болып табылады.


Бүгінгі күндегі рухының күйі


Рухым көтеріңкі күйде. Біздің кәсіпорын жаңа нарықтарға шығып жатыр, біз экспортты кеңейтіп жатырмыз. Барлығы оптимистік бағытта дамып жатыр.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.