facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/839/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/839e31d29a21ade95703a77252a60020.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shetelde-o-u-eld-alay-ta-dau-a-zh-ne-arzhyly-k-mek-nemese-o-u-a-ysyna-zhe-ld-k-alu-a-bolady
logo
Шетелде оқу: елді қалай таңдауға және қаржылық көмек немесе оқу ақысына жеңілдік алуға болады

08.02.2023

Шетелде оқу: елді қалай таңдауға және қаржылық көмек немесе оқу ақысына жеңілдік алуға болады

Халықаралық студенттер шетелдегі университетке түсу тәжірибесімен бөлісіп, қай елдерде білім алудың дұрыс екенін және қаржылық көмекті қалай алуға болатынын айтты.


Айнур Турлыбекова, 21 год, қаласы — Рим, студент, @ainurturlybekova

Айнур Турлыбекова


Өзі жайлы

Мен Sapienza University of Rome университетінде оқимын. Мен сондай-ақ АҚШ пен Еуропаға оқуға түсу бойынша тәлімгермін: студенттерге қабылдау процесінен бастап университетке түсуге дейінгі аралықта кеңес беремін.

Оқығыңыз келетін елді және университетті қалай таңдауға болады

ЖОО таңдаудағы ең маңызды критерий — толық қаржыландырудың болуы. Мен үшін оқудың тегін болуы маңызды еді.

Университетті таңдаған кезде мен сізге мыналарды қарауға кеңес беремін:

— Университет рейтингі. Рейтинг неғұрлым жоғары болса, соғұрлым білім жақсырақ болады. Үздіктер қатарына кіретін университеттерді таңдаған дұрыс.

— Орналасқан жері. Мен тек Германияны, Италияны, Нидерландыны қарастырдым, өйткені олардың мәдениеті мен құндылықтары маған жақын.

Мен АҚШ-та оқуға кеңес беремін, өйткені олар сапалы білім мен жақсы гранттар береді. Сіз сондай-ақ Финляндия, Германия және Нидерландыға өтініш бере аласыз. Маған бұл елдердегі білім беру жүйесі, университеттердің ұйымшылдығы мен білім сапасы ұнайды.

Польша, Венгрия және Литваға оқуға тапсыратын Қазақстан студенттері оқу ақысына жеңілдік ала алады. Еліміздің бұл мемлекеттермен белгілі бір мөлшердегі гранттар бойынша келісімі бар. Германияда, Францияда және Чехияда жергілікті тілде оқысаңыз, білім алу тегін.

Бүгінде көптеген адамдар Италияға оқуға тапсырады, себебі бұл елде тегін білім және стипендия беріледі.

Жеңілдікті қалай алуға болады

Оқу ақысына жеңілдік алу қай стипендияға үміткер екеніңізге байланысты. Негізінен бұл Мerit based and Need based.

Merit based scholarships академиялық және басқа да жетістіктер үшін беріледі. Мұның бәрі GPA-ңыз қандай екеніне, олимпиадаларда жеңіске жеткеніңізгеыңызға, Еxam scores-ке байланысты.

Need-based scholarships алу отбасының қаржылық жағдайына байланысты.

Егер сіз Мerit based-ке тапсырсаңыз, онда сізде жақсы бағалар және IELTS және SAT бойынша жоғары балл, олимпиадаларға қатысу сертификаттары болуы керек. Need based scholarship алу үшін сізге ата-ананың табысы туралы анықтама, банктің үзінді көшірмесі және басқа да құжаттарды ұсыну қажет. АҚШ немесе Италия сияқты елдердмен салыстырғанда Қазақстандағы жалақының төмен екенін ескерсек, біздің студенттер мұндай бағдарламаларға автоматты түрде қатыса алады.

Ұсыныстар

Қабылдауға дайындалып жүргендер үшін олимпиадалар мен басқа да жетістіктер іріктеу комиссиясы үшін ең басты фактор емес екенін есте ұстауға кеңес беремін.

Бірден 20-30 ЖОО-ға құжат тапсырмаңыз. Одан да өзіңізге қолайлы университеттерді мұқият таңдап, сауатты өтініш бергеніңіз жақсы.

Басқа да қарапайым кеңестер:

— бағаларыңызды жақсартыңыз

— емтихандарға мұқият дайындалыңыз: SAT, IELTS, GMAT, GRE

— жеке бренд жасаңыз.


Айсулу Шайкулова, 23 жаста, қаласы — Пусан, шетелде білім алу жөніндегі сарапшы, @aisulu.sh

Айсулу Ш

Өзі жайлы

Мен ҚазҰУ-ды мемлекеттік грантпен саясаттану мамандығы бойынша бітірдім. Нидерландыдағы Radboud University-де алмасу бағдарламасымен алты ай оқыдым.

