facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/ccf/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/ccfedab1c595214e3c31e8966b8df88b.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
sanzhar-bo-aev-ital-yandy-n-mge-ara-anda-sapaly-otandy-zhi-az-nd-ru-zhayly
logo
Санжар Боқаев итальяндық өнімге қарағанда сапалы отандық жиһаз өндіру жайлы

Санжар Боқаев

37 жаста, туған жері — Алматы, кәсіпкер 

16.02.2020

Санжар Боқаев итальяндық өнімге қарағанда сапалы отандық жиһаз өндіру жайлы


Барлығы қалай басталды


SanzharBokaev(3).jpg

Мен көп уақыт бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Жастар саясаты басқармасын, кейін Алматы қаласының ішкі саясатын басқардым. Президент Әкімшілігінде, ұлттық компанияларда жұмыс істедім.

Бір күні үйіме үстел таңдап жүрдім. Итальяндық салонға кіріп, ұнаған үстелімнің бағасын көрдім. Кішігірім үстелдің бағасы 300 000 теңгеден жоғары болды. Сатып алайын деп жатқанда, оны өзіме жасап шығу ойыма келді. Бизнес-жоба жасап, 200 шаршы метрлік орынды жалға алып, екі маманды қызметке алдым. Оларды оқыттым. Бұл сала нарықта әлі бос екенін көрдім.

Біз бастаған кезде барлығында сенімсіздік болды

Біз бастаған кезде барлығында сенімсіздік болды. Жақындарым мен сияқты мемлекет жанындағы секторда өмір бойы жұмыс істеген, саяси ғылымдар докторының өндіріске кетуі қаупті деді. Бірақ кәсіптегі тәжірибе әр мемлекеттік қызметкерге маңызды деп ойлаймын. Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламаларды көбінесе бұл салада тәжірибесі жоқ адамдар жазады. Бұл дұрыс емес.


Кәсіп жайлы


Біз елордада екі жыл бойы fashion-жиһаз бағытын дамытып жатырмыз. Премиум-санатындағы жиһаздарды тек Италияда өндіреді деген түсінік қалыптасқан. Бірақ осы уақыт аралығында біз төрт бесжұлдызды қонақ үйлердегі итальяндық жиһазды өз өнімдерімізге ауыстырдық. Жиһазды Италия компанияларынан екі жарым есе арзан және төрт есе тез өндіреміз. Барлық ақша еліміздің ішкі экономикасында қалады, яғни импорт алмастыру жүйесі жүзеге асады.

SanzharBokaev(6).jpg

Бүгінгі күні біздің компания — елордадағы ең үздік. Компанияның миссиясы — әр үйде талғамның болуы. Біздің балаларымыз таңертең біртипті интерьерде емес, креативті атмосферада оянғанын қалаймын.

Бүгінгі күні біздің компания — елордадағы ең үздік

Екі ай бұрын Алматыда бізге сай өндіріс базасын тауып, компанияның бір бөлігін сатып алдым. Қазір бізде бизнес-процесстерді ауыстыру, маркетингтік стратегияларды жүзеге асыру және қызметкерлерді оқыту жұмыстарымен айналысудамыз.

Мұнда біз үлкен өнімдерді шығарамыз. Бұл корпустық жиһаз: ас үй, дәліз, шкафтар. Оны Алматы және Алматы облысы бойынша тікелей тапсырыс берушілерге жеткіземіз.

SanzharBokaev(1).jpg

Қазіргі таңда бізде 120 адам жұмыс істейді. Бір айда 250 ас үй жиһазы мен 100-ден аса басқа жиһаз түрлерін жинаймыз. Зиянды материалдардан бас тартамыз, оларды экологиялық таза заттарға алмастырамыз. Біздің цехтар 0,1 миллиметрге де қателеспейтін қаладағы ең дәл құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ біз қалдықсыз жұмыс істейміз. Жиһазды жасау кезінде көп қалдықтар қалады. Бұрын біз оларды тастайтынбыз, ал қазір олардан орындық пен сөрелер жасаймыз. Кейін оны клиенттерімізге сыйлаймыз.

Клиенттер үшін басты құндылық — экологиялық тазалық және сапа.


Қиындықтар жайлы


Өндіріс — қиын бизнес-процесс.

