facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/2bf/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/2bf1a8bae688bd89ececb6adbb67be7b.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
sen-m-zh-ne-ta-ylym-ata-analardy-p-k-r-boyynsha-atyrauda-y-zd-k-mektepter
logo
«Сенім» және «Тағылым»: ата-аналардың пікірі бойынша Атыраудағы үздік мектептер

21.07.2019

«Сенім» және «Тағылым»: ата-аналардың пікірі бойынша Атыраудағы үздік мектептер

«Сенім» жекеменшік мектебі

Гүлнар Джазбаева, 41 жаста, туған қаласы — Алматы, заңгер

«Сенім» және «Тағылым»: ата-аналардың пікірі бойынша Атыраудағы үздік мектептер


Мектепке түсу жайында


Біз алғаш рет «Сенім» мектебіне достарымыздың кеңесі бойынша 2016 жылдың тамыз айында келдік. Директормен кездесіп, мектептің инфрақұрылымын қарап шықтық, қабылдауға өтінім қалдырып кеттік.

Оқушының портфолиосы үшін келесі құжаттар қажет: баланың және ата-ананың жеке құжаттары, мекенжай анықтамасы, ата-анының жұмыс орнынан алынған анықтама, баланың егу бойынша картасы, дәрігерлік тексерістен өткені жайында жазбалары бар денсаулық төлқұжаты, жеке ісі. Бізге мектеп формасы, оның қай ательеді тігілетіні жайында айтып берді.

Балаларымның жеке өміріне, күнделікті әуестеріне қатысты жеке пікірлерін есепке аламын. Экскурсиядан кейін қызым жекеменшік мектепті таңдауға оң көзқарас танытты және оқу жылының басын асыға күтті.

Біз мектептің қорына 80 000 теңге көлеміндегі бір реттік жарнаны енгіздік және ай сайын 80 000 теңге төлеп отырамыз.


Артықшылықтары мен кемшіліктері жайында


Мектептің артықшылығы – оқуға арналған жайлы жағдайлар: сыныпта оқушылар санының аз болуы, жақсы инфрақұрылымы, үй жұмысын баламен орындайтыны, тамақтану және күтім.

Жекеменшік мектепте білімнің сапасы жоғарырақ болады. Жекеменшік мектепте ғана оқушымен жеке жұмыс істейді.

Жекеменшік мектепте жұмыс істейтін ата-аналар үшін жақсы жағдайлар жасалады. Біз баланың қауіпсіздігі үшін алаңдамаймыз, себебі ол таңғы сегізден кешкі жетіге дейін мектепте болады. Тағы бір басты артықшылығы – тегін және ақылы үйірмелердің болуы. Ата-аналардың барлығы жұмыстан кетіп, баланы қосымша сабақтарға апару мүмкіндігіне ие бола бермейді.

Мұғалімдер «ұстаз – ата-ана» арасындағы байланысты белсенді түрде дамытып отырады


Мұғалімдер «ұстаз – ата-ана» арасындағы байланысты белсенді түрде дамытып отырады. Біз баланың мінезі, оның мықты жақтары туралы, білімге қатысты кез-келген сұрақтарды талқылаймыз.

Жекеменшік мектептің қызметкерлері оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін байқап, дамыта алады. Менің қызым әртістік қасиетке ие, өлеңдерді мәнерлеп оқиды, көшбасшылыққа талпынады. Оны мектептегі іс шараларға жүргізушісі ретінде жиі таңдайды. Бұл сахнадан қорықпай, өзіне деген сенімділігін арттырады.

«Сенім» мектебінде әртістер мен сиқыршылардың қатысуымен қызықты іс шаралар өткізіледі. Бұл жалпы білім беретін мектептердегі дәстүрлі іс-шаралардан ерекшеленеді.

Кемшілік ретінде мұғалімдердің бейілділігін атар едім. Ұстаздар оқушыларға сүйіспеншіліктерін танытады, оларға басымдық көрсетпейді. Бұл тәртіпке әсер етеді.



«Тағылым» жекеменшік мектебі

Айгүл Өмірғалиева, 37 жаста, туған қаласы ― Қостанай, үй шаруасындағы әйел

«Сенім» және «Тағылым»: ата-аналардың пікірі бойынша Атыраудағы үздік мектептер

Мектепке түсу жайында


Ұлым мемлекеттік мектепте оқыды, бірақ оқу жылының соңында жекеменшік мектепке ауысуды қалады. Жекеменшік мектеп білімінің деңгейін көтереді деп түсіндірді.

Біз мектеппен танысып, басшылығымен сөйлестік, оқу сыныптарын және сахананы қарап шықтық, мұғалімдерімен таныстық. Бізді мектептің таныстырылымы және әкімшілігі таң қалдырды. Бізге барлық артықшылықтарды көрсетіп, айтып берді.

Ай сайынғы төлем — 90 000 теңге.


Артықшылықтары мен кемшіліктері жайында


Бізге мұғалімдердің оқушылардың қызығушылықтарына деген жеке қатынасы ұнады. Ұлым математика пәні бойынша мықты және бірінші күндерден бастап мұғалім тест өткізіп, оның білімін бағалады. Бұдан кейін олар бір тоқсанға жұмыс кестесін құрып, оның мықты жақтарын дамыта бастады. Қазірде ұлымыз математикалық есептерді шешу бойынша дағдыларын әлдеқайда жақсартты.

Әрбір ата-ана баласының тамақтану қамын ойлайды, сол себепті асханаға деген талаптар жоғары болады


Әрбір ата-ана баласының тамақтану қамын ойлайды, сол себепті асханаға деген талаптар жоғары болады. Жекеменшік мектептің бюджеті әлдеқайда жоғары, сол себепті олар оқушылар үшін сапалы тамақтануды ұйымдастыра алады.

Мектепте әртүрлі үйірмелер бар, балалар соларға қатысып, ғылыми жобаларға және олимпиадаларға дайындалады. Қазірде ұлым алғашқы ғылыми жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.