facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/d6c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/wrq5yzuxr2nug4y4448f0ja3db1hohrt.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shetelde-frilanser-ret-nde-alay-zh-mys-steuge-bolady-bali-aza-stan-zh-ne-italiyada-t-ratyn-mamandar-e-bek-zha-daylary-turaly
logo
Шетелде фрилансер ретінде қалай жұмыс істеуге болады: Бали, Қазақстан және Италияда тұратын мамандар еңбек жағдайлары туралы
Главный (каз)

26.08.2023

Шетелде фрилансер ретінде қалай жұмыс істеуге болады: Бали, Қазақстан және Италияда тұратын мамандар еңбек жағдайлары туралы

Қазақстандағы, Италиядағы және Балидегі фрилансерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әртүрлі елдерде жұмыс істеп, өмір сүрудің артықшылықтары туралы әңгімеледі.


Казахстан

Аслан Балтабаев, 23 жаста, қаласы — Алматы, фрилансер, @bamblasl

Аслан Б

Мамандықты таңдауы туралы

Мен моушн-дизайнермін. Осы салада жүргеніме бес жылдан асты. Мен фриланс туралы блог жүргіземін. 2022 жылы 50 000 доллардан астам табыс таптым.

Фриланске университеттің екінші курсында келдім. Ағам мені After Effects бағдарламасымен таныстырып, ол мені шабыттандырды. Осылайша, YouTube-тен көптеген туториал көріп, қатарынан бірнше күн бағдарламада отырдым. Instagram парақшасын ашып, жұмысымды жариялай бастадым. Соның арқасында маған ақтаулық кәсіпкер хат жазып, кафесіне шағын анимациялар жасауды ұсынды.

Қазақстандағы фрилансерлер туралы

Фрилансер болу үшін сізге кез келген ноутбук пен ынта қажет. Фриланс болу үшін бірдеңені күтудің және өз дағдыларыңызды мінсіздікке жеткізудің қажеті жоқ. Бес жұмыстан тұратын портфолио жасап, тапсырыс қабылдауды бастап кетіңіз. Маған тапсырма берілсе, оны сол кезде жасауды үйрендім.

Фрилансер болу үшін кез келген ноутбук пен ынта қажет

Сондай-ақ клиенттермен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрену керек.

Жұмыс жағдайлары туралы

Соңғы екі-үш жылда Қазақстанда фрилансерлерге жақсы жағдай қалыптасты.

Фриланстың артықшылықтары: әлемнің кез келген жерінен жұмыс істей аласыз, жұмыс кестесін өзіңіз жасайсыз және көп ақша табасыз.

Аслан Б

Кемшіліктерден ақылға қонымсыз әрекет жасайтын клиенттердің болуы деп атар едім. Менің қызметімді қымбат дейтіндер де бар немесе уақытыма салғырт қарап, 100 рет өңдеу жасайтындар да кездеседі. Олармен күресуге болады және ол дұрыс та. Өңдеу тез жасалады деген жаңсақ пікір бар, өйткені сырттан қарағанда біреудің жұмысы оңай көрінеді. Клиенттер біздің де өз кестеміз бар адамдар екенімізді түсінуі керек. Мысалы, мен алғашқы өңдеулердің тегін болатынын, ал әрі қарай қосымша ақы төлену керектігін бірден айтамын.

Еркін жұмыс кестесінің де өз кемшілігі бар: бір күні екі сағат жұмыс істейсің, ал екінші күні — 12 сағат. Кейде нақты жұмыс кестең болғанын қалайсың.

Мықты фрилансер болу үшін артық жұмыс жасамай, өзіңді тыңдау, өмір мен мансап арасындағы теңгерімді таба білк керек. Көбінесе жаңадан келгендер көбірек ақша тапқысы келеді және тым көп тапсырыс алады, сөйтіп күндіз-түні отыра береді. Оған қоса клиенттердің айтқанынан шықпай, үнемі өзіне зиян келтіреді. Бұлай жасауға болмайды.