Елордада сатуды бастаған кезде, адамдар біздің отандық өнімді ұсынып жатқанымызға сенбеді. Клиенттер мәдениетті тұрғыда Қазақстанда сапалы және стильді өнім шығаруға болатынына дайын болмады. Қазақстандықтарға үстінен ақша төлеп, импорттық тауар сатып алғандары жеңілірек.

SanzharBokaev(5).jpg

Өткен екі жылдың ішінде жабылуға таяу болған кезеңдеріміз де болды. Бірақ мен әрқашан өз резервімнен адамдарға жалақы беріп, жұмысты жалғастыратындай шешімдер табатынмын. Қазақстандағы өндірістің проблемасы — біздің өз-өзімізге сенбеуіміз. Итальяндықтар, не қытайлықтардан да сапалы тауар жасай алмаймыз деп ойлаймыз. Бірақ бұл мүмкін, егер құлшынысың мен шешу жолдарды таба білсең. Мысалы, жиһаз жасау үшін керекті шикізаттың барлығын елде табу мүмкін емес. Бұл — өндіріс жасау үшін бос бағыттар.

Қазақстандағы өндірістің проблемасы — біздің өз-өзімізге сенбеуіміз

Тағы бір үлкен қиындық — кадрлар. Нарықта жақсы ұста, сырлаушы, ағаш шеберлерін табу қиын. Мамандарды қайта оқытуға тура келеді.


Жұмыста не көмектеседі


Қызметкерлерді оқытуға, құрал-жабдықтарды сатып алуға, бизнес-процесстерді бір жүйеге келтіруге жарты жыл уақыт кетті. Алты айдан кейін өнім шығара бастадық. Нөлге тек жарты жылдан кейін ғана шықтық. Сонда бизнесті бір бағытқа қоюға жалпы бір жарым жыл кетті.

Ешқандай бизнесті тек ақша табу үшін істей алмайсың, басқа да мақсаттар болу керек. Егер сен адамдарға пайдалы нәрселерді жасасаң, бизнес-процесстер өздігінен бір жолға түседі.

Сондай-ақ сатылған өнімдерге сараптама жасайтын арнайы құралдарды қолданамыз. Әлеуметтік, экономикалық индикаторларды талдаймыз. Осыдан шыққан нәтижелерге сәйкес бір қаладағы бірнеше сату орындарында өзіміздің өнімімізді нарыққа ұсынамыз.

SanzharBokaev(2).jpg

Сатылым аз болған кезде түрлі қадамдарға бардық. Мысалы, сатып алушыларға тауардың Қазақстанда жасалғанын айтқан жоқпыз, сол кезде олар тауарды сатып алатын. Бір кездері бізге итальяндық компания хабарласып, біздің тауарды сатып алып, өз бағалары бойынша сатқысы келетінін айтты. Біз бұған да келістік.

Ешқандай бизнесті тек ақша табу үшін істей алмайсың

Ақырындап елордадағы жұмыс форматын B2C-дан B2B-ға ауыстырдық. Енді тек компанияларға арнап тауар жасаймыз. Физикалық тұлғаларға тауар өндіру әлі тиімді емес.

Біз екі қалада екі түрлі бағытты дамытудамыз. Алматыдағы өндіріс көлемі жағынан пайда алып келеді. Ал Нұр-Сұлтандағы премиум-бөлігі — үлкен маржа мен нарықтағы бәсекелестердің жоқтығынан пайда әкеледі.

SanzharBokaev(4).jpg

Жұмыс істеу барысында бизнесте тек басқару ғана емес, сенің таза ниетін мен өз ісіне деген сенімін көбірек көмектесетініне көзім жетті.

Өндіріс — кез-келген мемлекеттің экономикасының негізі. Ірі емес өндірістерді ашып, оны қолдау маңызды. Егер біз ішкі қажеттіліктерімізді өзіміз жабатын болсақ — тәуелсіз және мықты боламыз. Сондықтан осы сала бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама жазу жоспарымда бар.

Біз жаңа өнімдерді шығарғымыз келеді. Тиімділік пен өндіріс мәдениетін арттыру үшін өндіруге кайдзен жүйесін енгізгіміз келді. Сондай-ақ Алматыда да премиум-санатындағы жиһаздар жобасын енгізу жоспарымызда бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.