Қазір мен Пусанда тұрамын және кәріс тілі курстарын оқып жүрмін. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Сеулде магистратураны оқымақшымын. Мен Global Korea Scholarship бағдарламасының арқасында үш жыл оқып, зерттеу жүргіземін. Мен сондай-ақ Erasmus Mundus Joint Master’s Degree Program, Stefan Banach NAWA Scholarship Program, Turkiye Burslari сияқты халықаралық стипендияларды жеңіп алдым. Sohei Nakayama Memorial Scholarship менің білімім үшін жалпы $260,000 бөлді.

Оқығыңыз келетін елді және университетті қалай таңдауға болады

Мен университеттерді келесі критерийлер бойынша таңдадым: ел, қала, рейтинг, профессорлық-оқытушылар құрамы, тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге арналған әртүрлі ұйымдар мен мекемелер арасындағы ынтымақтастық және келісімдер, инновациялар және студенттердің белсенді өмір сүру мүмкіндіктері.

Әлемнің кез келген бұрышынан сапалы білім үшін жақсы жеңілдіктер ала аласыз. Мұның бәрі өз қалауыңызға байланысты. Егер сіз Батыс мәдениеті мен идеологиясына жақын болсаңыз, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және ЕО елдерін қарастырыңыз. Мен осы аймақтағы толық қамтылған бірнеше стипендиялық бағдарламаларды атай аламын: Венгрия — Stipendium Hungaricum, Түркия — Turkiye Burslari, Польша — Stefan Banach Nawa, Румыния — Romania Government Scholarship, Италия — Italy Government Scholarship, АҚШ — Fulbright Scholarship, Ұлыбритания — Chevening Scholarship. Егер сіз Азия елдерінде тұруды және оқуды қаласаңыз, тамаша гранттар бар: MEXT — Жапония, GKS — Оңтүстік Корея, SINGA — Сингапур, Chinese Government Scholarship — Қытай.

Жеңілдікті қалай алуға болады

Сізге жеңілдік бере ме, жоқ па, бұл академиялық түйіндемеңізге және сіздің жеке брендіңізге байланысты. Оқу орны, қызмет түрлері, ғылыми конференцияларға қатысу, ұйымдарға немесе үйірмелерге мүшелік, волонтерлік қызмет, университет ішінде және одан тыс қоғамдық белсенділік, жеке жобаларыңыз бен стартаптарыңыз, кәсіби жұмыс тәжірибеңіз, халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуіңіз, мақалалар сияқты фактілер және сіздің зерттеу жұмыстарыңыз көмектеседі.

Өтініш беру құжаттарына ерекше назар аударған жөн: уәждеме хаты, ұсыныс хаттар және зерттеу жоспары. Сіздің өтінішіңізді көргенде, комиссия сіздің инвестицияларға лайық екеніңізді түсінуі керек. Іріктеу кезеңінде мен айтқан факторларға ұпай беретіндіктен, қазірден бастап портфолиомен жұмыс істей бастаңыз.

Ұсыныстар

Тілдерді үйреніңіз. Тілдер — әлемді танудың кілті. Ағылшын тілінен бастаңыз және халықаралық IELTS және TOEFL емтихандарын тапсырыңыз. Белгілі бір елді таңдаған кезде оқуға түсу мүмкіндігін арттыру үшін мемлекеттік тілді меңгерген жөн. Мысалы, Кореяда TOPIK емтиханының жақсы нәтижелерін талап етіледі, Жапонияда — JLPT, Түркияда — TYS, Францияда — DELF, Германияда — DSH, Қытайда — HSK.

Түйіндемеңізді жақсартыңыз, қажет болса Gap Year алыңыз.

Ең бастысы, өзіңізге сенуді тоқтатпаңыз. Құрылымдық даму жоспарын жасаңыз және болашаққа сеніммен қарап, алға жүре беріңіз.


Мирас Сейлхан, 18 жаста, қаласы — Нью-Йорк, студент, @mirasbil

Мирас Сейлхан

Өзі жайлы

Мен «Білім-Инновация» лицейін бітірдім. Оқуды бітіргеннен кейін әлемнің 35 университетіне оқуға түстім. 4,5 миллион доллар сомасындағы грантты ұтып алдым. Мен қазір Нью-Йорк штатында оқимын.

Оқығыңыз келетін елді және университетті қалай таңдауға болады

Университетті таңдаған кезде мен үшін университеттің рейтингі мен оның орналасқан жері басты критерий болды. Қаржылық жеңілдіктер де маңызды еді.

Барлық елдердің жақсы және жаман жақтары бар, бірақ маған АҚШ-тағы білім ұнайды. Мұнда студенттерге барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ халықаралық студенттер үшін жақсы жеңілдіктер қарастырылған.

Жеңілдікті қалай алуға болады

Қаржылық көмектің екі түрі бар: Need based және Need blind.

Need based – студенттің немесе оның жанұясының қаржылық жағдайына байланысты, ал Need blind оқу жетістіктеріне байланысты беріледі.

Ұсыныстар

Сізге алдын ала мотивациялық хат жазуды бастауға кеңес беремін. Бұл — оқуға тапсырардағы негізгі критерий.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.