facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shymkentt-kterd-14-belgici
logo
Шымкенттіктердің 14 белгici
Таңғажайып Қазақстан

23.11.2016

Шымкенттіктердің 14 белгici

Шымкенттіктердің 14 белгici

1. Шымкент тұрғындары қазақтың көпшілік салт-дәстүрлерін берік ұстанады. Бұл олардың күнделікті өмір салтынан, әсіресе тағамды әзірлеп ұсынуда, қонақ күтуде және қазақтың төл мерекелерін тойлауда айқын көрінеді.

2. Шымкенттіктер арасында үлкенге ізетпен, кішіге құрметпен қарау, ағайын арасындағы бауырмалдық, ынтымақтастық, ата-анаға ерекше сый-құрмет көрсету тәрізді адамгершілік қасиеттер ерекше байқалады.

3. Шымкенттік отбасылардың көпшілігі көп балалы болып келеді. Қыз баланы жастайынан болашақ жар болуға, ерінің алдында бас иіп тұруға тәрбиелеп, ерте тұрмысқа беруге тырысады. Шымкенттік отбасыға келін болу оған біршама міндеттерді жүктейді, мысалы: таңертең ерте тұрып, есіктің алдын сыпыру, ата-енесіне және күйеуіне шай беру, үнемі басынан орамалды тастамау. Ата-ана көбінесе кенже ұлдарының қолдарында қалады.

4. Шымкенттің ел арасындағы кең танымал лақап атаулары «Чимкент» және «Техас». Біріншіден, ОҚО Қазақстанның ең түпкі оңтүстік өңірі, екіншіден – мақта өсіретін жалғыз облыс.

5. Шымкенттік қыз-келіншектер ешқашан үлкен кісінің алдын кесіп өтпейді. Ал ер кісілер қария кісілердің батасын алып жүреді.

6. Шымкентте барлық мерекелік кештер аса көңілді өтеді. Шымкенттің тойшыл қауымы үйлену тойларын кең сарайдай мейрамханаларда кемінде 250-300 адам шақырып тойлайды. Той иелерінің қоғамдағы беделіне қарай тойға жиналатын халық саны одан да көп болуы мүмкін. Сол себепті Шымкенттік тұрғындар баршаға өздерінің қонақжайлығымен танымал.

7. Шымкент өңірінде қыс жұмсақ, жаз ыстық болғандықтан, сәйкесінше халқы да жайдарлы, ақ көңіл, ашық-жарқын болып келеді.

8. Шымкент тұрғындары кез-келген ортаға, сол ортаның ауа-райына тез бейімделіп, әртүрлі кәсіп түрімен айналысады. Осыған байланысты шымкенттіктердің бойында тығырықтан оңай шыға алу қасиеті дамыған, Шымкентте халық тығыз орналасқандықтан, тұрғындары арасында бәсекеге қабілеттілік жоғары.

9. Жергілікті тұрғындар ет пен көкөніс, жемістерді жаксы жейді. Соңғы екеуі мұндағы ауа райының қолайлығына байланысты жыл бойына қол жетімді өнім болып табылады. Үлкендер бешбармақ дайындауда сүр етті қосканды ұнатады. Ал Шымкенттің кәуаптары майда еттен жасалады. Ең дәмді палау да Шымкентте дайындалады, оның себебі өзбектермен көршілес болуында.

10. Шымкенттіктер машина дөңгелегінің резеңкесін үнемдеуді де жақсы біледі, оның себебі де қолайлы жылы ауа райында.

11. Шымкенттіктерге барлық қызметтер түрі қолжетімді, себебі мұнда бәрі арзан.

12. Шымкенттіктерді өзге өңірлердің тұрғындарынан ерекшелеп тұратын жиі қолданыстағы бірнеше сөздер бар. Мысалы, «таңертең» сөзінің орнына «азанда» сөзі, «жарайды» сөзінің орнына «мақұл» сөзі қолданылады. Шымкенттіктер өздерінің таңданыс әрі аздаған қорқыныш сезімдерін «өлә» сөзі арқылы жеткізеді. Аталған сөзді қолдану әсіресе әйелдер арасында басым. Бұдан басқа, шымкенттік «еркектер» өз жұбайларын жұрт алдында сыпайы түрде «жолдасым» десе, күнделікті тіршілікте жалпақ тілмен «қатын» деп шақырады. Сонымен қатар, шымкенттіктерге арғы жақта, бергі жақта деген сөздерді қысқартып «анаяқта, мұнаяқта» деп айту ыңғайлы. Көпшілік сөздерді өзгертіп айтуға шымкенттіктердің Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатуы себепті.

13. Шымкенттіктер қазақстанда тұратын кез-келген ұлт өкілін қазақша сөйлетіп жібере алады. Мысалы, үнемі қазақ тілінің мәселесін көтеріп жүретін Мұхтар Шаханов та атақты Отырар өлкесінің тумасы.

14. Шымкенттіктер елдің қай аумағында жүрмесін, үнемі қоян-қолтық араласып, бір-біріне деген көмектерін аямайды. Бір-бірін қолдап, қорғап жүреді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар