Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
saratov-alasynda-y-aza-tar-nege-aza-yzdaryna-ylened-zh-ne-anday-d-st-rlerd-stanady

Саратов қаласындағы қазақтар. Неге қазақ қыздарына үйленеді және қандай дәстүрлерді ұстанады
989

04.02.2019

Саратов қаласындағы қазақтар. Неге қазақ қыздарына үйленеді және қандай дәстүрлерді ұстанады

Қайрат Сұлтанғалиев, 22 жаста, туған қаласы — Саратов, Саратов облыстық өнер колледжінің студенті

789.JPG

Мен өмір бойы Саратов облысында тұрып жатырмын. Облыстан қалаға оқу үшін келдім және осында тұрақты негізде тұрып жатырмын. Музыкамен айналысамын, Саратов облыстық өнер колледжінің эстрада бөлімінде оқып жатырмын. Сонымен қатар банкеттерде қызмет етемін, ән айтамын, диджеингпен айналысамын. Елдің басқа аймағына кету жоспарымда бар, Қазақстанға көшіп кетуді де қарастырып жатырмын. Мен үйленгенмін, әйелім де қазақ.

Маған адамдардың, әсіресе жастардың ұлттық дәстүрлерге деген талпыныстары ұнайды. Саратов облысындағы қазақтардың басым бөлігі қазақ тілін білмейді, олардың қатарында мен де бармын. Менің ойымша біздің қаламыздағы қазақ жастары өзінің тарихын, отбасы тарихын білуге талпынбайды. Осыдан тілге деген қызығушылық аз. Бірақ қарама-қайшы тұлғалар да кездеседі. Белсенді, білімді қазақ жастарын көбірек көргім келеді және бұнымен айналысу қажет.

Маған адамдардың, әсіресе жастардың ұлттық дәстүрлерге деген талпыныстары ұнайды

Біздің қалада жастармен, іс-шараларды ұйымдастырумен, оқыту жобаларымен айналысатын адамдар қоғамдастығы бар. Мысалы, Тамашева Жазира Аралқызы қазақ тілінен сабақ береді, домбыра тартады, ән айтады, немесе Утешев Ерболат Темерболатұлы «Достар» қазақ мәдениеті мен спортын дамытатын қордың негізін салды. Бұл адамдар шынымен көп нәрсе істеді және Саратов облысындағы қазақ мәдениеті мен жастарын дамыту үшін көп нәрсе істеп жатыр. Мен Наурыз сияқты қазақ іс-шараларына қатысып көрдім. Қазақтар әрдайым жақсы қарсы алады және бұл қуантады.

Мен Қазақстанда бір де бір рет болған емеспін, бірақ көктемде әйеліммен Алматыға баруды жоспарлап жатырмыз. Өткен жылы мен Мәскеуде өткен «Алтын күз» байқауына қатыстым және Алматы қаласына сапарды ұтып алдым. Маған Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына барып, ұстаздардың шеберлік кластарына қатысу мүмкіндігі берілді.

Менің ойымша қазақстандықтар саратовтық қазақтардан металитеттерімен, әдеттерімен, әдет-ғұрыптарымен ерекшеленеді. Біз көп нәрселерді орыс тұрғындарынан бойымызға сіңірдік.



Әсел Тюлегенева 28 жаста, туған қаласы — Саратов, сатушы-кеңесші

790.jpg

Мен Саратовта 14 өмір сүріп жатырмын, ал Саратов облысында өмір бойы тұрып жатырмын. Мен жалғыздықты, кітаптарды және тыныштықты жақсы көремін.

Мен Қазақстанда жылына бір рет болып тұрамын, Орал және Ақсайдағы туыстарыма барып тұрамын. Жеті жыл бұрын, университетті бітіргесін менде Астанаға көшу ниетім болды. Бірақ соңғы мезетте ойымнан айнып қалдым, себебі ресейлік азаматтығымнан айырылуға дайын болмадым. Оған қоса менің ата-атам Ресейде тұрады. Қазірде мен шетелге көшіп кету жайында ойлап жатырмын, бірақ қайда екенін әлі шешкен жоқпын.

Мен қазақ салт-дәстүлерін аз білемін. Әрине, біз дастархан, садақа, бешбармақ, сүйінші, көрімдік, қуырдақ дегендерді білеміз. Бірақ тәжірибе жүзінде қазақ тілін білмейміз. Менің анам Орал қаласынан, сол себепті балабақшаға дейін мен қазақ тілінде сөйлейтінмін. Қазірде мен оны түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын. Мен Астанада болғанда, тілдік кедергілерім бар екенін түсіндім. Бірдеңені акцентпен айту және қазақ сөздерінің дұрыс айтылымын білмеу ұят.