Жоспарлары жайлы

Мен моушн-дизайндағы дағдыларымды одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын. Мүмкін, дизайн агенттігін ашып, шетелдік нарыққа шығармын.


Италия

Айкен Балғабай, 23 жаста, қаласы — Милан, фрилансер, @ican.pptx

Айкен Балгабай.jpg

Мамандықты таңдауы туралы

Мен фрилансермін және жеке кәсіпкермін. Миландағы магистратураға грант ұтып алдым және оқуымды жұмыспен қатар алып жүрмін.

ҚБТУ-дығ 2 курс студенті ретінде презентация дизайнына тапсырыстар алып, кейіннен бұл дағдыны үйрете бастадым. Университетті бітіргеннен кейін мен фрилансты кеңседегі жұмысыммен ұштастырдым.

Қазір презентацияларды жобалаудағы тәжірибем — бес жыл, ал клиенттерім — ТМД, Дубай және АҚШ-тағы блогерлер мен компаниялар. Сондай-ақ Philip Morris, Coca Cola және Air Astana сияқты ірі халықаралық компанияларда тәжірибем бар.

Италиядағы фрилансерлер туралы

Италияда фрилансер болу үшін сізге виза немесе тұруға рұқсат қажет.

Менің тіркелген жеке кәсіпкерлігім бар, Қазақстанда салық төлеймін. Мемлекеттер арасында қосарланған салық салудан босатылған келісімдер бар. Сондықтан фрилансерлерге жеке кәсіпкерлікті Италияда қосымша тіркеудің қажеті жоқ.

Жұмыс жағдайлары туралы

Қызметтің артықшылығы — толық еркіндікте. Сіздің табысыңыз, тұратын жеріңіз, өмір сүру деңгейіңіз — бәрі сізге байланысты болады. Мен фрилансты жақсы көретін себебім — мен өзімді қызықтыратын жобалар мен клиенттерді таңдай аламын. Икемді жұмыс кестесінің арқасында мен саяхатқа шығып, тіпті ұшақта да жұмыс істей аламын. Фриланс өміріңіз үшін жауапкершілік алуға үйретеді. Мұнда медициналық сақтандыруды, зейнетақы қорын және клиент ағынын қамтамасыз ететін жұмыс беруші жоқ.

Қызметтің артықшылығы — толық еркіндікте

Мамандықтың күрделілігі — тұрақсыз табыс. Қаржыңызды алдын ала жоспарлап, бұған дайын болуыңыз керек. Фрилансерлік қызметке дейін мен компанияларда HR бөлімінде жұмыс істегендіктен, алғашында команданың қолдауынсыз жалғыз жұмыс істеу қиын болды.

Керемет фрилансер болу үшін сізге ақыл-ойдың икемділігі, креативтілік, стандарттан тыс ойлау, жаңа білімге ашық болу, тәуекелге бару және жауапкершілікті қабылдау, нетворкинг және коммуникациялық дағдылар қажет.

Жоспарлары жайлы

Алдағы екі жылда саяхаттауды жоспарлап отырмын. Әр саяхаттан күш жинап, шабыт аламын да, өз жобаларыма кірісемін. Бұл көңіл көкжиегіңізді кеңейтеді.

Сондай-ақ мен фриланстан алған білімім мен тәжірибемді жүзеге асыра алатын digital саласындағы шетелдік жобаларды алғым келеді.


Бали

Александра Сергеева, 30 жаста, Бали, фрилансер, @aleksandrasergeeva888

Александра С

Мамандықты таңдауы туралы

Мен саяхатшы, копирайтермін, сторис сценарисімін, цифрлық көшпендімін.

Маған үнемі екі нәрсе ұнайтын: жазу және саяхаттау. Сонымен бірге 17 жасымнан бастап даяшы, логист, тендер бассқарушысы болып жұмыс істедім. Ал 25 жасымда жұмыстан шығып, енді ешқашан офисте отырмаймын деп шештім.

Балидегі фрилансерлер туралы

Жазуды жақсы көру маңызды. Ал әрі қарай тапсырмалары мен кері байланысы бар курс табу керек болады. Маған алғашқы тапсырыстарды оқытып жүрген кураторым берді. Ол менің үй тапсырмаларыма риза болып, мені бірден жобаға ұсынды.

Егер өзіңізді керемет жазушы деп санасаңыз және «шебер» деңгейіндегі метафораларды білсеңіз, қайта үйренуге дайын болыңыз. Копирайтинг — ең алдымен сату, содан кейін барып қана жақсы оқылатын мәтін.

Оқудан кейін көп жұмыс істеп, аз жалақы алуың мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай. Тек жұмыс істей отырып қана адам сұраныстағы маман бола алады. Осы бағытта жалғастыра берсең, міндетті түрде солай болады, себебі жақсы копирайтерлер аз. Менің жаңа клиенттеріме уақытым жетпейді, сондықтан тапсырыстарды көбінесе әріптестеріме жіберемін.

Мен алғаш рет Балиге келіп, осында жеті ай тұрдым, бір жылдан соң копирайтер болып жұмыс істей бастадым. Сол кезде менің табысым айына 1000 доллар болды, бұл жеткілікті еді. Бүгін бағалар мен сұраныстарыңызды қараңыз.

Жұмыс жағдайлары туралы

Балиде фрилансер үшін жақсы жағдайлар жасалған: тамаша кафелер, жылдам интернет, коворкингтер, бассейндер, фрилансерлер мен кәсіпкерлер жұмыс істейтін және қарым-қатынас жасайтын фитнес залдары бар.

Бір қызығы, бұл арал адамдарды біріктіреді. Бұл жерде кафеде бейтаныс адаммен танысып, жаңа жобаны ойлап табу — қалыпты жағдай. Орыс тілді қоғамдастық үшін көптеген іс-шаралар өтіп тұрады, ол жақтан жаңа клиенттер таба аласыз.

Александра С

Мамандықтың артықшылықтары:

— бұл кәдімгі мағынадағы «жұмыс» емес, шығармашылық

— саяхатқа шығу

— жұмыс кестеңді өзің жасайсың

— егер көбірек ақша тапқың келсе, көбірек жоба аласың

— өзіңе өзің бастықсың

Қиындықтары:

— алғашқы екі жыл мен демалысқа шықпадым, демалыс күндері де жаздым, өйткені табысым соған байланысты болды

— айналаң тропик және «демалыс атмосферасы» болғандықтарн, ойыңды бір жерге шоғырландырып, тапсырмаларды орындауға отыра алмауың да мүмкін

— менде ондай болған жоқ. Бірақ кейбір әріптестерім ақыларын алмағанын білемін, сондықтан шартпен және аванспен жұмыс істеген дұрыс.

Фриланстағы мықты копирайтер болу үшін жазуды жақсы көру маңызды. Алғашқыда қайта-қайта түзетулер болатынына дайын болыңыз. Бір постқа төрт сағат кетуі мүмкін. Дегенмен біз осылай үйренеміз.

Барлық мамандықтағы сияқты, мұнда да жауапкершілік қажет

Барлық мамандықтағы сияқты, мұнда да жауапкершілік қажет. Егер сіз мәтіндерді жақсы түрлендірумен жазсаңыз, уақытылы тапсырып отырсаңыз, тұтынушының қалауын тыңдасаңыз, сізді бұл жобадан жібермейді. Уақыт өте келе бағаңызды көтеруіңізге болады. Өйткені жақсы копирайтер аз кездеседі. Жалпы мен өзім үшеуін ғана білемін және олардың ешқайсысы жаңа клиенттерді қабылдамайды.

Жоспарлары жайлы

Мен мүмкіндіктерімді кеңейтуді ойлап жүрім және кейбір тапсырмаларды бөліп беруге тырысамын. Өзім де керемет копирайтерлер іздеп жүрмін. Бәлкім, басқаларға оқыту ұйымдастырармын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.