Мен қазақ әндерін тыңдауды ұнатамын

Саратовта мен ұлттық іс-шараларға бармаймын және туыстарымнан басқа қазақтармен қарым-қатынасқа түспеймін. Біздің қалада «Достар» қазақ қауымдастығы бар. Сонымен қатар бізде қазақ жастарын жинайтын қазақ әндері қосылатын кештер ұйымдастыратынын білемін. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді «Подслушано казахи Саратова», «Ищу тебя КЗ Саратов» белсенді топтар бар — мен оларға жазылдым және кейбір кезде қызығушылықтан кіріп отырамын.

Мен қазақ әндерін тыңдауды ұнатамын, әсіресе КешYou тобының «Туған жер» әні ұнайды. Олар айтып жеткізуге болмайтын әсер қалдырады.

Менің ойымша, Ресейдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар арасында айырмашылықтар бар. Әсіресе оңтүстік Қазақстан аймақтарын алсақ. Ресейдегі қазақтар орыстанып кеткен, біз тілді, мәдениетті білмейміз. Қазақстанда барлығы басқаша, сол жерде салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды ұстанады.



Тимур Нугманов, 26 жаста, туған қаласы — Волгоград, «РТЖ» ААҚ қызметкері, жаттықтырушы, оқытушы

99.jpg

Мен Волгоград облысында тудым, Ростов-на-Дону жерінде оқыдым, ал Саратовта үш жылдай тұрып жатырмын. Мен № 154 жолдық машина станциясының өндіруші-техникалық бөлімінің басшысы қызметін атқарамын. Хоббиім ретінде қоян-қолтық ұрыс бойынша жаттықтырушымын.

Өкінішке орай, туған тілімді оқып үйренуді жақынарада бастадым. Бірақ біз отбасымызда салт-дәстүрлерді сақтаймыз, ата-бабаларымыз бен мәдениетімізді құрметтейміз. Әкем кішкентаймыздан руымызды және жеті атамызды білуді үйретті.

Менің пікірімше, Саратов қаласындағы жастар өздерінің шығу тектерін білуді ұғынып жатыр. Мен Саратов қаласында қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтап, қолдау саласындағы белсенді қайраткер ретінде Айвара Азаматқызын білемін. Сонымен қатар қалада тілдік курстар қызмет етеді. Қазақ қауымының белсенділігі жайында мен әлеуметтік желілер арқылы білемін. Жұмысымдағы жиі іссапарларға байланысты мен іс-шараларға әрқашан қатыса алмаймын.

Тойға қатысты жастардың басым бөлігінің заманауи үрдістері мен көзқарастарына қарамастан, мен және қалыңдығым негізгі дәстүрлерді сақтауды жөн көрдік. Және мен бұны дұрыс деп санаймын. Менің қалыңдығым Рахима қатал қазақ отбасында тәрбиеленген, сол себепті ол сыпайы, еңбекқор және жұмсақ мінезді. Бұның өзінде ол нағыз шығыстық мінезге ие. Келешекте де балаларды тәрбиелеу барысында мен ұлттық дәстүрлерімізді ұстануды жөн көремін, себебі атамның «Бала тәрбиесі — бесіктен» деген сөзі есімде жақсы сақталған.

Ресейдегі әрбір қазақ туған қазақ мәдениетіне жақын болуға тырысады

Менің туған ауылым Кайсацкое Қазақстанның шекарасынан 200 метр қашықтықта орналасқан, бірақ мен өзімнің тарихи отанымда болып көрген жоқпын. Биыл Астанаға баруды жоспарлаған едім, бірақ жеткен жоқпын. Көшіп кету жайында бінеше рет ойладым. Бірақ бұл тек ойлар ғана.

Әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығып, жаңалықтарды оқып, Қазақстандағы танымал тұлғалар жайында хабардар болуға болатыны қуантады. Ресей және Қазақстан жастары жайында айтар болсам, біз қатты ерекшеленбейміз деп ойлаймын.

Менде Саратов қаласындағы жастар жайында әсерім жақсы. Мен әртүрлі адамдармен кездестім және қалада лайықты қыздар мен жігіттер бар деп айта аламын. Қандай жағдай болмасын, Ресейдегі әрбір қазақ туған қазақ мәдениетіне жақын болуға тырысады.